Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

5 ақпан 2014 - ӘСЕЛ
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушыларға сөз тіркесінің байланысу тәсілдері туралы түсінік беру. Интоноцияның байланысу тәсілдерін түсіндіру. Білімдерін кеңейту.

ә)дамытушылық: оқушыларға сөздердің байланысу тәсілдерін меңгерту арқылы сөздерді байланыстырып жазуға үйрету. Интоноциялық байланыстың ерекшелігін ұғындыру.

б) тәрбиелік: қазақ тілінде сөздерді дұрыс байланыстырып жазуға үйрету.

Көрнекілігі: слайд,

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, семантикалық картаСТО

Пәнаралық байланыс: әдебиет оқулығы

 Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

А)оқушылармен сәлемдесу

Ә)оқушыларды түгендеу

Б)тәртіп, тазалық

ІІ.  “Білемін” бөлімінде:

   Өткен тақырыптарға шолу сұрақтар болады.

Қайталау сұрақтары:

  1. Қазақ тілінің қай саласын өтіп жатырмыз?
  2. Синтаксиис нені зерттейді?
  3. Сөз тіркесі дегеніміз не?
  4. Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата!
  5. Сөз тіркесінің түрлерін ата!
  6. Сөз тіркесі бола алмайтындар!
  7. Олардың бір-бірінен айырмашылығын ата!

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөз дегеніміз- зат пен құбылыстың атауы. Мысалы: кітап, дәптер,қалам, терезе, т.б. Бұлар –сөз. Осы сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір ойды білдіреді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түскенде төрт түрлы тәсіл арқылы байланысады.

1.Жалғаулар арқылы

2. Шылаулар арқылы

3.Орын тәртібі арқылы

4.Интонация арқылы

«Миға шабуыл» әдісі

Қазақ тілінде неше жалғау бар? Оларды ата

Енді сөздер жалғау арқылы қалай байланысады екен?

Мысалы: Өй, Сүйіндік, сен ақылды мына Дәркембайдан сұрасаң етті.

Бұл сөйлемде сен сұрасаң етті- сұрасаң ІІ жақ жекеше жіктік жалғау –ң арқылы

Ақылды сұрасаң етті- ақылды сөзіндегі ды- табыс септік жалғауы.

Дәркембайдан сұрасаң етті- Дәркембайдан сөзіндегі –дан шығыс септігінің жалғауы арқылы байланысқан.

 

Сөздер шылаулар арқылы байланысады.

«Ой қозғау» Шылау туралы өткен тақырыпты еске түсіру.

Атасы мен немересінің күні бойы серуендеуіне мүмкіндік туды. (Б.Момышұлы) Мен-жалғаулық шылау.

Біраз бой жазу үшін сыртқа шықтым. Үшін-септеулік шылау.

Осы мысалдардан сөз тіркесін табу. Сыңарын тауып, тіркес түрін анықтау.

Орын тәртібі арқылы байланыс-сөздердің қатар тұрып ешбір жалғаулықсыз байланысуы.

Алтын сәуле су бетінде еркін ойнайды. (Қ.Қамбаров) –Мұнда алтын деген сөз сәуле сөзімен (алтын сәуле), еркін деген сөз ойнайды сөзімен (еркін ойнайды) тек орын тәртібі арқылы байланысқан.

Сөздер сөйлемде интонация арқылы арқылы байланысады. Интонация-дауыс ырғағы арқылы байланыс. Интонация арқылы байланысқан сөздер сөйлем болады.

Мынау- менімен ауылдас жігіт. Мынау жолдасым жұмысқа түсе алмай жүр екен. (Ғ.Мүсірепов) Алғашқы сөйлемде мынау деген сілтеу есімдігінен кейін сәл кідіріс жасалып,іргелес тұрған сөзден дауыс ырғағы арқылы бөлініп айтылады. Соның нәтижесінде ол кім? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бастауышы болады. Екінші сөйлемдегі мынау сөзі жолдасым деген сөзбен дауыс ырғағы арқылы ұласып, мынау жолдасым деген түрде бір леппен айтылады.  Соның нәтижесінде қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болады…

IV. “Зерттей аламын”

 Оқулықпен жұмыс

222- жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып шығып, мәндерін түсініп алыңдар. Әрбір сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен грамматикалық байланысына қарай бөлек-бөлек көшіріп жазып, байланысу түрлерін анықтаңдар.

Ел іші алтын бесік. Елдің іші-жалғаулық арқылы байланысқан, дің-ілік септігінің жалғауы жасырын келіп тұр. Алтын бесік-орын тәртібі арқылы байланысқан. Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол. Кісінің елінде-ілік септігінің жалғауы нің-жасырын тұр, жалғау арқылы байланысқан, сұлтан болғанша- орын тәртібі арқылы байланысқан. Өзіңнің еліңде- ілік септігінің нің жалғауы арқылы байланысқан,ұлтан бол-орын тәртібі арқылы байланысқан. Ат айналып қазығыын табар, ер айналып елін табар. Ат айналып- орын тәртібі арқылы,қазығын табар- жалғау арқылы, ер табар-орын тәртібі, елін табар-жалғау арқылы. Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды. Сағынған аңсайды-орын тәртібі арқылы, елін аңсайды- жалғау арқылы,қаз көлін аңсайды-жалғау арқылы. Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас. Елінен безген-жалғау арқылы, ер оңбас-орын тәртібі арқылы, көлінен безген-жалғау арқылы,қаз оңба с-орын тәртібі арқылы. Айырылған азады,қосылған озады- орын тәртібі арқылы. Кеңесіп пішкен тон келте болмас- кеңесіп пішкен- орын тәртібі, келте болмас-орын тәртібі арқылы.

V. “Білдім” бөлімінде:

1.Бірінші топтағы сөздерді екінші топтағы сөздердің тіркесімділік ыңғайына қарай сөз тіркесіне айналыңдар да,қандай тәсіл арқылы байланысып тұрғанына түсінік беріңдер.

І.Жазық, бөлінген, мұны, баланың, мамандыққа, көпір арқылы, өндірістік, біз,үйге шейін, машинамен, жұмыстан.

ІІ.Үлескі, дала, естіген, баулу, бас агрономы, бригада, бригада,өту, жүгіру,құрылысшымыз, бару, келу.

 

2. Берілген сөйлемдерден  интонация арқылы байланысты тап.

 Мынау-аң патшасы арыстан

Мынау арыстан мен патша

Марқакөл қорығы-Шығыс Қазақстанда

Шығыс Қазақстанда Марқакөл қорығы орналасқан.

Бексұлтан-  қой фермасының бастығы

Бексұлтан қой фермасын басқарады.

 Біздің мақсатымыз- орманды өз ауданымызға тарту

Орманды өз ауданымызға тартуды мақсат етудеміз.

 Бұл –менің туып-өскен жерім

Менің туып-өскен жерім

 

 

 

 

 

VІ.“Білгім келеді” бөлімінде:

  1.  Семантикалық карта

 

 

Мысалдар

Жалғау арқылы

Шылау арқылы

Орын тәртібі арқылы

Интоанция арқылы

1

Мен оқушымын

+

 

 

 

2

Асан-оқушы

 

 

 

+

3

Алыс жер

 

 

+

 

4

Мұрат-ақын

 

 

 

+

5

Мектепке келу

+

 

 

 

6

Отан үшін отқа түс

 

+

 

 

7

Бұл-картаға түспеген жер

 

 

 

+

8

Машина үшін мен жауап беремін

 

+

 

 

9

Қарағайлы шатқал

 

 

+

 

10

Марқакөл-Шығыс Қазақстандағы ең жақсы қорық

 

 

 

+

 

  1. Венн диаграммасы                   

Овал: Интонация арқылы байланысқан сөздер сөйлем болады.Овал: Сөздерді    байланысты-радыОвал: Жалғау арқылы
Шылау арқылы
Орын тәртібі арқылы
Байланысқан сөздер сөйлем бола алмайды.             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VII. Үйге тапсырма: 221-жаттығу

 

«Сүйікті пәнім» сөздердің байланысу тәсілдерін қатыстырып мәтін құрау.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліОдағайға байланысты қойылатын үтір

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096920

Пікірлер (4)
сая # 11 қаңтар 2015 в 18:21 0
сабағыңыз өте ұнады, тыңғылықты жасалған.
нет # 22 ақпан 2016 в 18:35 0
асел # 5 сәуір 2015 в 16:55 0
оте нашар
канат # 19 желтоқсан 2015 в 16:04 0

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар