Сөз таптары бойынша қайталау

7 қаңтар 2016 - Ayapbergen Nugmanov

Қазақ тілі пәнінен кіріктірілген сабақ

Сөз таптары бойынша қайталау

(6 – сынып)

 

         Қ.Х.Нугманова

БҚО, Бөрлі ауданы,

Ақсай каласы №3 ЖББ  орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті және «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

 

Сабақтың білімділік мақсаты:сөз таптарынан өткенді қайталай отырып, оқушылардың алған білімін саралау, сөз таптарынан алған білім дағдыларын өз бетінше жаттығу жұмыстарында еркін қолдануын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты:сөз таптарынан алған білім, білік дағдыларын шығармашылықпен пайдалану, оның жасалу жолдары мен құрылымындағы ерекшеліктерді әдеби шығармаларда қолдану, тестік жұмыстарда пайдалану, ойлау қабілетін дамыту, сауатты жазуға машықтандыру.

Тәрбиелік мақсаты:мақал-мәтел, ұлттық әдет-ғұрыпқа қатысты жаттығулар арқылы адамгершілікке, ұлттық асыл қасиеттерді, тілі мен дінін сүюге үйрету.

Пәнаралық байланыс:әдебиет, өзін-өзі тану.

Жүргізу әдісі:қайталау, сұрақ-жауап, талдау, тестік, дидактикалық материалдар арқылы топпен жұмыс.

Көрнекілігі:слайд, таблица, карточка, ребус, сөзжұмбақ, ұлылар суреті.

Сабақ барысы.І. Жүргізуші сөзі

«Қайталау – оқу анасы» —

Мақалдың ішіндегі данасы.

Білімді берік игерсең,

Ешкімнің жоқ таласы.

Қазаққа жан жетер ме,

Тапқыр халық не деген!

Тілін қазақ бекерге

Ана тілім демеген, —

дегендей, бүгінгі біздің қайталау сабағымызға «Сұңқар», «Тұлпар», «Ғарышкер» топтары қатысады. (Олар топ-тобымен дөңгелене отырады).

ІІ. Топтардың таныстыруы

«Тұлпар» тобы (хормен)

Тұлпарымыз тұяғы асыл болаттан,

Жақсылыққа әрқашан да қол артқан.

Жалғасымыз бабалардың мәңгілік,

Батыр етіп Алла өзі жаратқан.

Топ жетекшісі: «Тұлпар» қазақ халқының ежелден өмір тіршілігіне тіреу болған жылқының төресі. Жылқы жасына қарай құлын, тай, жабағы, құнан, дөнен, бесті болып бөлінеді.

Батырлардың қанаты аталған жылқыны тұлпар деп атаймыз. Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Ақан серінің Құлагері, Райымбек батырдың Көкойнағы.

«Сұңқар» тобы (хормен)

Сұңқармыз самғаған құзар биікке,

Жеткізген тәуелсіздік пен билікке,

Талмайды қанатымыз самғаудан

Көк аспанды өз еркіне иіп те.

Топ жетекшісі: Сұңқар жасына қарай былай аталады:

1 жас – балапан, 2 жас – қантүбіт, 3 жас – тірнек, 4 жас – тастүлек,          5 жас – мұзбалақ, 6 жас – көктүбіт, 7 жас – қана, 8 жас – жана, 9 жас – майтүбіт, 10 жас – баршын, 11 жас – шөгел, 12 жас – барқын.

«Ғарышкер» тобы (хормен)

Ғарышкерміз кеткен даңқы алысқа,

Туған жерді кенелтіп мол табысқа.

Қазағымды әлемге бүгін танытып,

Айналмақпыз алтын тонды барысқа.

Топ жетекшісі: Тұңғыш рет ғарышқа 1961 жылы 12-сәуір күні Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин ұшты. 108 минутта жерді бір рет айналды.

Осынау дүниені дүр сілкіндірген ғажайып оқиға байырғы қазақ жері Байқоңырда болды. Қазіргі кезде бұл аймақ ғарышкерлер ұясына айналды. Осы жерден қазақ ғарышкерлері Тоқтар мен Талғат ағамыз қазақ елінің ерлік пен киелі қасиетін танытып, ғарышқа самғады.

Жүргізуші сөзі: — Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, қазақ тілі жерінде, морфология елінде, «Сөз табы» деген асыл қария өмір сүріпті. Оның дүниені дүркіреткен тоғыз ұлы болыпты. Күндердің күнінде қазақ тілі жерін басқыншылар жаулап алып, олардың өсіп-өркендеуіне көп кедергі келтіріпті. Бipaқ қайсар ұлдар ғасырға жуық уақыттан кейін қайта өрлеп, өз тәуелсіздігін алған екен. Сол "Сөз табы" деген асыл қарияның жаңа түлеген ұрпақтары сіздердің алдарыңызда.

("Сөз таптарының белгісін таққан 9 оқушы алға шығады")

Зат eciм (1)

Бүкіл затқа иелік ететін тұрағым бар,

«Кiм, не, кімі, несі» деген сұрағым бар.

Жалқы, жалпы есім, деректі, дерексіз боп,

Зат eciм деген құдіретті атағым бар.

Сын есім (2)

Сұлулық пен көріктің сымбатымын,

Айтылатын әсемдіктің қымбатымын.

Сапалық пен қатыстыққа бөлінетін,

Сын eciм боп зат бойынан табыламын.

Сан eciм (3)

Зат есім ағайынының бipi менмін,

Оның санын толығымен білдіремін.

Eceптік, реттік, жинақтық, бөлшектік,

Топтау, болжалдық болып бөлінемін.

Есімдік (4)

Затты, сынды, санды да көрсетемін,

Алмаймын бұдан басқаны берсе тегін.

Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау,

Болымсыздық, белгісіздік — біліп ал есімдігін.

Eтicтiк (5)

Барша заттың бip өзімде қимылы да,

Сөз табында күрделі, ең қиыны да.

Сабақты, салт, есімше, көсемше, eтic,

Шақ, рай eтicтiк боп жиылды да.

Үстеу (6)

Үстеумін жеті топқа бөлінетін,

Қызметіне етістіктің берілетін.

Өзгертуге, түрленуге көне бермей,

Айтылғанға қашан да көндігетін.

Еліктеу (7)

Әр түрлі дыбыс пен қимыл иесімін,

Сөз табына әр қашан тиесімін,

Еліктеуіш, бейнелеуіш түрлерім бар,

Еліктеу деген есімнің киесімін.

Шылау (8)

Бойымызда толық та мағына жоқ,

Сонда да сөз табында көңіліміз тоқ.

Жалғаулық, демеулік ағайынды

Септеулікпен шылаумыз көп.

Одағай (9)

Көңіл-күйді қашан да білдіремін,

Жекіру мен шақыруға бөлінемін.

Тоғызыншы боп сөз табы қатарында,

Одағай атқа иенің бipi менмін.

 

III. «Сөз таптарына хат» ойыны.

Бұл ойынның негізгі мақсаты: әр сөз табына тән белгілер жазылған хат-карточкалар төмендегі үлгі бойынша отырған окушыларға таратылып беріледі.

 

Таратылып берілген хат-карточкалар алған оқушы әр сөз табына тәнін сол сөз табы болып тұрған оқушыға тапсыруы керек, егер дұрыс тапсыра алмаса, хат-карточка оқушы қолында қалады. Ойын қорытындысында қателескен оқушының жауабы талданады. Бұл ойыннан оқушылардың сөз таптарын қаншалықты меңгергенін анықтаймыз.

 

IV. «Бинго» тестік ойыны. Бұл ойынға 9 тестік сұрақ белгіленеді. Әр сұрақтың астында белгілі ұтыс заттары болады. Дұрыс жауап берген оқушы ұтысын заттай алуға құқылы.

 

 


Зат есімді тап

1. А. Бес

В. Жүрді.

С. Әке

Д. Кеше

Е. Тарс

Ұтыс: дәптер

 

Сын есімді тап

2. А. Бастау

В. Көк

С. Тас

Д. Әдейі

Е. Жүрген

Ұтыс: өшіргіш

 

Сан есімді тап

3. А. Оқушы

В. Тоғыз

С. Түс

Д. Елбең

Е. Мұрат

Ұтыс: қарындаш

 

Есімдікті көрсет

4. А. Жасалды

В. Бізді

С. Өсір

Д. Осылай

Е. Пай-пай

Ұтыс: сызғыш

 

Етістікті ата

5. А. Маң-маң

В. Оқыды

С. Сәуле

Д. Кеше

Е. Отыз

Ұтыс: қалам

 

Үстеуді тап

6. А. Кейбіреу

В. Ерте

С. Болат

Д. Шаңқ

Е. Және

Ұтыс: стержен

 

Еліктеу сөзді белгіле

7. А. Жоғары

В. Мектеп

С. Әрі

Д. Тарс

Е. Сұлу

Ұтыс: «5» (баға)

 

Шылауды тап

8. А. Әдемі

В. Өйткені

С. Арман

Д. Үшінші

Е. Мені

Ұтыс: конфет

 

Одағайды тап

9. А. Төрт

В. Ойпырмай

С. Кітап

Д. Қырық

Е. Айтты

Ұтыс: күнтізбе

 

V. Жазбаша жаттығу жұмыстары.

«Тұлпар» тобына:

         «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады, олар: барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді».

                                                                           Шәкәрім

 «Сұнқар» тобына:

         Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды.

                                                                           Әл-Фараби

 

 

 

 «Ғарышкерлер» тобына:

         Адам өзінің барлық әрекеттерінде – тек тамаша әрекеттерді қалайтын болса, тіпті өмір бойы осылай етуге ынтықса, сонда ғана ол нағыз бақытқа жетеді.

                                                                           Әл-Фараби

Әр топ мүшелері өзіне берілген жұмысты топтық әдіспен жазбаша сөз таптарына қарай талдайды.

Біз өз әдісіміз бойынша әр сөз табының ретіне қарай санмен нөмірлегенбіз. Оқушы әр сөз табының төбесіне тиісті санды ғана қояды.

Топ жетекшісі өз тобында қанша оқушының дұрыс орындағанының есебін береді.

 

VІ. Сөзжұмбақ «Сөз таптары»

1. Тілдің негізі не? (сөз)

2. Ойды қалай, немен жеткіземіз? (сөйлем)

3. Елінің қамқоры болған адамды кім дейміз? (азамат)

4. Тіл білімінің саласы (фонетика)

5. Грамматиканың бір бөлімі (синтаксис)

6. Өленмен жазылған шығарма (поэма)

7. Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі (түбір)

8. Сөз бен сөз байланыстыратын қосымша (жалғау)

9. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша (жұрнақ)

10. Байлықтан артық не? (ынтымақ)

 

VІІ. Жүргізуші:

Демеңіздер уақытты аяп қалды,

Бітуге сабағымыз таяп қалды.

Өріске қойды cepкeci, жау келгенде қолды батыры, той-томалақ жиында сөзді ақыны бастаған ел екеініміз көпке аян.

Ал енді топ басшыларын білім сайысына шақырамыз.

Тапсырмалар темендегі тәртіппен карточка арқылы беріледі.

1. «Тұлпар» — 1, 2, 1, 5 (жауабы: Болат жақсы дәптер алды)

2. «Сұңқар» — 4, 1, 6, 5 (жауабы: Мен мектепке ерте келдім)

3. «Ғарышкерлер» — 4, 3, 1, 5 (жауабы: Ол алтыншы сыныпта оқиды).

 

VIІI.Оқушылар білімін бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар еңбегі бағаланып, жеңімпаз топқа сый беріледі.

 

ІХ.Үйге тапсырма. Достық және тәл туралы үш мақал тауып, оны сөз таптарына қарай жазбаша талдау.

 

Ескерту. Сабақ барысында жеке оқушылардың білімін бағалау мен топ мүшелерінің белсенділігі және жинаған ұпайларын алдын ала жасалған темендегі сызба бойынша анықтауға болады. Сызба ақ плакатқа жасалынады, бағалауды мұғалімнің басшылығымен жүргізуші белгілеп отырады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068785

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru