Саяхаттау – жақсы дәстүр (ОМЖ, қазақ тілі 8 сынып)

31 қаңтар 2014 - Админ
Саяхаттау – жақсы дәстүр   (ОМЖ, қазақ тілі 8 сынып)

 

Рахимова Эльмира Ерсәлімқызы

Қостанай  облысы Қостанай қаласы

№1 мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Сабақтың түрі:   орта мерзімді жоспар

 

Пәні:              Қазақ тілі

Сыныбы:   8 сынып 

Сабақтың тақырыбы :   

Орта мерзімді сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы, оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

2. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

3. Өтілген тақырып бойынша күтілетін нәтиже

4. Үйрену мақсатында бағаны қоса алғанда, бағалау

5. Барлығын қоса алғанда, бағалау

6. Негізгі дерек көздер

Тақырыбы«Саяхаттау – жақсы дәстүр» Мақсаты: Модаль сөздер  туралы түсінік беру.  Модаль сөздердің қолдану ерекшелігін  түсіндіру. Саяхат  туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларға лексикалық  білім бере отырып, ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту.Оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру, еркін сөйлеуге, дұрыс  және толық жауап беруге  бағыттау, логикалық  ойлау қабілеттерін дамыту, сөздіктермен және топта  жұмыс істей  білу дағдыларын қалыптастыру.АКТ-ны тиімді пайдалану

1. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша Семантикалық карталар арқылы зат есімдерден туынды сын есім тудырушы жұрнақтарды қайталау.

2.Мақсатты айқындау(жұптық) Бүгінгі «Саяхаттау-жақсы дәстүр»тақырыбын білуде алдымызға қандай мақсат қоя аламыз?

3.« Әріптерді ауыстырылған есімдер» атты ойын ұсынылады.Сыныптағы оқушылардың есімі шығады.  Осы есімдерді модаль сөздермен  байланыстырады.Жұппен жұмыс жасау арқылы модаль сөздерді анықтайды.

4. Мәтінді оқу арқылы,  тақырып бойынша кесте толтыру. Кестедегі сұрақтарды  қойып, мәлімет жинау.Сыныптастарынан алған мәліметтеріңді айтып беру.«Сынып ішіндегі саяхат» тәсілі бойынша орындалады.(топтық)

5.«Топтастыру» мәтінді оқып, жұпта, топта талқылап, тақырып бойынша кластер құрайды, постер жасап қорғайды.  (топтық)

6. «Жағдаятты шешу» стратегиясы. Берілген жағдаяттық сұрақтар арқылы   қажетті ақпаратты толық сұрап, сөйлесу қажет.Берілген тапсырма бойынша ой шақырады, идеяларын дәптерге жазады. Ортақ тұжырым құрастырады.Сыныпқа жариялайды.(жеке )

Саяхат  жайында толық ақпарат алды.Саяхат тақырыбы бойынша сөйлеу тілін дамытты.  Модаль сөздердің айырмашылығын білді. Модаль сөздердің қолдану ерекшелігін түсінді.  Берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптаса бастайды, белсенді жұмыс жасауға машықтанады.

Оқушыларды  бағалау парағымен таныстыру, келесі сабақтарда бағалау парағына өзгерістер енгізу жөнінде ойлана жүрулерін ескерту.

Формативті  бағалау;

Жиынтық бағалауда

топ басшысының бағалау парағын басшылыққы алу.

Мұғалімнің бақылауы 

 Сабақтағы түрлі әдіс-тәсілдер, топтық жұмыс  барлық оқушылардың сабаққа белсене қатысуына мүмкіндік береді.

 Үлгерімі жақсы оқушы мәтінді топта оқып, постер жасап, оны таныстырғанда, сұрақ қойғанда өз қабілетін көрсетуі мүмкін

 

 

 

Оқулық, әдістемелік құрал (8-сынып)бағалау парағы, маркер, плакат, қайшы, кесте,

2.Тақырыбы: «Электронды пошта — менің көмекшім»

Мақсаты: Электронды пошта  туралы білімдерін кеңейту. Электронды поштаның жетістіктері және оның адам өміріндегі маңызы  туралы түсінік беру. Оқушыларға лексикалық  білім бере отырып, ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту.Топтық жұмыс арқылы белсене жұмыс жасауға ұмтылу.

 «Қызығушылықты ояту» .

  1. Берілген нышандарды нені білдіреді деп ойлайсыңдар? қазақ тілінде ауызша түсіндіріп беру

@ -    ru-    www- (жұпта талқылау)

Мақсатты айқындау

ІІ. «Мағынаны ажырату»

1. «Үш қадамды сұхбат» бойынша тақырып бойынша топтарға тапсырма беру( жұптық топтық)

2. Салыстыр. «Жай поштамен электронды поштаның айырмашылығы»  атты Венн диаграммасын толтырады. (топтық )

3. «Электронды поштамен хат жазғанда қандац сыпайылық ережелері болу керек?» ереже құрастыру

ІІІ.Ой толғау Берілген жағдаяттық сұрақтар арқылы  өз ойын, идеясын жеткізу..(жеке)

 

Электронды пошта жайында   жайында толық ақпарат алды.Пошта тақырыбы бойынша сөйлеу тілін дамытты.  Электронды және жай пошта арасындағы айырмашылықты қазақша айта білді.  Берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындады. Топтық жұмыс арқылы бірлесе шешім қабылдауды үйренеді, белсенді жұмыс жасауға  ұмтылады;

Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтау.

Мұғалімнің бақылауы;

Сабақта түсірілген видеоны пайдалану арқылы бағалау;

 

 

Топтық жұмыс оқушылардың сабаққа белсене қатысуына мүмкіндік береді.

Топтық жұмыста белсене жұмыс жасауға тырысады. Белсенді оқушыға қарап өзін-өзі реттейді

Оқулық, грамамматикалық ойындар,

интерактивті тақта, сызба-кестелер, бағалау парағы

4.Тақырыбы: MAIL бағдарламасы

MAIL бағдарламасы туралы білімдерін кеңейту. Үстеу туралы  алған білімдерін шығармашылық жұмыстар арқылы пысықтау. Топпен жұмыс жасау арқылы ұйымшыл болуға, пікір айтуға, белсенді болуға ұмтылу

1.  Оқушылар «Кезектескен интервью» тәсілін қолданып, бір- бірінің үй жұмысын қалай орындағанын тексереді.

2. Оқушылар оқулықтағы жаңа сөздермен танысып, мәтінмен танысады.Кластерқұрады.

3.Жеке жұмыс.Кітаппен жұмыс: берілген  тапсырмада  үстеулерді анықта, оларға морф.талдау жасау.

4.«MAIL бағдарламасы » тақырыбы бойынша  6 қалпақ стратегиясы арқылы пысықтау.

5. «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылау. Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды.

 

MAIL бағдарламасының тиімділігін қазақ тілінде түсіндіре алады, жаңа сөздерді  қолданады.Тақырып   жайында толық ақпарат алды.Тақырып бойынша сөйлеу  тілін дамытты. Үстеу сөздердің айырмашылығын білді, қолдану ерекшелігін түсінді.  Берілген тақырып бойынша тапсырмаларды топтыұ, жұптық, жеке қорғайды.

Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап алу

Формативті  бағалау.

Топ мүшелерін топ басшысы бағалау. Бірін-бірі бағалауы

Кері байланыс жасау(анкета алу)

Сабақта берілген әдіс – тәсілдер арқылы оқушылардың коммуникативті дағдылары артады.Оқушылар тақырыпты жан-жақты қарастыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттырады.Пәнге деген қызығушылығы оянады, оқушы бойына білім, білік, дағды қалыптасады.

Оқулық, әдістемелік құрал (8-сынып)бағалау парағы, «Білім пальмасы», 6 қалпақ, маркер, плакат, қайшы, кесте,

4. Тақырыбы: Электронды пошта – достық орталығы

Мақсаты: Электрондық пошта туралы алған білімдерін кеңейту, оқушыларға жан-жақты мағлұмат беру. Пошта туралы  алған білімдерін шығармашылық жұмыстар арқылы пысықтау. Электрондық поштаның пайдасы мен зияны жөнінде түсініктеме беру. Топ ішінде өзгелердің пікірін тыңдап, ортақ шешімге келудің жолдарын үйрену.

1. Электронды пошта  туралы не білгілерің келеді?

(осы сұрақ арқылы оқушылармен бірге  сабақтың мақсатын айқындау.)«INSERT» кестесін толтыру

3.«Т кестесі» арқылы  электрондық поштаның пайдасы мен зиянына тоқталу.

 4.. Поштаның түрлеріне  қарай өз ойларын айту

5.«Менің қиялымдағы E-mail  пошта» деген тақырыпқа постер жасау.

6.«Электронды пошта»  туралы бес жолдық өлең жазу.

 

Поштаның  тиімділігін қазақ тілінде түсіндіре алады, жаңа сөздерді  қолданады.Тақырып   жайында толық ақпарат алды.Тақырып бойынша сөйлеу тілін дамытты.  Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді. Өз ойын еркін жеткізе біледі.  Шығармашылық қабілеті дамиды.Үстеу сөздердің айырмашылығын білді. Үстеу сөздердің қолдану ерекшелігін түсінді.  Берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындады.

Оқушыларды  бағалау парағымен таныстыру, келесі сабақтарда бағалау парағына өзгерістер енгізу жөнінде ойлана жүрулерін ескерту.

Формативті  бағалау;

Жиынтық бағалауда

топ басшысының бағалау парағын басшылыққы алу.

Мұғалімнің бақылауы 

 Сабақты сұрақтар қою арқылы пысықтау, топта түсіндіргенде, сұрақ дайындап, сұрақ қойғанда үлгерімі жақсы оқушының белсенділігі көрінеді. Жұптық, топтық жұмыстар арқылы басқа оқушылар өзін-өзі реттейді.

 Оқулық, интерактивті тақта, сызба кестелер,

баспасөз материалдары, бағалау парағы

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Кембридж9 сынып физика пәніне орта мерзімді жоспар (кинематика тарауы)

Физикафизика пәнінен орта және қысқа мерзімді жоспарлар

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

ГеографияГеография пәнінен ОРТА және Қысқа мерзімді жоспарлар

МатематикаМатематка пәнінен орта мерзімді жоспар (6-класс)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148605

Пікірлер (10)
Рауан # 1 ақпан 2014 в 03:11 0
Сабағыңызды қарап шықтым, бірақ қазақ тілімен басталып информатикамен аяқталғанын түсінбедім. Әлде өзгетуді ұмытып кеттіңіз бе?
Админ # 1 ақпан 2014 в 04:22 0
Негізі бұл кісі орта мерзімді жоспардың үлгісін көрсетпек болған сыңайлы.
Асем # 9 қыркүйек 2014 в 21:03 0
Рауан мырза, алдымен 8- сыныптың оқулығын қарап шығыңыз, сосын бәлкім түсінерсіз неге олай аяқталатынын.
Дана # 28 тамыз 2014 в 19:47 0
Құрметті Рауан! Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасында өзгерістер өте көп, е-мейл электронды пошта деген тақырыптар бар, өзге ұлт өкілдері бүгінгі заман талабына сай қазақ тілін жан-жақты пайдалана алып, ойын еркін жеткізе алуы керек
Досан Жунусов # 1 қазан 2014 в 08:15 0
Эльмира, сабақ жоспарыңыз тамаша құрылған. Кіріктірілген бағдарлама бойынша жасалғаны көрініп тұр. мен пайдаландым өз сабағыма, сәтті шықты.
Нурсулу # 7 қазан 2014 в 18:06 0
Менде орта мерзімді сабақ жоспарлары бар хабарласыныздар 87758321484
Айда # 16 қараша 2014 в 22:47 0
орта мерзімді жоспар олай жазылмайды,сіздікі қысқы мерзімді жоспар.
Арайлым # 27 қаңтар 2015 в 14:15 0
Эльмира, орта мерзімді жоспарыңыз өте жақсы құрылған, сізге сәттілік тілеймін. Айда, сіз орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарды толық түсінуіңіз керек екен.
Эльмира # 22 қаңтар 2016 в 00:22 0
ҚҰрметті әріптестер! пікірлеріңізге алғысым шексіз!Көп рахмет!
Аяжан # 9 ақпан 2016 в 17:52 0
Салеметсиз бе Элмира баска такырыптарда бар ма? ОМЖ

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар