Сын есімдердің зат есімдермен байланыстылығы.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

КММ Академик О.А. Жаутыков атындағы

№1 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

екінші (негізгі) деңгейдегі мұғалімі Г.Ш.Нарымбекова

.

6-сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есімдердің зат есімдермен байланыстылығы.

Сабақтың мақсаты: Сын есімнің зат есімдермен байланыстылығын біледі, тапсырмалар беру арқылы оқушылар ізденісіне бағдар беру арқылы ой жүйелеу қабілетіне баулу

Қажетті құралдар: Түрлі сызбалар, плакаттар, дидактикалық материалдар, бағалау парағы

Пәнаралық байланыс: Әдебиет пәнімен байланыстыру

Әдіс-тәсілдер:Ізденісті-зерттеу, салыстыру, ұжымдық, топтық ізденіс.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Сызбаға қарап, ереже шығаруға, мысалдар арқылы дәлелдеуге бағыт-бағдар берутапсырмаларды түрлендіріп беру,қажетті құралдармен қамтамасыз ету.

Оқушының іс-әрекеті: Сұрақтарға жауап бере отырып, ой қорыту, мысалдар келтіру, оқулықпен жұмыс жасау, талдау, топтастыру,іздену. Ынтымақтастықта жұмыс істеу.

Күтілетін нәтиже:Өткен сабақта алған білімдерін бекітеді, өздігінен ой қорыту арқылы жаңа сабақты біледі, түсінеді, сын есімдердің зат есімдермен байланыстылығын тапсырмалар орындау барысынжа көздері жетеді. Сынау мәдениеті,өрелі ой еркіндігі қалыптасаы.

Бағалау формасы:Бірін-бірі бағалау

Оқу тапсырмалары

Білу

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

Үй тапсырмасын тексеру.

Сызбаға қарап ереже шығарыңдар, мысалдар арқылы ережелеріңді дәлелдеңдер.

Тапсырма. 1-топ адамның жақсы қасиеттерін,2-топ жаман мінез құлықтарды жазып шығыңдар (әр топ өз жұмыстарың туралы түсініктеме айтыңдар)

ІІІ

5

Түсіну

Бір сын есімге бірнеше зат есім. Бір зат есімге бірнеше сын есім. Топтастыру

<img width="«67»" height="«16»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.png»" v:shapes="«Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_3»"><img width="«61»" height="«16»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.png»" v:shapes="«Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_1»"><img width="«16»" height="«45»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image003.png»" v:shapes="«Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_2»">Қызық Ән

6

Қолдану

Мысалдар келтіре отырып, түсінгендерін дәлелдеу.

Тапсырма. Сын есім жасайтын жұрнақтарды пайдалана отырып, туынды сын есім жасаңдар, зат есіммен байланыстырыңдар.

ІІ

6

Талдау

1.Төмендегі мақал-мәтелдерден сын есімдерді табыңдар, сызба бойынша талдаңдар.

Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар. Жақсы кеңес, жақсы ырыс. Тура биде туған жоқ,

Туғанды биде иман жоқ. Қысқа жіп күрмеуге келмес. Өткір пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас.

    2.Әуезді тіркестер құраңдар

    Теңіздей терең,…

    Теңіз, күн, ай, дала, көңіл, талап.

10

Жинақтау

(алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

Сын есімді «топтастыру» стратегиясы бойынша көрсет.

<img width="«72»" height="«51»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.png»" v:shapes="«Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_4»"><img width="«67»" height="«58»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image005.png»" v:shapes="«Прямая_x0020_со_x0020_стрелкой_x0020_5»"> Сын есім

— Сын есімдерді пайдалана отырып, бір-біріңе мінездеме беріңдер, портреттеріңді жазыңдар. Кімнің портреті, кімге берілген мінездеме екенін табыңдар.

І

10

Бағалау

    -Жаман мен жақсы туралы ата-бабаларымыздың айтқандарын оқи отырып, өздерің қандай мінез- құлықтарды жаман, қандай мінез- құлықтарды жақсы деп есептейсіңдер, өз ойларыңды ортаға салып көріңдер.

    Жамандар –өтірікші өсегі көп,

    Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай,

    Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,

    Жанбай қалған ағаштың шаласындай.

    Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,

    Жұғымды болар елдің еркесіндей.

    … Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,

    Қыранның қырдан байқар баласындай.

    (Сүйінбай)

Алдарыңдағы қағазға жазған ұпайларыңды санап, бір-біріңді бағалаңдар

Үйге:Табиғатты суреттеп жазыңдар (Пейзаж)

Сын есімді зат есіммен байланыстырып жазуға тырысығдар

8

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062342

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар