Сын есімнің сөйлемдегі қызметі /7сынып/

24 қазан 2014 - Талғат Ануарбек
Қазақ тілі
Өтілген уақыты:  …   жылы  …   ай  …   күні
Тақырыбы: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Мақсаты: а/ сөйлем мүшелері туралы білімдерін пысықтау; ә/зат есімнің  сөйлемдегі қызметі туралы білімдеріне сүйене отырып, сын ісімнің сөйлемдегі қызметін түсіндіру; б/оқушылардың тілін байлығын дамыту, шығармашылығын шыңдау; в/ оқушыларды имандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың әдістемесі: Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын деңгейлік тапсырмалар арқылы құру; Топтық, диалогтік, сын тұрғысынан ойлау,  
Сабақтың барысы:    
Ұйымдастыр кезеңі: Сабақтың мақсаты, бағалау жүйесі туралы түсінік беру; оқушылардың өзін-өзі бағалуығ бір-бірін бағалауы, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы, сабақ соңындағы рефлексия.                                                                                                  Топқа бөліну: Үй жұмысына сын есімнің емлесі ережені жаттап әр қайсысына бес мысал жазып келуге берілген 1-топ қосарлану, қайталану арқылы жасалған сын есімдер; 2-топ күшейткіш буын арқылы жасалған сын есімдер; 3-топ күшейткіш үстеу арқылы жасалған сын есімдер /Әр оқушы бір мысал айтып 3 топқа бөлінеді.
ДеңгейлерМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
БілуОйланбай жауап беру: а/Сөйлем мүшелері деген не және оларды ата; ә/ Зат есімнің түрленуі; б/ Зат есімнің сөйлемдегі қызметі; в/сын  есімнің түрленуі, сын есімнің түрлерін ата, мысал келтіра/Сөздердің сөйлем құрауға қатысып, белгілі сұрақтарға жауа беріп, белгілі бір қызмет атқаруын сөйлем мүшесі дейді.Олар; бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
ТүсінуСөйлемдігі сөздерді сөйлем мүшесімен сыз. Сын есімді тауып сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын айт.  1-топ: Аспанды қара бұлт басты. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
2-топ: Сен өте әдемісің.
3-топ: Гүлнар бөлмесін таза ұстайды.
Мұғалім сұрақтар қойып жетекшілік жасайды. 1-топ: қара/қандай?/ – сын есім, анықтауыш болып тұр, білімдіден /кімнен/ — сын есім, толықтауыш болып тұр, талаптыға / кімге/ сын есім толықтауыш болып тұр. 2-топ: әдемісің- сын есім, баяндауыш болып тұр. 3-топ: таза /қалай?/ -сын есім, пысықтауыш болып тұр. Оқушылар ережені шығарады. 
ҚолдануЖаттығулар орындау:
1-топ: 80-жаттығу
2-топ: 83-жаттығу
3-топ:84-жаттығу
Оқушыларға 5-6 минут уақыт беріледі.
Тақтаға жаздыру, айттыру.1-топ: Сөйлемдегі сын есімді тауып, қандай қызымет атқарып тұрғанын, қандай сын есім екенін талдап жазады. 2-топ: Туынды сын есімнің жұрнағын бөліп жазып, қай сөзтабынан болғанын түсіндіреді. 3-топ: Берілген сын есімдерді мағынасына, жасалу жолына, шырай түріне қарай талдайды.
ТалдауМақал тартыс.Сын есімі бар мақалдар айтып жарысуТоптар өздері білетін мақалдарды жазады. Кезектесіп айтып қай топ көп мақал айтады сол топ жеңімпаз болады
ЖинақтауВенн диаграммасын бойынша зат есім мен сын есімнің айырмашылығын, ұқсастығын анықтату.Зат есім             Сын есім
 
 
 
 
БағалауТест:
Оқып дұрыс жауабын тап!
 
Мұғалім оқушыларды бағалап ,
Сабақты қорытындылайды.Оқушылар жауап береді.
Бір-бірін тексереді. 
Мұғалімдегі дұрыс жауаппен салыстырады.
Оқушылар бір-бірін бағалайды. Топтар бір-бірін бағалайды. Сабаққа  рефлексия жасайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқушының аты   .......................................................
7-сынып
1-тест. Сын есімі бар сөйлемді тап.
а/ Жақсыдан шарапат,  жаманнан кесепат.
ә/Сен дәрігерсің.
б/ Ауылдың шетінде өзен ағып жатыр.
2-тест. Сын есім пысықтауыш болып тұрған сөйлемді тап.
а/ Жақсыдан шарапат,  жаманнан кесепат.
ә/ Ол баяу басып келеді.
б/ Әлсіз адам ашушаң.
3-тест. Сын есім толықтауыш болып тұрған сөйлемді тап.
а/ Жақсыдан шарапат,  жаманнан кесепат.
ә/ Ол баяу басып келеді.
б/ Әлсіз адам ашушаң.
4-тест. Сын есім баяндауыш болып тұрған сөйлемді тап.
а/ Жақсыдан шарапат,  жаманнан кесепат.
ә/ Ол баяу басып келеді.
б/ Әлсіз адам ашушаң.
5-тест. Сын есім анықтауыш болып тұрған сөйлемді тап.
а/ Жақсыдан шарапат,  жаманнан кесепат.
ә/ Ол баяу басып келеді.
б/ Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
Дұрыс жауабы:
1-тест — а
2-тест — ә
3-тест — а
4-тест — б
5-тест — б

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141194

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар