Тұйық етістік

24 ақпан 2015 - Жаннат Анесова

Күні: 31.01. 2015 ж.

Сыныбы: 6 «Б»

Пәні: қазақ тілі

Пән мұғалімі Анесова Ж.К.

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға тұйық етістік және оның жасалу жолы туралы түсінік беру;

дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу, есту, қабылдау қабілеттерін, зейінін, ақылын, дүниетанымын дамыту;

тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Көрнекілігі: сызбалар, үлестірме қағаздары

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық, ойын.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

(ой қозғау)

Қимылды тиянақтай алмаймын,

Жалғауларды талғаймын.

Үш жалғаумен достаспай

Тек жіктікті таңдаймын- деп өлең шығарған етістіктің қай түрі балалар?

Ендеше, осы көсемше туралы біз не біледі екенбіз, қазір соны байқап көрейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1.275-жаттығуды ауызша оқып, морфологиялық талдау жасау.

2.Көсемше қатысқан үш мақал жазу. (Үш оқушы тақтада жазбаша талдайды)

III. Білім тексеру.

<img width="«120»" height="«116»" src="«file:///C:/DOCUME~1/Aiko/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.gif»" v:shapes="_x0000_s1026"> Қазір біз, «Жетіқарақшы» ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасап өтелік. (Жетіқарақшы жұлдызы жайлы аңыз, ертегілер сұрай кету) Тақтаға Жетіқарақшы жұлдызы ілінеді.Ондағы үлестірма қағаздарында берілген сұрақтарды алып оқушылар жауап береді.

[img width=«543» height=«210» src=«file:///C:/DOCUME~1/Aiko/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.gif» v:shapes="_x0000_s1027 _x0000_s1028 _x0000_s1029 _x0000_s1030 _x0000_s1031 _x0000_s1032">

Сұрақтары:

1.Етістіктің өзіне тән белгілері қандай?

2.Көсемшенің ережесін және ерекшелігін айт.

3.Етістіктің болымды, болымсыз түрінің ерекшелігі неде? Мысал келтір.

4.Салт, сабақты етістіктің айымашылығы қандай? Мысал келтір. 5.Етістіктің есімше түріне анықтама бер.

6.Есімшенің жасалу жолдарына тоқтал, мысал келтір?

7.Етістіктің етіс түрлеріне түсінік бер.

IV. Мақсат қою.

V. Жаңа сабақты меңгерту.

1.Тамақ ішер алдында қолды жуу керек.

2.Сабақты күнделікті оқу керек.

Сөйлемдерді тақтаға жазып, талдай отырып тұйық етістіктің ережесін шығару.

Зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.Тұйық етістік негізгі және туынды түбірлерге –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады.Тұйық етістік әрі заттық, әрі қимылдық мағынада қолданылады. Мысалы: көсеумен отты көсеу керек. Аттың жабуын жабу қажет.

VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу.

«Әдебиет әлеміне саяхат». Қай шығарма, авторы кім, кімнің сөзі? Тұйық етістікті тап.

1-қатар.

Оқытушым жымиды да: -Қалай оқитыныңды сен емес, мен білуім керек, — деді.

2-қатар.

-Абайжан, менің әнім саған жақсы қозғау салды. Ендігі өміріме борыш арттың ғой!-деді.

3-қатар.

-Сізден басқа адам құрыған жоқ, бірақ сіз секілділер көп емес. Соны еске алу керек.

Сергіту кезеңі

Бір, екі, үш- бойға жина күш,

Төрт, бес, алты-енді көлдей шалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз-тартайық енді қобыз.

Енді болды -он

Қайта орныңа қон.

VII. Бекіту.

1. 278-жаттығу. Тұйық етістіктерді теріп жазыңдар.

2.279-жаттығу. Тұйық етістіктің астын сызыңдар.

3.280-жаттығу. Морфологиялық талдау жасау.

4.281-жаттығу. Ауызша орындау

Қорытынды.

Шығармашылық жұмыс: «Суретті тапсырма»

Суретке қарап, тұйық етістікті қатыстыра отырып, сөйлем құрап жазу.

VIII.Үйге тапсырма.

1)282, 283-жаттығулар.

2)Тұйық етістікті қатыстыра отырып, «Ең әдепті оқушы» деген тақырыпта мәтін құрап жазу.

IX.Оқушының білімін бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаРационал сандарды бөлуге есептер шығару

Қазақ тіліЕсімше

МатематикаРационал сандарды бөлуге есептер шығару

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110054

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар