Тіл-тірегім,соғып тұрған жүрегім!

Тақырыбы: Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім!

Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Туған тіліне, тәуелсіз Отанына деген құрмет, сауатты да, салауатты ұрпақ болуды үлгі тұту,қазақ тілінің мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, парақшалар, суреттер

Барысы

1.Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін

тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл. Н.Ә.Назарбаев

ØБәйге

ØТұрақты тіркестер

ØКөне кебеже

ØПолиглот

ØБасқатырғы

ØӨлең – сөздің патшасы

Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады — ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа — шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне… Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б.Момышұлы

1.Бәйге

1.«Қазақ хрестоматиясын» кім жазды?

(Ыбырай Алтынсарин)

2.Сөз өнер жарысы

(айтыс)

3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ...(қазақ тілі)

4. «ҚР Тілдер туралы» Заңы қай жылы қабылданды? (1989)

5.Тіл білімінің неше саласы бар?(Фонетика, лексика, грамматика)

6.Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым саласы? (фонетика)

7. «ҚР Тілдер туралы» Заңында неше тарау бар?(6 тарау)

8.Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі? (А.Байтұрсынұлы)

9.М.Қашқари еңбегі? (Диуани лұғат – ат түрік)

10. «Лексика» қай тілдің сөзінен шыққан? (көне грек тілінен lexivos)

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. М.Әуезов

2.Тұрақты тіркестердің мағынасын ажырат

3.Көне кебеже

1. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып,

кейде шертіп ойнайды. Адырна- саз аспабы.

2.Керуен жатқан өзенге,

Екі шер жетіп келіпті. Шер (Ержүрек,қайратты, жүректі

3.Бүгін далада шағырма жұлдыз, шарт аяз.Шағырма (Жарқыраған.ашық.жарқын)

4.Кеден болды, кедергі неден болды.Кеден (ұрыс — керіс)

5.Болған соң сәҺәр уақыты сайрап бұлбұл, салып күй сандуғаштар шығарды үн.

СәҺәр – таңертең, таң атқан шақ

Ана тілі — адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп — өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан — ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

4 Полиглот

1)Атпаз көрген ат таныр,Ұстаз көрген… таныр.

(Хат, письмо,letter)

2)Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектің… тәтті

(нан, хлеб,bread)

3) Сұйық,қатты, бу болып құбылатын,

Ішіп.кешіп жүретін қандай зат?

(су, вода,water)

4)Өнерлі өрде озар,өнерсіз… соғар

(жер, земля,land)

Әр топ з мақалдан өздері дайындап келіп, қарсы топқа жасырады.

4.Басқатырғы

Ұ

Б

Ө

С

Қ

З

Л

З

Ы

А

А

А

Қ

Л

Һ

Р

М

А

Р

А

1.Қаһарлы сөз қамал бұзар.

уайым

өтесің

теңіз

батасың

қайық

кетесің

тәуекел

түбі

де

мінесің

да

түбі

2.Тәуекел түбі – қайық, мінесің де өтесің, уайым түбі – теңіз, батасың да кетесің.

3.Өнерлі елдің оты сөнбес.

6. Өлең –сөздің патшасы

Әр топтан бір оқушы тіл туралы өлеңді жатқа, мәнерлеп оқиды.

Қорытынды.

Бағалау

Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.

Н.Ә.Назарбаев

<img width="«608»" height="«467»" src="«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtml1/01/clip_image002.jpg»" v:shapes="«Picture_x0020_3»">

Осыған ұқсас жазбалар:

ТехнологияЖігітті жігерінен таны.

География"Географ саяхатшылар" сайысы

ҰстаздарғаМахамбет оқуы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062390

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар