Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі

12 қараша 2015 - Кенжегул Бекбаева
Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Үшбұлақ ауылы

Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекбаева Кенжегуль Жумагазыкызы
Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі

Сабақтың мақсаты: а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, суреттер

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіл — адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра. Тіл тек адамзатпен ғана емес, қоғаммен, тарихпен тығыз байланысты.

Тіл — қоғамдық құбылыс

Тіл — қатынас құралы

Тіл — тарихи құбылыс

Адамзат қоғамы үнемі

даму, жетілу үстінде

болады. Тіл қоғамда

туып, дамиды,

қоғамға қызмет етеді.

Өйткені қоғамдағы

өзгерістердің

бәрі тіл арқылы

көрініп, тіл арқылы

кейінгілерге беріледі.

Тілдің дамуының

өзі қоғамның даму

өзгерістеріне байла-

нысты.

Адамдар тіл арқылы

бір-бірімен хабарла-

сады, пікір алмаса-

ды. Адам өз ойын

жарыққа тіл арқы-

лы шығарады. Тіл —

адамдардың қарым-

қатынасының басты

құралы.

Адамзат өз

қолданысына қарай

тілдердің дамуына,

өрістеуіне ықпал

етеді.

Әлемдегі тілдер

сияқты қазақ

тілінің де

қалыптасу, даму

тарихы бар.

Тілдің шығуы мен

қалыптасуы және

даму кезеңдерін

тарихи тұрғыдан

қарастыру арқылы

біз тілдің тарихи

құбылыс екеніне

көз жеткіземіз.

Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? Жоғарыда көрсетілген кестені пайдалана отырып, «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.

Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : «Тілім, тірегім, соғып тұрған жүрегім!» тақырыбына шығарма жазып келу.

Осыған ұқсас жазбалар:

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141129

Пікірлер (1)
Arzu # 18 қыркүйек 2016 в 21:17 0
Өте жақсы))

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар