Тілдер күніне арналған «Ойлан, тап» интеллектуалдық ойын

7 қыркүйек 2014 - Майдаш Темиржанова
Тілдер күніне арналған «Ойлан, тап» интеллектуалдық ойын

    М.Қ.Теміржанова., З.Б.Қаппасова., Г.А. Оразалина

    Ақсу қаласының №4 орта мектебінің

    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Тілдер күніне арналған «Ойлан, тап» интеллектуалдық ойын

Мақсаты:Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!

Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан — экономикасы мықты, тәуелсіз егеменді ел. Қазақстан әр тілде

сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет.

Қазақстан біздің достық үйіміз, ал №4 орта мектеп білім үйіміз.

Енді «Ойлан, тап» сайысына да кезек келді. Озып көр. Бұл ойын 4 кезеңнен тұрады. Алдымен қатысатын оқушылармен танысайық.

1- топ «Шырақ» тобы, 2-топ «Тапқырлар» тобы.

Ойынымыз сайыс түрінде өтетіндіктен алдымен әділ-қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіз.

1.Бастемова А.Қ.

2.Оразалина Г.А.

Бірінші кезеңді бастаймыз. Ол «Сөз тапқанға» деп аталады.Қазір әріптер аласыздар, сіздерге сұрақ қойылады.Сол сұраққа жауап осы әріптен басталуы керек. Жауап шапшаң болуы тиіс.

І топ сұрақтары.( Ө,Қ, Т)

    1.Бүгін қандай күн? (Өте ыстық күн.)

    2.Сен қайда тұрасың? (Қалада)

    3.Жазда қайда болдың? (Талдықорғанда)

    4.Нені жақсы көресің? (Өрікті)

    5.Сыныбында неше оқушы бар? (Қырық)

    6.Қай пән ұнайды? ( Тарих)

    7.Досың көп пе? (Өте көп)

    8.Сенің сүйікті ақының?( Құнанбаев)

    9.Қандай жануарды ұнатасың? (Түйе)

ІІ топ сұрақтары. (Ә,Ғ, С)

1.Қалаң қандай? (әдемі)

2.Кім болғың келеді? (ғалым)

3.Нені ұнатасың? (саяхатты)

4.Қандай құсты білесің? (Әтеш)

5. Қандай фильмді көресің?(Ғылыми)

6.Жақсы көретін апта күнің? (Сенбі)

7. Күз мезгілі ұнай ма?(Әрине)

8.Сенің сүйіп оқитын жазушың? (Ғабит Мүсірепов)

ІІ кезең «Ойлан, тап»

Сіздерге «Білімпаздар» деген сөз беріледі.Бір минуттың ішінде осы сөзден неше сөз табуға болады, ал іске кірісеміз.

Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы сіздерге сөздердің дұрыс жазылуын және мағынасына мән берулеріңізді сұраймыз.

ІІІ кезең «Сен білесің бе?»Мұнда сіздердің алдарыңызда сандар жазылған тор көздер, олардың астында тапсырмалар. Егер сол тапсырмаға дұрыс жауап берсеңіздер 5 ұпайдан аласыздар (қай түсті таңдайсыздар)

    1.Қазақ тілтану ғылымының атасы кім?

    2.«І»қандай дыбыс?

    3.Ұлан- байтақ сөзінің синонимін табыңыз.

1.Ғ.Айдаров қанша ғылыми зерттеу еңбек жазған?

2.Отан сөзінің синонимін анықтаңыз.

3.«Ө» қандай дыбыс?

ІV кезең «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен жеткізуі керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс анықтауы тиіс.

    1.Қоңырау, өзен, балмұздақ, аю, жұлдыз, дүкен,ұшақ, айна.

    2.Сабақ, нәресте, балық, ағаш, шар, жаңбыр, поезд, ойыншық.

Сөз кезегіәділ-қазыларға беріледі.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110057

Пікірлер (1)
Адина # 2 шілде 2015 в 15:37 0
маган ойлан тап интелектуалдык ойыны унайды менде катиским келеди Ойлан тап супер

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар