Туған елім – Қазақстан

17 наурыз 2014 - Дана Жумажанова
Туған елім – Қазақстан

Мұғалім туралы қысқаша мәліметтер: 

                   Жумажанова Дана Мұхтарқызы

                   Солтүстік Қазақстан облысы

                   Ақжар ауданы

                   Бостандық орта мектебі

                   Қазақ тілі мұғалімі

Пәні: Қазақ тілі      Сыныбы: 5-7 сыныптар     Сабақ түрі: ашық тәрбие сағаты   

 

Сабақтың тақырыбы:Туған елім – Қазақстан.

Сабақтың мақсаттары:1) Республика Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай

еліміз туралы білімдерін тереңдету, рәмілдер  жайлы жаңа мәләмет беру.

2) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сөйлеу тілі мен зейінділігін дамыту.

3) Отанымызға деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Мультимедиялық тақта, шарлар, слайдтар.

 

— Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар, ұстаздар және оқушылар. Бүгін біз «20 жұлдызды күн – Тәуелсіздігіміздің 20 шыңы» іс-шаралардың бірі – «Туған жерім – Қазақстан» атты тәрбие сағатына жиналып отырмыз.

Тәуелсіздік.Қандай қасиетті, қастерлі ұғым. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті алғанымызға, міне, 20 жыл толады. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындыққа қарсы тұрған Тәуелсіздігіміз бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктетіп, тамаша табыстармен жігіт жасына жетіп отыр.

Біздің балаларымыздың да Отан туралы білетіні аз емес. Бүгін біз оны ортаға саламыз.

Әр мемлекетте өз рәміздері бар. Ол нелер? (Елтаңба, ту, әнұран)

— Әнұран туралы не білесіңдер? (Әлішер: 2006 жылы 6 қаңтарда ҚР-ның жаңа әнұраны қабылданды). Дұрыс, ал бірінші әнұранымыз 1992 жылы11 желтоқсанда қабылданған.

— Қазіргі әнұранымыздың сөзін кімдер жазған? (Мерей: Оның сөзін Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев жазған)

— Ал әннің авторы кім? (Фатима: Әнің қазақтың атақты композиторы Шәмші Қалдаяқов жазған)

— Әнұранды қалай орындау керек?

— Оны сендер қайда естідіңдер?

 

Айшагүл:Әнұраным – жанұраным,

                   Айтар әнім, сөйлер сөзім.

                   Мәңгі бақи шырқалады

                   Республика әнұраны!

— Ендеше Қр-ның Әнұраның орындайық. (әнұранды орындау)

— ҚР-ның туының авторы кім? (Әсет: Біздің туымыздың авторы – Шәкен Ниязбеков)

-Туымызда не бейнеленген? Ол ненің белгісі? (Елнур: Біздің туымыз көгілдір түсті. Ол бұлтсыз аспан, бейбітшілік белгісі. Қыран – тәуелсіздік пен бостандық белгісі.) (Айша: Өрнек – салт-дәстүріміздің белгісі)

өте жақсы. Ал енді бізге Әлішер туымыз туралы тақпақ оқып береді.

Әлішер:Айнымайды аспаннан

               Біздің тудың бояуы.

               Оны халық қашанда

               Биікке іліп қояды.

-         Елтаңба туралы не білеміз? (Айым: Біздің елтаңба мен туымыз 1992 жылы 4 маусымда қабылданды).

-         Елтаңбаның авторлары кімдер? (Әлішер: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов)

-         Елтаңбамызда не бейнеленген? (Ақбота: Қазақстан Республикамыздың елтаңбасы бастысы – шаңырақ -  ол киіз үйдің күмбезі. Уықтар – күн көзінің сәулелері.)

-         Қазақ халқында: «Шаңырағың биік болсын, керегең кең және үйдің іргесі берік болсын» деген тілек бар. Шаңырақ – отбасы бақытының, бейбітшілік пен тыныштықтың символы. (

Мерей: Елтаңбадағы тұлпар ер жігітті тәуелсіздікке жетелеп, шаңырақты қорғап тұр)

-         Өте жақсы. Ал енді Фатима бізге елтаңбамыз туралы тақпақ оқып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фатима: Мағыналы, сымбатты

               Бізде осындай бар белгі

               Маған, саған қымбатты

               Елтаңбасы ол елдің.

-         Елтаңба мен туды қайда кездестіруге болады?

-         Ал енді кішкене демалайық. Біздің кішкентай қыздарымыздың орындауында «Қамажай» халық биін тамашалайық!

-         Мынау Қазақстан Республикамыздың картасы. Осы картадан Қазақстанмен шекаралас елдерді атап көрсетуге болады. (Жұлдыз: Біздің ең жақын көршілеріміз Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Түрікменстан)

-         Картадан біздің мемлекетіміздің басқаласын табыңдар. Ол қалай аталады? (Диана: Біздің басқаламыз –Астана деп аталады)

Астана туралы Мерей тақпақ оқып шығады.  

Мерей:Көтерілді шаңырақ

             Астанам асқақ.

             Жаңарып қалам,

             Жасарып далам!

Басқаламыз Астананың көріністерін тамашалап шығайық! (видеоролик көрсету)

-         Видеороликте таныс ғимараттар кездесті ме? Қандай? (Айым: Астана қаласында Байтерек, Ақорда, Ханшатыры, Тәуелсіздік монументі бар.)

-         Қазақстан Республикамыздың тұңғыш президенті кім?

-         ҚР-ның мемлекеттік тілі қандай тіл?

Жұлдыз: Ана тілім ардағым,

               Туған жерім аруағым,

               Болса осылар елімде

               Нұрланады алда күн.

-         Біздің сүйікті Республикамыз өз Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алған. Биыл – 2011 жылы, ол 20 — жылдығын тойлағалы жатыр.

Республикамызды мерекесімен құттықтап, айтар тілектерге уақыт жетті.

Ақбота: Туған жерім жарымсың,

                Туған елім тынысым.

               Мәңгі қымбат ұғымсың

               Ардақтысың, ұлысың.

 

Ернұр:Қазақстан – туған өлкем,

             Алға қадам басуда.

             Басып озып жарысқаның,

             Талай қырды асуда.

 

Елнұр: 20 жылды атап өткен

              Қазақстан алыптай.

              Аспанында ұшады

              Қанаттары қалықтай.

 

Диана: Қырман толы бидайың,

             Қуанышымды тимайын.

             Байлық кені өзінде,

             Жер астында мұнайың.

 

Айым:  Абай, Шоқан, Сәкен туған

              Құрметте, достым, қазақтың жерін.

              Қамбаға жылда миллиард құйған

              Ғажап қой, шіркін, Республикам менің!

 

Хормен:Туған жер, еш нәрсе жоқ сенен ыстық,

                Себебі, сенде туып, сенде өстік!

 

Мұғалім: Басыңнан ірпіп бостандық жерін

                 Кетпейді ойдан отандық ұғым.

                 Арыстан жүрек, айбынды елім,

                 Таниды сені бар әлем бүгін!

Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып, еліміз ұзағынан болсын деп тілей отырып, сендер бүгінгі оқушылар болсаңдар, ертеңгі Қазақстанның болашағысыңдар деп Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына арналған тәрбие сағатын «Әрқашан күн сөнбесін!» деген әнмен аяқтаймыз.

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152354

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар