Эвфемизм мен дисфемизм

5 ақпан 2014 - Гулёка
Эвфемизм мен дисфемизм

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

Мырзағалиева Гүлдана Жақсылыққызы

 

Сыныбы:5

Пәні:қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм.

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: сыпайы сөздер мен дөрекі сөздердің табиғатын таныту. Шығу төркінін, этимологиясын, семантикасын  түсіндіру.

Ә) Дамытушылық: сөздік қорларын сыпайы сөздермен толықтырып, тіл мәдениетін дамыту.

Б) Тәрбиелік:сөйлеу мәдениетін арттыру, ауызекі сөйлеу тілінде дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болуға, таза, әсерлі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі:   дәстүрлі талдау сабағы

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, пікірлесу, ойын

Сабақтың көрнекілігі:тірек сызба

Пәнаралық байланыс:әдебиет

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу

Ә) Сабаққа даярлықтарын тексеру, тіл дамыту

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Тыйым сөздер жаттау
  2. Өткен тақырыптар бойынша ережелерді еске түсіру

 

ІІІ. Жаңа сабақ

А) Қызығушылықты ояту бөлімі 

Әдепсіз                                            Әдепті

дөрекі                                              жағымды

жағымсыз                                       сыпайы

бейпіл                                              жылы

тұрпайы                                         жақсы

жаман                                             әдемі

көріксіз                                            көркем

 

Ә) Мағынаны тану бөлімі 

Эвфемизм.  Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда оларды басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

Дисфемизм. Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны дисфемизм деп атаймыз.

Мылжың – сөзуар, өтірік айту – қосып айту, ұрланды – қолды болды, ұрлық жасамау – ала жібін аттамау, өлді – қайтыс болды т.б.

 

Б) Толғаныс бөлімі

Тапсырма: дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.

Ерінен айырылған көмгенше жылайды,

Елінен айырылған өлгенше жылайды.

(көмгенше – жерлегенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін)

Қақылдаған тауық тумай қоймайды.

(тумай – жұмыртқаламай)

Шошқаға ерген балшыққа аунар.

(шошқаға – нашар, жаман адамға)

Жолдасың соқыр болса,

Сен де бір көзіңді қысып қой.

(соқыр – ауыспалы мағынада, надан болса, сұғанақ болса, аңғал болса т.б.)

Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.

(туып – лақтап)

Қарғаның бір көзі оқта, бір көз боқта.

(боқта – жаман нәрседе)

Сараң да бір, сасық су да бір.

(сасық – лас, иістенген)

Өсекшінің тілі қышып тұрады.

(өсекші – сөзуар)

Қысыр сөзде қырсық көп.

(қысыр – жаман, мәні жоқ)

Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.

(итпен – сенімсіз адаммен)

 

«Кім тапқыр?» ойыныойналады. Ойын шарты: мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе, «екі қолын қысып, қолдағандығы жөнінде ишарат білдіреді», әдепсіз сөз кездессе, «екі алақанымен екі бетін ұстап, ұялғандығы жөнінде ишарат білдіреді».

Өлді, өсекші, боқмұрын, сөз тасиды, боғы ботқа болу, соқыр, қайтыс болды, көзі көрмейді, о дүниелік болды, аяғын сілтіп басады, ақсақ, көз жұмды, қол салды, иттің ғана баласы, ұры, оңбаған, ұрлап алды, қаза болды, қолды болды, апатқа ұшырады, көзің шыққыр.

 

В) Оқулықпен жұмыс

І қатар. 106-жаттығу. Берілген тапсырма: дөрекі сөздерді теріп жазу.

ІІ қатар. 107-жаттығу. Берілген тапсырма: ырым-тыйымдарды талдау.

ІІІ қатар. 108-жаттығу Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазу.

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

Венн диаграммасы

Эвфемизм

Ортақ

Дисфемизм

Сыпайы Жағымды

Ауыстырып айту

Әдеби тілдің үлгісіне жатады.

Тіл біліміндегі құбылыс. Ойды бейнелейді. Мақсатты сөйлеу.

ӘдепсізДөрекі

Жағымсыз

Әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.

Ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі.

 

         Зымыран сұрақтар:

  1. Ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі? Эвфемизм.
  2. Мағынасы жағынан эвфемизмдерге қарама-қарсы құбылыс? Дисфемизм.
  3. Дисфемизммен сөйлейтін адамдардың мәдениеті қандай? Төмен.
  4. Әдеби тілдің үлгісіне жатпайтын тілдік құбылыс? Дисфемизм.
  5. Әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан құбылыс? Эвфемизм.

 Үйге тапсырма. 109-жаттығу. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мысалдаржазып келу.

 Бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліОдағайға байланысты қойылатын үтір

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150748

Пікірлер (19)
бекзат # 19 қараша 2014 в 11:35 0
Мысалы жынды дегенге созшен деуге болад
Айғаным # 15 қараша 2015 в 13:44 0
Жоқ жынды-ақмақ жауап
Ерке # 8 ақпан 2016 в 10:52 0
Ерке Есахан
нуркамал куат # 16 қараша 2015 в 19:39 0
Жуйкеси тозган адам
dzzuma # 15 қараша 2015 в 20:11 0
Уры созы калай эвфемизммен
Сапарғали # 17 қараша 2015 в 21:15 0
қолының сұғанағы бар
жания # 17 қараша 2015 в 22:21 0
ұры-қолының нымысқысы бар
дидар # 17 қараша 2015 в 22:52 0
колынын жымыскысы бар
Алиxан # 18 қараша 2015 в 19:16 0
Қолының сұғанағы бар
Заманбек # 19 қараша 2015 в 16:38 0
dzzuma ұры сөзінікі қолында сығанағы бар
ds # 19 қараша 2015 в 22:12 0
ұры сөзі тонау
акниет # 22 қараша 2015 в 20:59 0
колынын сунагы бар
ислам # 17 қараша 2015 в 21:00 0
өсекші сыпаиы қалаи аитуға болады
Нурсауле # 22 қараша 2015 в 20:32 0
Аузы жеңіл деуге болады!
гүлназ # 17 қараша 2015 в 21:56 0
Қызылөңеш деген не
Айдана # 18 қараша 2015 в 00:56 0
Соқыр,мылқау,топас,жынды сөзінің эвфимизмі калай?
Аружан # 19 қараша 2015 в 16:27 0
Ұры-қолының сұғы бар
Даулет # 23 қараша 2015 в 10:35 0
Топас сөзінін эвфемизмы қандай
белгісіз # 5 қаңтар 2016 в 18:28 0
надан,білімсіз

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар