«Еңбектің наны тәтті»

8 қазан 2015 - Лаззат Смаилова

1.«Танысу»

Бүгінгі жұмысымызды танысудан бастайық.

2.«Арт терапия»

Енді келесі жұмысымызға келетін болсақ ол- арт терапия, яғни шеңбер бойынша сурет саламыз. Біз бір ұжымда еңбек етіп жүргендіктен жұмысымыз байланысты болғандықтан ойымыз бір жерден шығатыны сөзссіз.Қолдарыңызға алдарыңызға берілген ақ парақпен қарындашты алып сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап тұрады, музыка тоқтаған кезде сіздер өздеріңіз салған суретті келесі адамға жалғастырасыз. Осылайша өз суретіңіз қайта оралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзінің бастаған суреті өзіне келгенде ,өз суреттеріне қарай тақырып беріп талдау жұмысы жүргізіледі.

    3. «Ой толғау»

    Сұрақ жауап.

    Педагогикалық әдеп дегенді қалай түсінесіз?

    Жауап: Педагогикалық үрдісте әрбір тәрбие мәселесін шешуде жеке адамдармен не ұжыммен қарым қатынас жасауда көрінетін сапа.

    Педагогикалық қабілет дегенді қалай түсінесіз?

    Жауап: Жеке адамның педагог ретінде балаларды тәрбиелеуде жоғарғы көрсеткіштерге жету шарты болып табылатын психологиялық ерекшелік.

    Дарындылық дегеніміз не?

    Жауап: Қабілеттердің өте жоғарғы деңгейі, адам мүмкіншіліктерінің әр түрлі сапада ерекше сипатқа ие болуы.

    Жаңашыл педагог дегенді қалай түсінесіз?

    Жауап: Өзіндік ерекшелігі барт, шығармашылық зертханасын жетілдіре түсетін, оқу тәрбие жұмысын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктерін дамыта алатын педагог.

    Педагогикалық шеберлікті қалай жетілдіруге болады?

    Жауап: ашық сабақтарға қатынасу, әдістемелік басылымдар арқылы іздеу, білім жетілдіру курсына қатысу, тәжірибе алмасу, қалалық, облыстық семинарларға қатысу.

    Мақалды жалғастыр.

    Жас кезімде бейнет бер

    Қартайғанда дәулет бер

    Еңбек ерлікке жеткізер

    Ерлік елдікке жеткізер

    Еңбек ширатады

    Өмір үйретеді

    Еңбекте қорлық жоқ

    Шындықта зорлық жоқ

    Халық қазы

    Еңбек таразы

    Еңбек түбі қуаныш

    Сауда түбі реніш

    Жұмысы жемістінің

    Өмірі келісті

    Еңбексіз тапқан мал

    Есепсіз кетер

    Еңбектен қашпа

    Ырысыңды шашпа

    Көп еңбегі көңілді

    Еңбек ет те міндет ет.

    4.«Сиқырлы орындық»

    Құрметті ұстаздар қазір біз мына сиқырлы орындыққа кім лайықты сол адамды анықтаймыз ол үшін мен мынадай сұрақ қоямын.Осы жанар балабақша ұжымындағы білімді, ақылды, шебер, төзімді ұқыпты, белсенді, еңбекқор, алғыр, тиянақты өз ісіне жауапты, берілген тапсырманы дер кезінде орындайтын сөзі өткір тұлға ретінде кімді ұсынасыз?

    Ойын шарты: мен сіздерге кішкене парақша тарқатамын сол жерге сіздер жауабын жазасыздар. Кім көп дауыс жинайды, сол адам сиқырлы орындыққа отырады. Бәріміз сол адамға жағымды комплимент айтамыз.

    5.«Релаксация»

Көзімізді жұмып, терең демалып, еркін тыныстайық. Жайма шуақ көктем мезгілі, күн жып жылы, нұрын шашып тұр. Жылуын шашқан күн нұры аяғыңызға түсіп, бүкіл тұла бойыңызды жылулық кернеп алды. Барлығымыз далаға шығамыз. Далада ағаштар жапырағын жайқалтып, гулдеп жасыл желекке айналған. Әрбір ағаштың жанынан өткен сайын жасыл жапырақтың иісін сезінесіз, қызғалдақтардың арасында келе жатырсыз. Екі қабатты автобус күтіп тұр, автобусқа мінесіз де саяхатқа қала аралауға шығасыз. Әсем қаланы аралап келесіз. Қаланың әдемілігіне көзің тоймайтын керемет сезімдесіз. Әсем қаланың орталығында орналасқан әмбебап дүкенге кірдіңіз, дүкеннен өзіңізге ұнаған бір нәрсені сатып алыңыз. Кері автобусқа мініп әсем әуенмен тұла бойыңызды сергітіп, көкірегіңіз шаттыққа толы жүзіңізбен оралыңыз. «Мен салмақтымын, төзімдімін, қиындықты жеңіп келемін, келешекте мені жақсы күндер күтіп тұрғанына сенімдімін» деп өзіңізге айтыңыз.Терең демалып көзімізді ашайық.

6. Ағаштағы адамдардың көңіл-күйі әртүрлі және әрқайсысының өзіне ғана тән орны бар. Ең алдымен, өзіңізге қайсысы көбірек ұқсайтынын анықтаңыз. Артынша ұқсағыңыз келетін адамды таңдаңыз.

Тест жауабы:

1) Ешнәрседен қорықпайтын, батыл мінезді адамдар №1, 3, 6, 7 позицияларды таңдайды.

2) Қандай жағдай болмасын достарынан қолұшын аямайтын, ақкөңіл адамдар №2, 11, 12, 18 және 19 позицияларды таңдайды.

3) Кез келген қиындықты оңай өткеріп отыратын адамдар №4 позицияны таңдайды.

4) Шаршаңқы, көңілсіз жүретін адамдар №5 позицияны таңдайды.

5) Көңіл көтеруді ұнатып, той-томалақтан қалмайтын адамдар №9 позицияны таңдайды.

6) Іштей қапаланып, үнемі уайымдап жүретін, көпшіліктің ортасында жүруді ұнатпайтын адамдар № 13, 21 позицияны таңдайды.

7) Өзімен сырласып, өзі ғана білетін әлемде өмір сүретін жандар №8 позицияны таңдайды.

8) Өмірдің әр сәтін бағалап, жан тыныштығын қалайтын адамдар №10, 15 позицияларды таңдайды.

9) Бақытсыз, тағдырына лағнет айтып жүретін жандар №14 позицияны таңдайды.

10) Айналасындағыларды өзіне бағындырып, мүмкіндіктерін асыра сілтейтін адам №20 позицияны таңдайды.

11) Көпшіліктің ықыласына бөленгенді ұнататын, өзгелердің пікіріне толықтай тәуелді жандар №16 позицияны таңдайды. Көп жағдайда №17 позициядағы адамнан қолдау күтеді.

6.«Жылы лебіз» бір бірлеріңізге жылы лебіздерімізді білдіреміз.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062332

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар