​Өзін-өзі тану пәнінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру

23 маусым 2014 - infust
​Өзін-өзі тану пәнінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру

ОҚО, Сарыағаш ауданы №4 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ерджанова Фатима Рахметқызы

Кіріспе

Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік;

Негізгі бөлім:

-Өзін-өзі тану пәнінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырубойынша әдістер кешені;

-Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.

Қорытынды бөлім:

Ілгері білімнен игерілетін білімге;

Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

-релеванттық ақпарат жинауды;

-дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

-кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

-ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Сыни тұрғыдан «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.

XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру- мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек. (Нұсқаулық)

Мектеп қабырғасында өтіліп жатқан кез келген пән бойынша оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру маңызды.Себебі сыни тұрғыдан ойлауға бейім оқушылар белсенді болады, олар кез келген жағдайда дербес пікір білдіре алады,өзіндік тұжырымдама жасайды.Оқушылардың мағлұмат тұрғысында дербес пікір білдіруі өзін өзі тану пәнінде маңызды, себебі бұл пәннің негізгі мақсаты оқушылардың бойында адами қасиеттердің құндылығы туралы ұғымды қалыптастыру.Яғни өзін-өзі тану сабақтарында шәкірттеріміздің өз пікірлерін білдіруіне айрықша мүмкіншілік жасау қажет.Осы мақсатта мен өз тәжірибемде оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында сындарлы оқыту технологиясының келесі әдістерін қолданамын.

«Шеңбер» әдісі- оқушыларды шеңбер түрінде отырғызып, ортаға талқылауға сұрақ тасталады.Сұрақ тұрғысында әрбір оқушының пікірін білу мақсатында шар немесе басқа да заттар қолданылады.Әр оқушы сұрақ тұрғысында пікірін білдірген соң, шарды басқа қатысушыға береді.Нәтижесінде әр оқушының дербес пікірі пайда болады.

«Жұлдыздар шоғыры» әдісі бойынша постер жасау-бұл әдіс топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады.Топтарға жұлдыз жапсырмалар мен постер таратылады.Әрбір топ жұлдыздарға берілген тақырып бойынша пікірін жазып, шоғыр құрайды.Мысалы, 8-сыныпта «Адамгершілік-басты адами құндылық» тақырыбы бойынша өтілген тақырыптарда осы әдісті қолдануға болады.Сонымен қатар топтық жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен өзара пікір алмасады, нәтижесінде әр оқушының тақырып тұрғысында дербес пікірі пайда болып, олардың сыни тұрғыдан ойлануына септігін тигізеді.

Тақырыптық постер жасау-бұл әдіс те топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады.Оқушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сурет түрінде бейнелейді.Тапсырманы орындау барысында оқушылар өзара пікір алмасады, нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлауға талпынады.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуда ақпараттық технологияларды қолдану да маңызды.Өзім сабақ беретін сыныптарда мен әр тақырып бойынша бейнебаянды көрсете отырып, олардың сыни тұрғыдан ойлануларына септігін тигіземін.Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуда берілетін сұрақтар маңызды.Мен оқушыларыма неге? ата? түсіндір? ойлан? бөліс? ұсын? сұрақтарын қою арқылы олардың дербес пікірін қалыптастыруға талпынамын.Мысалы, «Неге адамгершілік басты адами құндылық болып есептеледі? Кейіпкердің адамгершілік қасиеттері байқалған деректерді ата? және т.б.»Сонымен қатар бейнебаян көрсетілімінен соң,қайта бағыттау сұрақтарын қоюда маңызды.Бұл тұрғыда әр оқушыны сұрақ тұрғысында өзіндік пікірін білдіруге талпынады.Мысалы, «Қалай ойлайсыңдар,өмірде адамгершілік қасиетттер байқалатын қандай деректерді кездестіруге болады? Адамгершілік негізін қалай түсінесіңдер? және т.б.»

Сонымен қатар ақпараттық технологиялардың сабақ барысында релаксация кезеңін өткізуде маңызы зор.Мен өзін өзі тану сабақтарында шәкірттерімнің тақырыпты сезініп, тиянақтауын қамтамасыз етуде әр сабақ соңында баяу әуен қойып, тақырып тұрғысында ойлануларын қамтамасыз етемін.Әуен толқыны барысында оқушылардың тақырып жайлы ойлануы олардың сыни тұрғыдан ойлануына септігін тигізеді.

«Ұстаздың ұстаздығы білімділігі мен біліктілігінде»,-дегендей, білімнің асқар шыңына талпынған жастарға терең сапалы білімді беру үдерісі әрбір ұстаздан елеулі еңбекті талап етеді.Бұл өз кезегінде мұғалімнен сапалы әр нәтижелі оқытуды талап етеді.Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуға тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады.Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайға бейімделе алуына тығыз байланысты.Сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейлерде тәуелді жағдайлар жасалынғанда ғана жүзеге асырылады.Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы мен оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.Сондықтан да сапалы оқытуды жүзеге асыруды, оқушыларының сыни тұрғыдан ойлануын мақсат еткен мұғалім өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары қажет.

Жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беруде ұстаздар қауымы білім беру үрдісінің нәтижелі болуы үшін жауапкершілікпен қарауы шарт. Қазіргі таңда сапалы білім беру-мұғалім бейнесімен танылатын сан түрлі элементтер арасындағы байланыс болып табылады. Сапалы білім беру оқушылардың ,қоршаған орта мен оқыту және білім беру мекемелерінің бірлігі ретінде де қарастырылады. Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты-ол, біздің тәуелсіздігіміз.Оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Білім беру саласында қызмет атқарып жатқан әрбір ұстаз өз шәкіртінің білім көкжиегін кеңейтуге өзіндік үлесін қосуға міндетті.

Пайдаланылған әдебиет:

1. А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»(Алматы-2013);

2. Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық;

3. «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» (Алматы,2014)

4. Назарбаев.Н.Ә.Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!Қазақстан халқына Жолдау-Егеменді Қазақстан,29 қаңтар 2011 жыл.

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ

БаяндамаЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

ИнформатикаКеш тақырыбы: Лицей дарабозы

Химия​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Баяндама12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕГІ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083468

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар