«Конферанс жанры. Конферансье»

10 қаңтар 2015 - Askar Naymantaev
«Конферанс жанры. Конферансье»

Сонымен, конферансье міндеттері:

    ·Драмалық актер болуы керек.

    ·Эстрада және цирк артисі болу керек.

    ·Сөз сөйлеу жанрының артисі болуы керек. Өзі сөйлейтін тілді сүйе білуі шарт. Сол тілде анық сөйлеп, сауатты жаза білуі керек. Және басында ана тіліндегі сөзден басқа да бірталай терминнің мағнасын жатқа білетін қоржыны болуы шарт. (Білетін сөздің көлемі Дальдің сөздігндей болса жарайды. Орыс актерларының әзілі)

    ·Суырып салма болуы керек – кез-келген қыспақты сәттерден жеңімпаз болып шыға білуі, көрермен залынан шыққан барлық агрессияны әзілмен қайтара білуі, өзі бар ортаның қожасы бола білуі, сөзіне нандыратын, айқанға көндіретін, ең ұзақ паузаны толтыратын, ақылды аудиторияны өзінің арзан ойына сендіретін болуы шарт.

    ·Ең ұзақ мәтінді жылдам жаттап, адамның түр-түсін, киімін, аты-жөнін, туыстардың, достар мен таныстардың туылған күнін, сахнаға шығатын артистің барлың атақ, дәрежесін естен шығармайтын, бүгінгі күннің тың тақырыптарына, саяси жағдайына, тұрмыс-салтына байланысты әзілдер, афоризмдер жатқа білетін, әлемдегі белгілі саясаткерлердңі, спортсмендердің, жазушыфлардың, өнер адамдарының өмірбаянын жатқа соғатын миы болу шарт.

    ·Трагедияның күлкісін, комедияның қайғысын таба білуі керек.

    ·Өзін, өзінің табыстары мен жетістіктерін ұмытып, өзгені шын жүректен дәріптеуді үйренуі керек.

    ·Елдің көңіл күйін дөп басатын психолог, жұртты бір күйден екінші күйге ауыстра қоятын психотерапевт болуы керек.

    ·Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білуі керек.

    ·Тақырыптан ауытқымауға, арзан ойдың жетегінде кетпеуге, ала жіптен ары өтпеуге тәрбиелеу керек.

    ·Тілдесуге қызықты, сөйлесуге сүйкімді бола білу керек.

    ·Көрерменнің көксегенін дәл білетін көреген, артистердің қылығынан ертең не боларын білетін көріпкел бола білуі керек.

    ·Өзіне де өзгеге де, концерттің арасынад аяқ астынан болатын жағдайға да, алдын ала болатын мерекеге де сценарий, бағдарлама, шағын шумақ жаза білу керек.

    ·Сахнаның, өзі қызмет ететін кез-келген алаңның жарық, дыбыс, видео техникасын, микрофонмен жұмыс істеуді, орындық алып шығуды, реквизит пайдалануды жатқа білуі керек.

    ·Өзінің ден-саулығына, сырт келбетінің сұлулығына, киім киу мәдениетіне, айтқан сөзіне, берген уәдесіне жауап бере білуі керек.

    ·Сценарист және режиссер бола біліп, қажет болған жағдайда концерттік бағдарламаны күрт өзгертіп, өзінің шешімінің дұрыс екеніне артистердің көзін жеткізе білуі керек.

    ·Жұрттың білмей тек білгісі келіп жүргенін білуі шарт.

    ·Көрерменді де, артистерді де, өзін де сыйлай білуі керек.

Ресейдің алғашқы конференсьелерінің бірі П.А.Алексеев:

«Осы қасиеттердің бірі болмаса артист ешқашан конферансье бола алмайды. Ал, егер осы қасиеттің бәрін меңгерсе – оған конференсье болып қажеті не?!» — деген екен.

Сондықтан ойлан, бұл саған керек пе?.. Керек болса, Алға!

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніБалаңыздан білімді, мәдениетті көрермен тәрбиелеп шығарыңыз

Қосымша пәндер"Өлімнің рөлі" немесе жаңа кино. (сатиралық монолог)

Ұстаз үніХАТ (Асқар Наймантаев. "Мұқағалиға")

ҰстаздарғаБүгін Заманбек Нұрқаділов ағаның туған күні!

Ұстаз үніӨнер үйренем деген балаға ала көзбен қарамаңыз.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115537

Пікірлер (4)
Админ # 10 қаңтар 2015 в 17:59 +1
Рахмет Асқар аға танымдық мақалаңызға, тағы да салып тұрады деп үміттенеміз.
Askar Naymantaev # 10 қаңтар 2015 в 19:58 +1
Негізі осындағы жеке блогіме жазып едім. Әлде осында жазу керек пе еді соларды?
Админ # 11 қаңтар 2015 в 00:41 +1
Нақты, танымдық, ресми мақала болса осылай сайтқа тікелей мақала ретінде салғаныңыз жөн, блогқа жәй, жеке тұрмыстық, көңіл күйге байланысты жазбалар жазсаңыз болады, қысқасы блог күнделік ретінде ғой.
Таланттар мектебі # 11 қаңтар 2015 в 15:42 +1
dance Жаза беріңіз,оқимыз ғой. Шәкірттеріңіз оқиды.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар