Жақсылықпен жаным дос, 5 сынып

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мерзiм                                                                                                                                 №7

 Тақырып:  Жақсылықпен жаным дос         

Құндылық:  Ішкі тыныштық 

Қасиеттер:  өзіңді — өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық

Класс:  5 сынып              Оқушылар саны: 14

Сабақ мақсаты: Өмірде  жақсылық жасауға үйренеді, ішкі тыныштық құндылығының мәнін аша түседі.

Міндеттері:                                                                                  

  -оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды  шыдамшылықпен жеңуді ұғындыру;

-  жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу ;

-  іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

А) Нұрға бөлену (оқушылар өз әсерлерімен бөліседі)

Б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз… Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін...

  Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар… Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге: «Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге: «Жақсы болу өзіңнен» — деп қарайды. Ия, ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

 Ал, енді «бір, екі,үш» деп, бұрынғы қалпымызға келейік.

Үй тапсырмасын тексеру (өздерінің жанынан өлең  немесе эссе жазып келу)

Үй тапсырмасына «Жақсы көңіл-күй – жан шуағы»  тақырыбына  эссе немесе жанынан өлең жазып келу, мінездеріндегі теріс қылықтардан арылып, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүру тәсілдерімен бөлісу.

    (Оқушылардың үйден дайындап келген шығармаларын  талқылау). 

Сабақ                         барысын талдау:

3.      Топқа бөлу.

Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу. Жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы

3 топқа бөлеміз.

—  1-топ. Ақылдылар

—  2-топ. Мейірімділер.

—  3-топ. Әдептілер.

Топтың басшыларын жасырынған сөздері бар мақал-мәтелдерді беру арқылы сайлаймыз. Әр топқа

 1 мақал-мәтел беріледі, сондағы жасырынған сөзді тауып, мәтелді толықтыруға тапсырма беріледі.  (АКТ слайд арқылы көрсетіледі).

Топтың  лидерін мақал-мәтелдердегі  жасырын сөзді табуына қарай анықтау.

1 — топ             Жақсылық қылсаң-----------------қыл

2 — топ            Жақсының----------- айт, нұры тасысын.

3 — топ             -------------адам алысты жақын етер.

Жұмбақты тапқан оқушы топ басшысы болады.Топ басшылары топпен ақылдасып, сыныптың ережесін бекітеді.

Ереже: Уақытты тиімді пайдалану

                Тыныштық сақтау

                Сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу.

4.      Дәйексөз.

                                  «Жақсы сөз – жарым ырыс»          

 Мақалдың  мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қандай жақсы сөздерді  білесіңдер?
«Жарым ырыс» дегенді түсіндеріңдер?                  

 Халық мақалы                                

4.Әңгiмелеу

Жақсылық пен Жамандық

  Ертеде Данышпан  ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
— Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, — десе, Жамандық:
— Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, — дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. 
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
— Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, — дейді.
 Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
— Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, — дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
 Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
— Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан  ата ұрпағын алдына шақырып алып:
— Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, — деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен. 

Сұрақтар:

 «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?
Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Жақсылық жасау адамның міндеті ме?

 

 

 

Тыңдайды

Талқылауға қатысады

Өз ойларын ортаға салады

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Екі топқа екі түрлі ертегіден үзінді беріледі.

І топ                     Қарлығаш пен дәуіт ертегісі

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді.

..................................................................................  ертегіні өз ойларыңмен жалғастырыңыздар!

 

ІІ топ              Жолбарыс  пен тышқан ертегісі

Бір күні жолбарыс ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Жолбарыс оянып, тышқанды ұстап алады.Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын», дейді ол. Жолбарыс тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді.

… ертегіні өз ойларыңызбен жалғастырыңыздар!

ІІІ топ
Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп, сол қағазға өзі жасаған жақсы істерінің суретін салып немесе жазып жеткізу.
— Жұмыстарын қорытындылау.
— Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды (тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу). Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді. 

 Балалар ертегі желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс. Олар топ болып бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастыру қажет.

Топпен ән айту.

                           Біз өмірдің гүліміз

Сөзі: Ә.Дюсенбиев                       әні:  Б.Ғизатов

Зеңгір көктен                                          Бал достыққа,

Нұрын төккен                                         Жолдастыққа

Ортақ біздің күніміз                              Шақырады әніміз,

Жайдары өскен,                                     Тыныштықта

Жайнап өскен                                         Нұр құшақта

Біз өмірдің гүліміз.                                Бақыттымыз  бәріміз. 

 Хормен айту

Үй тапсырмасы.

№8  С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту. 32 бет.

Дәптермен жұмыс №7  1 Өздеріннің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме құрастырып келіңдер!

 

Оқушылар барлығы қосылып айтады.
Жақсы сөз, жақсы тілекті
Болайық ізгі ниетті
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен – кішіге.                                 Мысалы:
— Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
— Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
— Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
— Талапты достарыма табыс тілеймін.
— Сыныптастарыма амандық тілеймін.
— Отбасыма бақыт тілеймін.

— Ата — анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді, стикерлерге жазып іледі.

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.                                                                                                           — Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152277

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар