Мөлдір бұлақ- жасыл құрақ

6 сәуір 2016 - Дария Кожракова

                                  «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 

Мектеп:      Ақтоғай             Мерзім:                  № 20-21

Тақырып:   Мөлдір бұлақ- жасыл құрақ

Құндылық: Парыз               Қасиеттер: сүйіспеншілік, қамқорлық

Мұғалім:     Қожрақова Дария      Сынып: 6       Оқушылар саны: 

Пәнаралық байланыс: дүниетану, биология, ән-саз, бейнелеу

   Сабақтың   мақсаты:

Табиғаттың адам өміріне маңызы, адам мен табиғаит арасындағы үйлісімділік түсініктерін қалыптастыру. Табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар (құралдар, мәліметтер)

Үнтаспа, табиғат туралы мақал-мәтелдер, суреттер, компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.Денелеріңді түзу ұстап, қолдарыңды бос қойыңдар. Тыныс алуларыңды бақылаңдар.Терең тыныс алып, демді жайлап шығарыңдар. Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз.Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалғында жалаң аяқ жүрсіз.Сіз гүлдің, көк шөптің иісін сезесіз.Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстардың ән салғанын естисіз.Көзімізді ашып бізгі өмір, денсаулық, қуаныш, жақсы көңіл кұй сыйлаған Табиғат-Анаға «Рахмет» деп айтамыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге берілген тапсырма: «Табиғат тұтастығын сақтау жөнінде ұсыныстар айтып, оның мәнділігін дәлелдеңдер»

Дәйексөз: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» Ф.Оңғарсынова

Қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.

4. Әңгімелесу (сұхбат)

«Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»

  Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

 «Су ішкен құдығыңа түкірме»

 «Бұлақ көрсең, көзін аш»

деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.«Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін білсең ғой. Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп.

 Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!»

Мәтінмен жұмыс:

 « Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек берейік:

 

 

 

 

Оқушылар жауабы:

1)Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың. Жер- ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн көреді? «Судың да сұрауы бар» деп адамдар өздерің айтатын едіңдер ғой. Бүгін мен сендерге осындай сұрақ қоямын. Жауап беріп көріңдерші- деуші еді табиғат.

2)«Егер табиғатқа тіл бітсе, ол Семей полигоны туралы былай деп айтар еді: Адамдар, сендер қандай қатыгездік жасағандарыңды білесіңдер ме? Сен менің ауамды ғана улаған жоқсың, ұрпағыңды мүгедек еттің. Осы жарылыстың салдарынан қаншама адам бүкіл өмірін жылаумен өткізіп келеді. «Кім кінәлі?» деген сұраққа олар, «маңдайыма жазылғаны осы» дейді». Бірақ бұған тек адамдар кінәлі, полигон –адам қолымен жасалған қастандық. Менің ауам тазарар, бірақ ұрпағыңның денсаулығын қайтадан қалпына келтіре алар ма екенсің?- деп айтар еді Табиғат»

5. Шығармашылық жұмыс (топпен жұмыс)

1)1-топқа — Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат  жазыңдар

2-топқа — «Табиғатты қорғау және сақтау» жобасын жасаңдар

3-топқа — Табиғатқа байланысты айтылған тыйым сөздерді жазыңдар

 2) Әр топ мүшелері табиғат көріністері туралы сурет салады.

 

6. Топпен ән айту.

Абайдың әні:

Желсіз түнде жарық ай.

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны — терең сай

Тасыған өзен күрілдеп

 

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі

Көрінбей жердің топырағы

Құлпыраған жасыл жер жүзі

 

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

 

Таймаңдамай тымылжып

Бір суынып, бір ысып

Дем ала алмай дамыл қып

Елең қағып, бос шошып

 

Сөз айта алмай бөгеліп

Дүрсіл қағып жүрегі

Тұрмап па еді сүйеніп

Тамаққа кіріп иегі?

 

7. Үй тапсырмасы

 «Табиғат аясында өзіңді-өзің ұстай білу ережесінің» жобасын құру.

 

8. Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)

 

Бүгінгі сабақтан  алған білімдерін қорытындылау. 

Жауап: Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немқұрайлы  қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Биология§35 Антропосоциогенез сатылары. Адамның бейімделуі.

Биология§8 Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі.

Биология§ 46 Экологияға кіріспе.

Биология§3 Көмірсулар

БиологияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124478

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар