Іздегенде табылатын қасыңнан...

Сыныбы: 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан...

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

2.Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

3.Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Сабақтың әдісі : әңгімелесу, түсіндіру, тренингтер, шығармашылық жұмыс.

Пайдаланылатын көрнекіліктер:

Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері.

Мұғалім: — Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр. Қоршаған ортамен, қонақтармен амандасайықшы.

— Сәлеметсіз бе күннің көзі?!

— Сәлеметсіз бе аспан?!

— Сәлеметсіз бе жер — ана?!

— Сәлеметсіз бе қонақтар?!

— Сәлеметсің бе сен?!

— Сәлеметсің бе мен?!

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:

«Достарым» әні.

Сөзі: Х.Закарияновтікі;

әні: О.Көшеровтікі

Толтырады бір көңілдің отын достарым,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүріңдер сендер қолтықтан демеп, достарым.

Қайырмасы:

Жабыққан сәтте қас қағым,

Жаныңды ұғар басқа кім.

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап, достарым.

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,

Достықтың келдім сазына әнмен үн қосқым.

Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен,

Биіктен сайлап орынын адал шын достың.

Міне, балалалар! Сендер «Достарым» әнін тыңдадыңдар.

Досы көптің жаны семіреді

Асы көптің тәні семіреді, -деген нақыл сөз бар. Сендер дос, достық деген ұғымның мағынасын терең ажырата біліп, өмірде өздеріне сыйлас дос, сырлас дос таба білсін деп, бүгінгі сабағымызды осы тақырып төңірегінде өрбітпекпіз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Іздегенде табылатын қасыңнан...»

/Слайд арқылы достық түрлеріне тоқталу. Нағыз достықты көрсететін әңгімелерді тыңдату/

ІІ. Шаттық шеңбері.

  • — Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

Қандай тамашасыңдар, сендердің сүйікті достарың көп екеніне мен қуаныштымын!

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Не туралы екен?
  • Кімдердің достығы?
  • Ендеше бүгін, біз достық туралы әңгімелесеміз.
  • Иә бақытты балаға көп дос керек екен.
  • Сендерге достар керек пе?

ІҮ. Тақырыпты ашу сұрақтары

1. Дос деген кім?

    <img width="«91»" height="«44»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.gif»" alt="«Овал:" дос»="" v:shapes="_x0000_s1026">

    <img width="«58»" height="«40»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.gif»" v:shapes="_x0000_s1028"> Сыр бөлісетін адам

    <img width="«54»" height="«21»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image003.gif»" v:shapes="_x0000_s1029"><img width="«80»" height="«88»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.gif»" v:shapes="_x0000_s1027"> Мені өте жақсы түсінетін адам

    <img width="«65»" height="«18»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image005.gif»" v:shapes="_x0000_s1031"><img width="«59»" height="«2»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image006.gif»" v:shapes="_x0000_s1030"> Көмекке әрдайым дайын адам

    <img width="«65»" height="«30»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image007.gif»" v:shapes="_x0000_s1032"> Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам

    Сенімді адам

    2.Достық дегенді қалай түсінеміз не?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)

<img width="«76»" height="«58»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image008.gif»" v:shapes="_x0000_s1034"><img width="«76»" height="«58»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image008.gif»" v:shapes="_x0000_s1033"><img width="«61»" height="«64»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image009.gif»" v:shapes="_x0000_s1036"><img width="«77»" height="«74»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image010.gif»" v:shapes="_x0000_s1035">1- жауап:Адамдар арасындағы байланыс 2-жауап: Достықты шеңберге теңедім

<img width="«7»" height="«13»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image011.gif»" v:shapes="_x0000_s1038"> <img width="«50»" height="«15»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image012.gif»" v:shapes="_x0000_s1037 _x0000_s1039"> <img width="«7»" height="«12»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image013.gif»" v:shapes="_x0000_s1040"> <img width="«7»" height="«12»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image013.gif»" v:shapes="_x0000_s1041">

    3-жауап: Жүрек 4-жауап: Гүл

    <img width="«79»" height="«60»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image014.gif»" v:shapes="_x0000_s1042"><img width="«103»" height="«89»" src="«file:///C:/Users/User/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image016.gif»" v:shapes="«Рисунок_x0020_1»">

1.Досың бар ма? Ол кім?

2. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

3. Достық жасқа байланысты ма?

4. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

5. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

6. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

7. Дос қандай болу керек?

Адал жомарт адамгершілігі мол қарапайым мейірімді Дос кешірімді төзімді ақылды сабырлы салмақты кек сақтамау ашықтық бүкпесіздік

Ү. Мәтін оқу: Екі дос. Аңыз әңгіме

— Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.

V. Тыныштық сәті:

-Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)

-Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.

— Елестеттік пе? Жұмысымызға кірісейік, қазір әр топ өзінің «Достық әлемін» құрайық.

Достыққа қарама-қайшы сезім –ол дұшпандық, сатқындық. Әрине досы үшін жанын қиярға дайын, адал ниет, ақ көңіл адам жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ шын дос табу қандай қиын болса, мәңгілік дос болып қалу одан да қиын.

YІ. «Мінездеме беру» тренингі

Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.

Тірек сөздер:

Адал арам

жомарт өз қамын ойлайтын

адамгершілігі мол кекшіл

қарапайым сөзге түсінбейтін

мейірімді жалқау

кешірімді тәккапар

төзімді қатал

ақылды мейірімсіз

сабырлы сараң

салмақты қызғаншақ

кек сақтамау тұйық

ашықтық

«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік

YІІ. Мақалды жалғастыр

1. «Кемшіліксіз… іздеген адам… қалады».

2. «Дұшпан… айтады, дос… айтады».

3. «Жаңылмайтын… жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».

4. «… жаңасы жақсы,… көнесі жақсы.».

5. «… ақшаң болғанша, көп досың ...».

6. «Досы көппен…,

Досы жоқпен… ».

7. «Досы…, өзі де жақсы».

8. «… басқа қарайды,

… аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз… ақылды дұшпан ....».

10. « Досың мың ....,

… біреу болса да көп».

11. «… адам тамыры жоқ… тең»

12. «… дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

… дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

Жауаптары

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

12. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

. ҮІІІ. Қорытынды:

1.Ал, сендер достарыңмен әрқашан бірге болу үшін, мен сендерге бір аңыз. Сендер оның кейіпкері боласыңдар.

— Ертеде бір ата болыпты. Бір күні балаларын шақырып:

— Міне, сендерге бір — бір таяқшадан беремін. Оны сындырып көріңдерші. (балалар сындырады)

— Қалай сынды енді, біріккен таяқшаны сындырыңдаршы. Бір — бірлеп жүрсеңдер сендер де тез сынасыңдар, бәрің бірге жүрсеңдер ешкім сендерді сындырмайды. Тату — тәтті болу керек. Бірлік бар жерде тірлік бар.

2.

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
  • Досыңды алдамай, оған адал бол.
  • Досыңды қорлама.
  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
  • Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
  • Досыңның кемшілігін кешіре біл.

— Сендердің достарыңа қуанып, біздің әсем гүліміз одан сайын жайқала түсіпті.

ІХ. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

— Қол ұстасып, дөңгеленіп тұра қалайық та достығымызды бір — бірімізге жеткізейікші. Мысалы: Әйгерім, мен сенімен достасқаныма қуаныштымын. Шыңғыс сенімен дос болғым келеді.

«Ризамыз» әнін айту

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз бүгінге біз.

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Ризамыз3 бүгінге біз,

Ризамыз3 қазірге.

Х.Үйге:«Жүректен шыққан» деген күнделік арнау. Күнделікті кімнен жақсы сөз есіттің, кімге жақсы сөз айттың, сол жақсы жылы сөздерді жазып жүру.

Сабаққа қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103533

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар