Табиғат-біздің досымыз

21 сәуір 2015 - Құралай Орманова

Алматы облысы, Райымбек ауданы

Сарыжаз орта мектебі

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Умбетжанова Багира Байдильдаевна

Табиғат — біздің досымыз /бастауыш сыныптар/

Мақсаты: Қоршаған әлем мен табиғат құндылықтары туралы түсініктерін дамыту. Сөздік қорларын байыту

Тәсіл:Әңгімелесу, көрнекілік арқылы көркем оқу.Ұжымдық жұмыс

Технология. Мнемотехнология

Мотивациякезеңі

Шаттық шеңбері

Табиғатқа қамқор боп

Байлығын біз қорғайық

Табиғатпен достасып

Жақсы істермен қолдайық

Мұғалім

Балалар, табиғат анамызға алғысымыды білдірейік

Оқушылар суреттерге сәйкес лебіздерін білдіреді.

КҮН! Сәуле шашып, жылу бергеніңе рахмет!

ЖЕРАНА! Күш бергеніңе рахмет!

Аспаната! Таза ауа бергеніңе рахмет!

СУ ! Нәр бергеніңе рахмет!

Іздену-ұйымдастырукезеңі

Әуенойналады .СыныпқаКүн киімінкигенқызкіріп, амандасады.

Көк аспада тұрағым

Нұр шашады шуағым

Жылуымды беремін

Нұрыма мен бөлеймін

Бала:

Бар жандарға жылу берген

Мейірімдісің алтын күн

Бар әлемді нұрға бөлеп

Қайырымдысың алтын күн

Күн:

Сендерге көп рахметІ Мен бос келмедім, сендерге іші толы ғажайып қоржын алып келдім

Сұраққа жауап беруге қалайсыңдар?

Сиқырлы сөз айтайын

Қорап бетін ашайын

Сұрақтарды сендерге

Шашу етіп шашайын

-деп қорап ішіндегі жұлдызшаны көрсетеді. Әр жауаптан соң тақтадағы табиғат фонына суреттер орналастырылады.

Көктемде көңілдендіреді, жазда саясына алады,қыста жылытады

Ол не?

Жауаптан соң жұлдызша артындағы суреташылады/ күн/

Дидактикалық жаттығу «Ағашты ата».

Сұрақ

Ағаш адамға не үшін керек?

Біз қандай қамқорлық жасаймыз?

Жауаптан соң сурет магнит тақтаға жапсырылады.

Құстардың сайраған дауысы естіледі

Сұрақ.

Құстар әнін естігенде қандай күйде боласыңдар?

Д/О «Бұлқайқұс?»

Жер бетінде үнемі құстарсайрап тұру үшін адам не істеу керек?

Жауаптан соң тақтаға құс суреті ілінеді

Келесі жүлдызша алынады

«Көбелек» сергіту сәті

Гүл ұйқысынан оянды, жан-жағына қарады

Жерге сәлем берді, күнге қолын созды

Қанатын қағып көбелек, күнмен бірге тұрды

Ең әдемі көбелек, гүлдерге келіп қонды

Сергіту жаттығуынан кейін тақтаға көбелек суреті ілінеді

Келесі жұлдызша алынады

Гүл жапырақтары көрсетіледі

«Гүлдерді түсіне қарай жина»

Сұрақ

Гүлдер не үшін керек?

Біз қандай қамқорлық жасаймыз?

Тақтаға гүлдер ілінеді

Бекіту кезеңі

Міне, балалар, сұрақтарға жауап бере отырып, табиғаттың әсем бейнесін құрастырдық./Тақтада әдемі табиғат көрінісі құрастырылады. /

Осы табиғатқа жылу бертінне? КҮН, суретін жапсырады.

Табиғатқа байланысты мақал-мәтел айтады.

Қорытындылау

Жүректен — жүрекке

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды

Бәрін өзі басқарған

Мынау менің қолдарым

Табиғаттықорғайтын.

Хормен «Әрқашанкүн сөнбесін»әнінорындайды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103550

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 27 сәуір 2015 в 09:43 0
Табиғат туралы оқушыларға биология, химия, қоғам, физика, тәрбие сағаттарында үнемі айтылса да табиғатқа деген көзқарасқа көңіл толмайды. Табиғат-біздің мекеніміз, тіршілік ортамыз, өміріміз, оған зиян келтіру, өзімізге зиян келтіру екенін оқушылар кіші жастан құлақтарына құйып, сезініп өссе екен деп тілеймін.
Базаргул Алтынбекқызы # 27 сәуір 2015 в 20:18 0
"Табиғат- біздің досымыз" тәрбиелік мәні бар сабақ. Табиғат- өз үйің демекші, бізді қоршаған орта.Табиғатты қорғау, аялау керектігін оқушы бойына сіңіру.Болашақ өскелең ұрпаққа үлкен тәрбие, себебі саналы тәрбие бастауышта қаланады емеспе.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар