Қазақстан жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер

21 қыркүйек 2014 - Админ
Қазақстан жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер

Қабдолова Клара Жексенбайқызы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Б.Бегалиев атындағы орта мектебі

тарих және құқықтану пәнінің жоғары

санатты мұғалімі.

«Тарихты оқытудың тарау жолдары»

айдарына.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер

Сабақтың мақсаты: : оқыту Қазақ тарихындағы тәуелсіздік жолындағы

ұлт-азаттық көтерілістер туралы білім нақтылау

тәрбиелеу: Өзара көмек, білім молайту мақсатында

адамгершілік тәрбиесін жетілдіру;

: дамыту Оқиғаға қорытынды жасау, талдау, сипаттама

беру дағдыларын одан әрі дамыту;

Қосымша мақсаты: — дерек көздерімен жұмыс жасау;

— оқушы білімін саралау,өзіндік талдауды жүзеге асыру;

Түрі: Модульдік жүйенің қорытынды сабағы.

Әдісі: Саралау, талдау, көзқарас білдіру, дерек көздерімен жұмыс жасау.

Күтілетін нәтиже: Жаңа,қосымша, деректермен тілдеседі.

Жабдығы: — Карта;

-таным кесте

-тұлғалар туралы деректер

-әдебиеттер топтамасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

ІІ. Ұқсастығын табу (өткенге шолу)

1837-1847ж 1856-1857ж Ортақ белгілері, ұқсастығы

1836-1838ж 1916ж

1783-1797ж 1986ж

ІІІ. «Миға шабуыл» — Мына ұғым қай көтеріліске сәйкес келеді?

(стратегиясы бойынша).

1.Байбақты руы (С.Датов)

2.«Қазақ әскері»(С.Датов)

3.Жасқұс (Исатай-Махамбет)

4.Шаруалар (бәріне ортақ-1986ж басқа тап)

5.феод.мемлекет (Кенесары)

6.Ақбұлақ (Исатай-Махамбет)

7.Елбегі (1916 ж. әкімшілік басшысы)

8.«Өртенген жер» (1916ж)

9.Феодал-байлар сатқындығы (Исатай-Махамбет)

10.Хандық сот (Кенесары-хан 1841ж)

11.Майтөбе (Кенесары 1847ж шайқас болған жер)

12.Реквизицияланған қазақтар (1916)

13.Жаңақала (Жанқожа)

14.Компромисті саясат (1916ж)

15.Сардарбек (1916ж)

IV. Қазақта тұңғыш...

(мультимедиядан-таным дерек)

1. Қоқан, Қырғыз шапқыншылығында күрестің бас батыры: Саурық

(1814-1854)

2. Ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, патшаның отаршылық азабын тартқан Кенесары хан жұбайы: Байболатқызы Күнімхан ханым (ХІХғ)

3.Орыс отаршылдарына қарсы күресте қол бастаған батыр әйел: Қасымбекқызы Бопай (Кенесары қарындасы) (ХІХғ).

4. ХІХғ. Саяси қайраткер әйел: Уәли ханның жұбайы, ханша Айғаным Сарғалдаққызы (1783-1853ж)

5.1831ж генерал атағын алған, 1841ж мектеп ашқан: Бөкейұлы Жәңгір (1801-1845ж)

6. Орыс географиялық қоғамның күміс медальін ғылыми этнографиялық зерттеу еңбегі үшін алған: Мұхаммед-салық Бабажанов

7.Қазан университетін 1916-1917 ж бітірген тұңғыш қазақ заңгері: Шафқат Бекмұхамедов (Мұхамеджан-Мақаш ұлы)

8. Қазақ автономиялық республикасында Қиғаш өзенінің қалуына күш жұмсап, мәселені оң шешуге қол жеткізген: Нұғымжан Манаев

9. «Мұғалім» атты педогокуикалық журнал шығаруға ( 1919ж. ақпан №1) тікелей басшылық берген: Сейтқали Меңдешев

10.Кабинеттік оқу жүйесінің негізін салған «Білім апталығы » «студенттердің қоштасу кеші» шараларын ұйымдастырған, 1914-15ж Түлкібас маңында Жетісу темір жол тармағында жұмыста болған, Т.Рұсқұловтың білім алуына көмек көрсеткен: Мұхаметжан Тынышпаев

V. Сұрағым бар?! айдарымен жұмыс

(толғандырған сан сауал… немесе тосын сауалдар сәті.)

1.«Кіші қайсақ» атанған хандықты қай хан биледі? (Бөкей бастаған қазақ ру басылары)

2.Игельстром реформасы қандай құжат (генерал-губернаторлық жанындағы рубасы кеңесі туралы жоба)

3.Мадияр деген кім? (М.Дулатовтың бүркеншік аты)

4.Бопай ханым? (Кенесары қарындасы)

Әбілқайырдың 4 әйелінің екіншісі:

1.Әмеңгерлік жолмен үйленген-Тоқтамыс сұлтаннң жесірі

2.Бопай

3.Башқұрт «нағыз әйел», «нағыз ханша»

4.Қырғыз

5.Кенесары суретін салған кім? (Әубәкір Ысмайылов)

VI.Мойынға тағар тұмар бұл

Елдікке бастар ұлан бұл

Халқы мәңгі өлтірмес

Өзіне қызмет еткен тұлғаны… деп «Менің жаныма жақын, пір тұтар тұлғам!»–жүйесімен жұмыс

Тарихи тұлғалар туралы «ой толғау»

1.Санжар Асфендияров-

2. Әлихан Бөкейханов-

3. Кенесары Қасымұлы-

4.Қайрат Рысқұлбеков-

VII.Пікір бөлісу «Суреттер мен оқиғалар» (1916ж мен 1986ж) суреттер бойынша пікір айту

VIII.Ой-толғаныс кезеңі.

Тест сауалдары.

Вариант «А»

1.Қазба жұмыстары кезінде сүйектен жасалған түйреуіш шахмат тастары табылған қала?

А. Талас

В.Ақмешіт

С. Тараз

Д. Талғар

Е. Қойлық

2.ХІғ. топтардың қоғамдық санасы мен саяси тұжырымдар көрініс тапқан еңбек авторы?

А. Қашқари

В. Баласағұни

С. Қидырғали

Д. Иассауи

Е.Дулати

3. Колхоздарды ұжымдастыруға қарсы наразылық кезінде Иран мен Ауғаныстанға көшіп кетуге мәжбүр болған көтерісшілер шоғырланған аудан?

А. Созақ, Сарысу

В. Өскемен, Самарқанд

С. Балқаш, Жаркент

Д. Қарқаралы, Батпаққара

Е. Маңғыстау, Ойлы

4. Жібек жолы бойында Талас жазығында VІғ. Бері белгілі қала?

А. Суяб

В. Сайрам

С. Науакет

Д. Алмалық

Е. Тараз

5.VІІғ.б. Қазақстан территориясында будда діні кең тараған аймақ?

А. Оғыздар территориясында

В. Қазақстаннның барлық территориясында

С. Шығыс Қазақстанда

Е. Амудария, Сырдария аралығында

Е. Жетісу, Оңтүстік Қазақстанда

6. ХХғ. 60жылдары ІІ жартысында ғылыми-техникалық прогресстің басты бағыттарының бірі

А. Өндірісті автоматтандыру

В. Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету

С. Өндірісті механикаландыру

Д. Өндірісті электрендіру

Е. Өнеркәсіпті индустриаландыру

7. Республика астанасын Ақмола қаласынакөшіру туралы шешім қабылданған уақыт?

А. 1999ж

В. 1995ж

С. 1996ж

Д. 1993ж

Е. 1998ж

8. Қазақстандағы ІІІ бесжылдықтың басты мақсаты?

А. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту

В. Автомовиль жол торабын дамыту

С. Қазақстанда түсті металдардың ірі базасына айналдыру

Д. Қорғаныс өнеркәсібін дамыту

Е. Машина жасауды дамыту

9. ХІІІғ. Рубриктің мәлімдеуінше Іле аңғарында иран көпестерінің сауда орындары болған қала?

А. Яссы

В. Сарайшық

С. Отырар

Д. Эквиус

Е. Алмалық

10. Жетісудың Ресейге қосылуының аяқталу кезеңінде Алатау округін басқарушы?

А. Перовский

В.Эссен

С. Иерняев

Д. Колпаковский

Е. Гасфорт

Вариант «Б»

1.Қарақытай мемлекетінің басшысы?

А. Жабғы

В. Бұйрұқ

С. Елтебер

Д. Басқақ

Е. Горхан

2. ХVІІІғ. Қазақ хандығының саяси жағдайын реттей алды?,

А. Қасым хан

В. Хақназар хан

С. Есім хан

Д. Тәуке хан

Е. Абылай хан

3. «Әскери коммунизм» белгілерінің бірі?

А. Азық-түлік салығы

В. Еркін сауда

С. Меншіктің түрлі.лгілері

Д. Өнеркәсіпті максималды национализациялау

Е. Шетел капиталын тарту

4. ХІІІғ Қазақстан мен Орталық Азияда теңгенің дәстүрлі үш түрін (динар, дирхем, мыс) шығарған жалғыз қала?

А. Сайрам

В. Баласағұн

С. Отырар

Д. Тараз

Е. Сығанақ

5.Ақмешіттің астана болған уақыты?

А. 1920-0924ж

В. 1925-1929ж

С. 1924-1928ж

Д. 1919-1924ж

Е. 1923-1928ж

6. 1916ж. Торғай ошағындағы көтерісшілердің ең көп саны нешеге дейін жетті?

А. 60

В. 50

С. 40

Д. 20

Е. 30

7. Ақмола қай уақыттан бері Астана қаласы деп атала бастады?

А. 1998, 6 мамыр

В. 1997, 6 мамыр

С. 1996, 6 мамыр

Д. 1999, 6мамыр

Е. 1995, 6мамыр

8. VІ-VІІғ. Көне түрік мемлекеттеріндегі тулар атауы?

А. «Қош жалау»

В. «Он оқ будун»

С. «Бөрілі ту»

Д. «Таңбалы ту»

Е. «Бөрілі байрақ»

9. Ұлттық «қазақ » газетіне жетекшілік жасаған?

А. Бөкейханов

В. Дулатов

С. Байтұрсынов

Д. Жақыпов

Е. Тынышпаев

10. 1927 жылғы оқиға?

А. Индустриалық бағыты жақсарту жайында

В. Ауыл шаруашылық бағыты коопартиялау жайында

С. Байларды конфесклеу

Д. Өлкелік басқару жұмысы басқарды

Е. Оқу орындары ашыла бастады

Вариант «А» Вариант «Б»

1-Д 6-Д 1-Е 6-В

2-В 7-С 2-В 7-А

3-Е 8-С 3-Д 8-Е

4-Е 9-Д 4-С 9-С

5-Е 10-Д 5-С 10-А

Түйін:

«Ұлттың ұлы тұлғаларын білу тарихи тамырынды тану, қазіргі заманғы лайықты көзқарасынды, Отаншылдық сана сезіміңді қалыптастыру деген сөз» И.Тасмағанбетов

Қорытынды: Бағалау

Үйге тапсырма: 1. Жаңа тарауға деректер мен дәйектер жинау

2. Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар (тірек сызба)

құрау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110030

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар