Қазақстан тарихынан сынақ сұрақтары

29 қазан 2015 - Нургиза Кульджина

Қазақстан тарихынанҰБТ-ға дайындыққа арналған

сынақ сұрақтары

6 сынып оқулығы бойынша

1.Тас дәуірінің хронологиясын ата.

б.з.б 2,6 млн жылдан — б.з.б 3 мың жылдық

2.Археологтар тас дәуірін неше кезеңге бөледі?

3 кезеңге: палеолит, мезолит, неолит

3.Палеолиттің хронологиясын ата.

б.з.б 2,5 млн жылдан — б.з.б 12 мың жылдық

4.Палеолит неше кезеңнен тұрады?

— ерте — б.з.б 2,5 млн жылдан — б.з.б 40 мың жыл

— кейінгі — б.з.б 40 – 12 мың жылдар

5.Ерте палеолит неше кезеңге бөлінеді?

3 кезеңге: олдувэй, ашель, мустье

6.Палеолит дәуірі неше жылға созылған?

Шамамен 3 млн-дай жыл

7.Жер бетінде алғашқы адам қаңқалары қай жерден табылды?

Шығыс Африка (Танзания) Олдувэй шатқалынан

8.Алғашқы адам қандай болған?

Адам тектес маймылға ұқсас болған – гоминидтер

9.Адамзатты ғалымдар дамуына қарай қалай атады?

«епті адам», «тік жүретін адам», неандерталь адам, кроманьондық адам

10.«Тік жүретін адам» өкілдері кімдер?

Питекантроп – 1891 ж Ява аралынан табылған;

Синантроп – Солт. Қытайдан табылған

11.Неандерталь қай жерден табылған?

Германиядан, Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен

12.Кроманьондық адам немесе «саналы адам» қай жерден табылған?

Франциядан (кейінгі палеолитте – б.з.б. 40 мың жылдықта)

13.Қазақстан аумағында алғашқы адам қашан пайда болды?

Бұдан 1 млн. жылдай бұрын

14.Алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы қалай аталады?

Адам тобыры – оған 20-30 ересек жандардан тұрды

15.Адамдардың алғашқы еңбек құралдарын ата

Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы

16.Әлем бойынша ең көне құралдар:

Чоппер, чоппинг – Олдувэйден табылған

17.Қазақстанның қай жерінен алғашқы еңбек құралдар табылды?

Арыстанды өзені бойында (Жамбыл обл);

Қаратаудан (Қаз-ң оңтүстігі)

18.Алғашқы адамдардың кәсібі: Терімшілік пен аңшылық

19.Екі жағынан өңделген құрал қалай аталды? Бифас

20.Алғашқы адамдардың жануарлардан басты айырмашылығы не?

Еңбек құралдарын жасай білді

21.Тас құралдардың ұшын өткірлеу әдісі қалай аталды?

Ретушь әдісі (араның жүзі тәрізді)

22.Археологтар Қазақстанның қай жерлерінен мустье кезеңінің тұрақтарын көп тапты?

Шығыс Қаз.; Оңт. Қазазақстан – Ш. Уәлиханов тұрағы

23.Жер бетін мұз басу қашан болды? Бұдан 100 мың жыл бұрын

24.Мұздың еруі қашан болды? Бұдан 13 мың жыл бұрын

25.Адамдар от жағуды қай кезеңде үйренді? Мустье кезеңінде

26.Ашель кезеңінің тұрақтары:

Бөріқазған, Тәңірқазған (Қаратау жоталарында)

Құдайкөл, Жаман Айбат, Обалысай, (Орт. Қаз-н)

Қозыбай (Ш. Қаз-н)

27.Туысқан адамдар ұжымының атауы. Рулық қауым

28.Рудың алғашқы түрі. Аналық ру

29.Мезолиттің хронологиясы. Б.з.б 12-5 мың жылдықтар

30.Мезолиттің ең басты жаңалықтары не?

Микролит, садақ пен жебенің пайда болуы.

31.Мал шаруашылығы мен егіншіліктің алғашқы белгілері қай дәуірде пайда бола бастады? Мезолитте.

32.Неолиттің хронологиясы. Б.з.б 5 — 3 мың жылдықтар

33.Тас өңдеу техникасының гүлденген кезеңі қай дәуір? Неолит

34.Неолитте еңбек бөлінісі пайда болды, оны қалай түсінесің?

Егіншілік, мал өсіру, қолөнермен айналысу

35.Неолитте қолөнердің қандай түрлері пайда болды?

Тоқымашылық, қыш құмыра жасау, әшекей бұйымдар жасау.

36.«Қыш құмыралар заманы» деп қай дәуірді айтады?

Неолитті.

37.Неолит тұрақтары неше түрге бөлінеді?

Төртке – бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік

38.Қазақстаннан неолиттің қанша тұрақтар табылған?

800түрақ

39.Неолит ескерткіштері

Қараүңгір – Оңт. Қазақстан обл Түлкібас ауданы;

Сексеуіл – Қызылорда обл.

Усть-Нарым – Шығыс Қазақстан обл;

Пеньки – Солт. Қазақстан обл;

Зеленая Балка, Қарағанды – Орт. Қазақстан

40.Энеолит (мыс-тас) дәуірінің хронологиясы

Б.з.б. 3000 – 1800 жылдар

41.Мыс өңдеуді қашан үйренді? Бұдан 5 мың жыл бұрын

42 Алғаш мыс игеру Қазақстанның қай аймағында болды?

Орталық және Шығыс Қаз-н

43.Жезқазған өңірінде балқытылған мыстың көлемі қанша?

100 мың тоннадан асқан

44.Энеолит дәуіріндегі ерекше өзгерістер:

1.еңбек бөлінісі

2.аталық ру (патриархат)

45.Энеолит дәуірінің қандай тұрақтары белгілі?

·Ботай тұрағы – Солт. Қазақстанда;

·Шебір тұрағы – Маңғыстау өңірінде.

46.Ботайлықтардың ерекшелігі неде?

Бүкіл Еуразия даласында ең алғаш жылқы өсірушілер болған.

47.Ботай қонысынан қанша жылқының сүйек қалдықтары табылған? 70 мың

48.Ботай қонысынан қанша тұрғын үй табылған?

158 тұрғын үй, үйлер жануарлар терісімен қапталған

49. Шебір тұрғындары нені моншақ етіп таққан?

Ұлу қабықтарын

50.Шебір тұрғындарының саз балшықтан жасаған ыдыстарының түбі не тәрізді болды?

Жұмыртқа тәрізді?

51.Пиктография деген не?

Тасқа түсірілген хат суреттер

52.Алғашқы адамдарда діни түсініктердің болуы неден байқалады?

Неандерьтальдықтардың жерлеу ғұрпынан

53.Алғашқы діни түсініктер қандай болды?

*Анемизм – жан мен рухтың бар екеніне сену

*Тотемизм – жануарлардан шықтық деушілер

*Магия – сиқыршылық, тылсым күшке сену

*Фетишизм – затқа табыну, ең көрнекті түрі – бойтұмар.

54. Құдайлар мен аруақтар бейнелері қалай аталды?

Пұт – деп аталды.

55.Өнер қашан пайда болды?

Неолит пен энеолитте

56. Алғашқы суретшілер сурет салуға нені пайдаланған?

Ағаш көмірін

57. Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған ыдыстардың түптері қандай бояумен боялған?

Қызыл бояумен

58. Ертедегі мүсіншілер адамдардың бейнелерін неден жасады?

Сүйек пен мүйізден

59. Қола дәуірінің хронологиясын ата.

Б.З.Б. 2 мың жыл- б.з.б. 1 мың жылд. аралығы

60. Тас балтаға қарағанда қола балтаның мүмкіншілігі қандай?

3 есе тез шапты

61. қола дәуіріндегі ерекше жетістіктің бірін ата.

Дөңгелекті ойлап табу

62. Қола дәуірінің 3 кезеңі:

*ерте қола б.з.б. ХҮІІІ – б.з.б ХҮІ ғғ – «нұралық кезең»

*орта қола б.з.б. ХҮІ – б.з.б ХІІ ғғ – «атасулық кезең»

*кейінгі қола б.з.б. ХІІ – б.з.б ҮІІІ ғғ «Беғазы-Дәндібай» мәдениеті

63. Қола қалай өндірілді?

Мыс пен қалайының қосындысынан алынды

64. Ерте қола дәуірінің мәдениеті қалай аталады?

Андрон мәдениеті. (Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосының атымен аталған)

65. ғалымдар солтүстік және Батыс Қаз-нан қанша Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді? 80-нен аса

66. Орталық қаз-нан қанша қоныс зерттелді?

30 қоныс, 150 қорым.

67. Ғалымдар анықтаған қола дәуіріндегі алғашқы қала?

Арқайым. (Қостанай облысы мен Челябі облысының (Ресей) шекарасынан табылған)

68. Қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Түгіскен кесенесі қай жерде орналасқан?

Сырдарияның төменгі ағысы

69. Андрондықтар қай нәсілге жатады? Еуропоид

70. Андрондықтардың сырт бейнесін сипаттап жазған қай ғалым?

В. П. Алексеев (мұрынды келген, көздері үлкен, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті дамдар болған)

71. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналарын неге ұқсатады? Қазақтың киіз үйіне

72. Андрондықтар қандай малдарды өсірді?

қой, сиыр, жылқы, екі өркешті тұйе

73. Ерте қола дәуіріндегі егіншілік қалай аталды?

Теселі егіншілік (орта қола дәуірінен бастап «кетпенді егіншілікпен» айналысты)

74. Қола дәуірінің соңғы мәдениеті қалай аталады?

Беғазы-Дәндібай (Орт. Қаз-н)

75. Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеген ғалым?

Әлкей Марғұлан. 1946 ж. бастап.

76. Жеке меншік қалыптасқан кезең? Қола дәуірі

77. Қола дәуірінде жоғары билік қалай аталды?

Халық жиналысы

78. Абыздар кімдер?

Дін иесі және ежелгі дәстұр мен білімдерді сақтаушы

79. Темір дәуірінің хронологиясы.

Б.з.б. ҮІІІ ғ – б.з. ҮІ ғасыр

80. Темір дәуірінде Қазақстан жерінде алғаш тайпалық одақ құрған кімдер?

Сақтар, олар 3 топқа бөлінеді:

*тиграхауда-шошақ бөрік киген сақтар;

*парадарайа – теңіздің арғы жағындағы сақтар;

*хаумаварга – хаома сусынын дайындайтын сақтар.

81. Сақ қоғамында қандай басқарылым боолды?

әскери демократия

82. Сақ қоғамы неше топтан тұрды? 3 топтан.

* жауынгерлер – қызыл киім киді;

*абыздар – ақ киім киді;

* малшылар мен егіншілер – сары, жасыл түсті киім.

83. Сақтарды «ең әділ, ең шыншыл» халық деп атаған кімдер? Гректер

84. «Сақтар жақсы шабандоздар болған» деп кім айтты?

Грек геаграфы Страбон

85. «Сақ» сөзінің мағынасын кімдер қалай айтады?

Парсылар – құдіретті еркектер;

Ирандықтар – жүйрік атты турлар;

86. Геродот жазбаларында сақтар қалай аталады?

Массагеттер

87. Геродоттың өмір сүрген жылдары?

Б.з.б. 484 – 425 жж шамасында

88. Сақ жеріне Кир бастаған парсылар қашан басып кірді?

Б.з.б. 530 ж (парсылар жеңілді, Кир өлтірілді)

89. І Дарий бастаған парсылар сақтарға қарсы қайтадан қашан шабуыл жасады? Б.з.б. 519 ж.

90. Марафон шайқасы қашан болды?

Б.з.б. 490 ж. (парсылар гректерге қарсы соғысты, грек әскерінің құрамында сақтар да болды)

91. І Дарийге қарсы шайқаста ерлік көрсеткен сақ жауынгері кім? Шырақ

92. Томирис әйел болса да жаудың шабуылынан қорыққан жоқ – деп жазған кім?

Рим тарихшысы Помпей Трог

93. Александр Македонскийдің сақтарға қалай шабуыл жасағанын жазған кім? Грек тарихшысы Арриан

94. Оңт. Қаз-дағы ең көне сақ тайпаларының ескерткіштерін ата?

Түгіскен, Ұйғарақ (б.з.б. ҮІІІ-Ү ғ. жатады)

95.Археологтар қазба жұмысын жүргізген Шірік-Рабат қаласы қай жерде орналасқан?

Қызылордадан 300 км жерде

96. Сырдария бойында орналасқан, қамал қабырғалары мен айнала қазылған орлары болған қала.

Бәбіш-Молда қаласы

97. Іле өзені жағалауында табылған қорым.

Бесшатыр қорымы (б.з.б. Ү-ІҮ ғ жатады)

98. Бесшатыр қорымы неше обадан тұрады? 31 оба

99. Алтын киімді адамдар Қазақстанның қай жерлерінен табылды?

* «Алтын киімді адам» — Есік обасынан, Алматы облысы;

* Сармат жауынгері — Аралтөбеден, Атырау жері

*«Шілікті алтын адамы» — Бәйгетөбеден, Ш.Қаз. обл

* Тақсай ханшайымы – Орал аймағы;

*Үржар ханшайымы – Шығыс Қаз. обл.

100. Сақтардың «аң стилі» мәдениеті қашан пайда болды?

Б.з.б. ҮІІІ ғ

101. Ежелгі замандағы Сарыарқа тұрғындарының мекені.

* аргиппейлер – солтүстік батысында;

* исседондар — орталығында;

* аримаспылар – шығысында мекендеген

102. Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері қалай аталады? Тасмола мәдениеті

103. Орталық Қазақстан ескерткіші қалай аталады?

«Мұртты обалар» (оның 4 түрі бар)

104. «Ақ жалды жүйрік аттың иелері» деп кімдерді атады?

Аргиппейлерді

105. Малдың жаппай қырғынға ұшырауы қалай аталады?

Жұт

106. Шығыс Қазақстандағы Шілікті ескеткіштерін ең алғаш зертеген ғалым кім?

С. Черников. 1960 жылдан бастап

107. Шілікті жазығында қанша ескерткіш орналасқан?

200- дей

108. 13 қола жебе қай жерден табылды? Шіліктіден

109. Берел қорымы қай жерде орналасқан? Ш. Қаз-н

110. 13 жирен жылқы табылған оба. Берелден

111. Еліміздің батыс аумағын мекендеген сарматардың өмір сүргаген уақыты. Б.з.б. ҮІІІ – б.з. Ү ғ

112. Сарматардың құрамына енген тайпалар:

Роксолан, аорс, сирак, алан.

113. Батыс Қаз. жерінен табылған сарматтар туралы деректер беретін қорым. Сынтас қорымы

114. Ғұндар кезеңі қай уақытты қамтиды?

Б.з.б. ІІІ – б.з. ІҮ ғ

115. Ғалым Л.Н. Гумилевтың айтуынша ғұндарда мемлекет қашан пайда болды?

Б.з.б. 209 ж (Мөде) халық саны 300 мың, 24 руға бөлінді.

116. Ғұн мемлекетінің екіге бөлінген уақыты.

Б.з.б. І ғасырдың ортасы (Б.з.б. 55 жыл)

117. «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген не?

Ғұндардың шығыстан батысқа қарай жылжуы.

(Б.з.б. ІІ ғаысда басталып – б.з. ІҮ ғ дейін созылған)

118. Қытай жазбаларында ғұндардың қанша көрші ұлысты бағындырғаны айтылады? 36-ға жуық.

119. Ғұн билеушісі Аттиланың (Еділ) өмір сүрген жылдары

400- 453 жж

120. Аты аңызға айналған Аттила туралы дерек қалдырған кім? Рим елшісі Прииск

121. «Аттила» операсын жазған кім?

Италия композиторы Джузеппа Верди

122. Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларда монғолидтық белгілердің қалыптасуына не әсер етті?

Ғұндардың келуі

123. «Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді. Жас кезінен ыстық суыққа, шөлге үйренген» деп жазған кім?

Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин

124. Ғұндар діни – нанымы бойынша не нәрсеге табынды?

Көк тәңіріне табынып, ата-баба аруағына сиынған.

125. Үйсіндердің өмір сүрген уақыты. Б.з.б. ІІІ – б.з. Ү ғ

126. Үйсін мемлекетінің билеушілерінің лауазымы.

Гуньмо деп аталды, астанасы Чигу қаласы. Халқы 630 мың, әскері 188800 жауынгер.

127. Үйсін байларында қанша жылқы болды? 4-5 мың

128. Қаңлылардың өмір сүрген уақыты.

Б.з.б. ІІІ – б.з. Ү ғ

129. Ғалымдар қаңлылардың археологиялық 3 мәдениетін атайды. Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар.

130. Қаңлы мемлекетінің астанасы.

Битянь қаласы (қазіргі Түркістан қаласы маңында), мемлекет билеушісі хан деп аталған.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніЭйнштейннің сұрағы (2% ға жатасыз ба әлде 98% ға ма)

ТарихДүние жүзі тарихынан сынақ сұрақтары

ТарихДүние жүзі тарихынан сынақ сұрақтары

ТарихҚазақстан тарихынан сынақ сұрақтары (7 сын. оқулығы)

Тарих8 сыныптың Қазақстан тарихы бойынша сынақ сұрақтары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152290

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар