Қазақ хандары, билері жəне батырлары

Пәні:

Қазақстан тарихынан әңгімелер

5 сынып

Күні.

Сабақтың тақырыбы:

§29,30,31 Қазақ хандары, билері жəне батырлары

Оқып үйренудің негізгі мақсаты:

1.Қазақ хандары, олардың қазақ хандығындағы орнын үйрену.

2.Билердің қазақ қоғамындағы атқарған қызметі мен Қазақ хандығын нығайтудағы рөлін үйрену.

3.Батырлардың қазақ қоғамындағы ерекше орны мен олардың ерліктерін үйрену.

Күтілетін нәтижелер:

1.Қазақ хандығының хандарының ішкі және сыртқы саясатын біледі.

2.Төле,Әйтеке, Қазыбек билердің қазақ қоғамындағы ерекше алған рөлін дәлелдейді.

3.Қазақ батырларының жоңғарларға қарсы ерліктері туралы айтады.

Түйінді сөздер:

Хан, би, батыр.

Әдіс-тәсілдер:

«Автор орындығы», «Тв шоу», Рөлдік тапсырмалар.

Модуль: оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

ББЖӘТ. СТО. ББүБжОБ. АКТ.Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.ББ басқару және көшбасшылық

Негізгі дереккөздер:

5 сынып оқулығы, инт.тақта, электронды оқулық, флипчарт, «Қазақтың би-шешендері» кітабы.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе.

15 мин.

Ұйымдастыру.ББЖӘТ: Тренинг.Топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау:

§27,28 Қазақ халқының жəне Қазақ хандығының құрылуы.

А деңгей -Тақырып бойынша мазмұнын айтуға дайындалу.

В деңгей — Қазақ хандары, «қазақ» атауының шығуы туралы мәлімет жинау.

С деңгей-Эссе жазу: «Ал үшінші бақытым-халқым менің».

«Автор орындығы» арқылы сұрау. Белсенділік танытып, қосымша ізденіп, эссе оқығын оқушыларға жұлдызшалар беріледі.

Топқа бөлінеді. Үй тапсырмасы бойынша мазмұнын айтады, қосымша мәліметтермен бөліседі, «Автор орындығында» эссе оқиды.

Тұсаукесер

5 мин

Электронды оқулық.

«Қазақ хандары тарихынан»

Электронды көрсетілімнен кейін ой бөліседі. Қазақ хандарының қазақ қоғамындағы рөлдерін айтады.

Негізгі бөлім.

18 мин

Жаңа сабақ: §29,30,31 Қазақ хандары, билері жəне батырлары

СТО: «Тв шоу», рөлдік ойын.

1.Топтық жұмыс.

1 топ- Қазақ хандары.

2 топ- Қазақ билері.

3 топ- Қазақ батырлары.

2.Топтық жұмыс.Рөлдік тапсырмалар.

1 топ, 2 топ, 3 топ — «Қазақ билері» тақырыбында берілген рөлдік тапсырмаларды сомдау.

1. Тақырыпты оқып, танысады, топта талқылайды, пікір алмасады, ортақ шешімге келеді, ортаға шығып қорғайды.

Флипчартпен топ болып жұмыс жасайды.

2 тапсырма бойынша:

Берілген тапсырмаларды топ болып дайындайды.

Рөлдік тапсырмаларды топта бөліп алып, ортада сомдайды.

Қорытынды

5 мин

Тапсырма: Рөлдік тапсырмалардың негізгі идеясын талдау арқылы бекіту.

Үйге тапсырма: «Көшпенділер» киносын қарау.

А- Тақырып мазмұнын оқу.

В — Қазақ хандары туралы мәлімет жинау. С-презентация дайындау.

Рефлексия парағын толтырады.

Қойылған жоғарғы деңгейдегі сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасын жазады. Рефлексия парағына белгі қояды.

Бағалау

2мин.

Формативті бағалау. Критериилер арқылы өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің бағалауы.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068827

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru