"Қайталау.Қола дәуіріндегі Қазақстан"

12 сәуір 2014 - Амина Сидоллаевна
"Қайталау.Қола дәуіріндегі Қазақстан"

Сынып:6 «в»

Пән:Қазақстан тарихы

Тақырыбы:Қайталау. Қола дәуіріндегі Қазақстан

Мақсаты:оқушыларға қол дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Оқушыларды танымдық ойындар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.логикалық ойлау, тарихи оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Достарын тыңдай білуге, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету, өз елінің тарихын танып, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Түрі:ұжымдық, іздену сабағы сабақ

Әдіс – тәсілдері:танымдық ойын, топпен жұмыс, сұрақ – жауап.

Көрнекілік құралдар:таратпалар, бағалау парағы, венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. ( 2 минут)

1) оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа барысын тексеру;

2) сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айту.

ІІ.Жаңа сабақ.

Балалар! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымызға қарағанда өзгешелеу өтеді. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» деп аталатын тарау бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, еске түсіре отырып, қола дәуірінің ерекшелігі мен ескерткіштері туралы мәліметтер аламыз. Біз сендермен ойын әлеміне аттанамыз. Ойын арқылы сендердің білімдерінді тексеремін.

Таныстыру. Сыныпты үш  топқа бөлу. Бағалау апарағын тарату.

-          «Андрондықтар» тобы;

-          «Беғазы – Дәндібай» тобы;

-          «Қола дәуірі»

1-кезең. «Сенемін – сенбеймін».( 5 минут)

Кезең шарты: әр топқа кезекпен үш – үштен тоғыз сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады.

1-топ:

-          Қола дәуірінде адамзат баласы металл өңдеуді игерді ( сенемін)

-          Қола мыс пен қалайының қосындысы ( сенемін)

-          Қола дәуіріндегі петроглифтерде аң аулау сәттері мен сарай өмірін бейнелеген

( сенбеймін)

2-топ:

-          Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б.з.б. 2 мыңыншы жылдық – б.з.б. 8 ғасыр аралығын қамтиды (сенемін)

-          Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл – күміс ( сенбеймін)

-          Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген кезі еді (сенемін)

3-топ:

-          Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді (сенемін)

-          Қола дәуірі кезінде жеке меншік қалыптасты (сенемін)

-          Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі түрі – терімшілік ( сенбеймін)

2-кезең: «Ойыңды аяқта» ( топтарға карточка беріледі) ( 5 минут)

Кезең шарты: берілген карточкаларға 5 минут ішінде жауап беруі тиіс. Карточканың жауабын топ мүшесі оқиды.

1-топ. «Ойыңды аяқта».

Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері… (Андрон мәдениеті) деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері… (Андроново) деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі… (Ачинск) қаласының жанында орналасқан. Селоның атына қарай бұл қола мәдениет «...............................» деп аттанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті… ( Орал) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі,…… (Батыс Сібір) алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан… (80) аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді.

2-топ. «Ойыңды аяқта».

Қола дәуіріне жататын… (Солтүстік) Қазақстандағы… (Петровка) мен… (Боголюбов) қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай – ақ ғалымдар Орталық Қазақстан умағынан қола дәуіріне тән… (30) қонысты,… ( 150) обаны зерттеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы… (Таңбалы – тас) пен… (Қаратау) жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын… (Түгіскен) кесенесі. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар… (еуропеоидтерге) ұқсаған.

3-топ. «Ойыңды аяқта».

Андрондықтардың басты кәсібі… ( мал бағу), ...................  (егіншілік) пен… (балық аулау) болған. ............, ...................., ...............,… (Есіл, Ертіс, Тобыл, Бұқтырма) өзендерін бойлай қоныстанған. Қоныстардың маңындағы егістікке .........., ..............,… ( бидай, арпа, тары) еккен. Андрондықтар жерді тесемен өндеген, ..........., ......., .........  мен… ( сиыр, қой, ешкі, жылқы) өсірген. Сазбалшықты… ( ыдыс) жасауға пайдаланды. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісі мен… (металл өндеу) құрады.

3-кезең. «Сөздер сөйлейді».( 3 минут)

Кезең шарты: терминдер  жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады.

-          Қола дәуірі— ( қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)

-          Соқа( егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)

-          Оба( қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)

-          Жеке меншік( жекелеген отбасылардың байлығы)

-          Абыздар( рудың ежелгі салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)

-          Тотемизм( шығу тегін жануарлармен байланыстыру)

-          Фетишизм( жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)

-          Анимизм ( жанға, рухқа сену)

4-кезең. « Кім білгір, кім жылдам?». ( 7 минут)

Кезең шарты: жалпы оқушыларға  сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.

1)      Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? ( б.з.б. 2 мыңж.)

2)      Андрондықтардың сырт бет – бейнесін сипаттаған академик? ( В.Алексеев)

3)      Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? ( Орталық Қазақстан)

4)      Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы)

5)      Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы ( Ә.Марғұлан)

6)      Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? ( 3)

7)      Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан)

8)      Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында)

9)      Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай – қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)

10)  Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? ( Шығыс Қазақастан Мало – Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)

11)  Қола шалғы табылған жер? ( Көкшетау жеріндегі Шағалалы)

12)  Өлген адамдарды қалай жерледі? ( мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)

5-кезең. «Салыстыру кестесі». ( 8 минут)

Кезең шарты: «Тас дәуірі», «Мыс – тас ғасыры», «Қола дәуірі» кезеңдерін салыстыру. Венн диаграммасын сызу.

 

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

 

Мыс – тас ғасыры

Қола дәуірі

Тас дәуірі

Ерекшелігі                                              Ерекшелігі                                    Ерекшелігі

 

 

 

 

 

Ұқсастығы

 

 

 

 

 

 

                                                                                              

6-кезең. «Бекіту. Тест сұрақтары». ( 10 минут)

7-кезең. «Қорытынды». ( 3 минут)

ІІІ. Үй тапсырмасын беру.І – ші жартыжылдық бойынша тестке дайындалу ( 1 минут)

ІV. Бағалау.( 1 минут)

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тарих"Тас дәуірі" қайталау сабақ - ойын

БиологияАстық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары.

Тарих«Азияның оңтүстік – батысындағы ежелгі мемлекеттер» тарауы бойынша тест тапсырмасы

ТесттерФизикалық географиядан қазақ тілінде тест. 6 сынып

БиологияБүршіктер мен өркендер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124378

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар