«Білімді мыңды жығар» интеллектуалдық сайыс

М.Б.Ықсанов атындағы № 36 орта жалпы білім беретін мектеп

«Білімді мыңды жығар»(интеллектуалдық сайыс)

Орал 2014 жыл

«Білімді мыңды жығар» интеллектуалдық сайыс

«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім

алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар»

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты:

1. Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

2.Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу

3.Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру.Патриоттық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже:

    -алған білімдерін түрлі жағдаяттарда қолдана білу;

    -сөйлеу мәдениетін көтері;

    -аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

    -танымдық қызметіне қызығушылық туғызу;

3 топқа бөлінеді әр топта 5 қатысушы болады.

Жүргізуші : Армысыздар,қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Отан, туған жер атамекен, елім, ауылым деген — жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.«Білімді мыңды жығар» тақырыбында өткелі отырған интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойынымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

А.З.Губашева – мектеп директоры және тарих пәнінің мұғалімі

Л.М. Карина – директордың ғылыми – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

А.Қ.Қуатова – директордың тәрбие ісі — жөніндегі орынбасары

Ойынның кезеңдерімен таныстырып өтейік.

I — тур: Командылар өздерін таныстыру

II- тур: Он сұрақ (көшбасшыларға сұрақ) 1минут 10 сұраққа жауап

III- тур: Елді қалыптастырушы Елбасы (слайд қорғау 5 минут)

IY- тур: Тұлғаларды танып біл (қойылған сұрақтарға жауап беру)

Y- тур: Ән шашу (әр топ өнерлерін көрсету)

I — тур: Командылар өздерін таныстыру

II- тур: Он сұрақ (көшбасшыларға сұрақ) 10 сұраққа жауап тез – тез жауап беру керек .Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі,

Менің елім Қазақстан — Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі — дей келесі кезекті сайысқа келген топтарға берейік.

I — команда

1.Қазақ хандығының тұңғыш хандары (Жәнібек пен Керей)

2.Белгілі ғалым «Әлемнің екінші ұстазы » Әл – Фараби

3.Конституция нешінші жылы жарияланды?(30 тамыз 1995 жыл)

4.Қазақстан терриоториясының ауданы (1,6 млн.км шаршы)

5.Жеті рет өлшеп… (бір рет кес)

6.Бір адам құдық қазса… (мың адам су ішеді)

7.Жануарлар арасындағы ұзындыққа секіру чемпионы кім? (кенгуру)

8.Абылай хан жерлеген қала (Түркістан)

9. Ғылымдар атасы (тарих)

10.Араб цифрларының отаны

II- команда

1.Ақмола Астана деп қай жылы аталды? (6 мамыр1998 жыл)

2.Тұңғыш Президенттің күні (1желтоқсан)

3. Ғылым патшасы (математика)

4.Ең ірі жәндік (кит)

5.Тұңғыш Қазақстан ғарішкері (Т.Аубакиров)

6.Отыз тістен шыққан сөз .....( отыз рулы елге жетеді)

7.Қандай астық дән суда өседі? (күріш)

8.Қазақстан аумағы бойынша дүние жүзінде нешінші орын алады? (9)

9.Еңбек ширатады… (өмір үйретеді)

10.Н.Назарбаев 960 ж.еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала (Теміртау)

III- команда

1.Қазақстанда неше облыс бар? (14)

2.1997 -2010 жылға дейін президент Қазақстан халқына қанша жодау жіберді? (14)

3.10 ның квадраты (100)

4.Назарбаев университеті қай жылы ашылды? (2011ж)

5.Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

6.Өнер ағып жатқан бұлақ,… (білім жанып жатқаншырақ)

7.17желтоқсан (жаңару күні)

8.Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы (Томирис)

9.Қазақстанның ең ірі қаласы (Алматы)

10.Пирамидалар қай мемлекетте орналасқан? (Египет)

III- тур: Елді қалыптастырушы Елбасы (слайд қорғау 5 минут)

IY — тур: Тұлғаларды танып біл (қойылған сұрақтарға жауап беру)

1. Жалғыз Отан – адамның жүрегі ғой,

Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.

Ел үшін желтоқсанда құрбан болған (Қайрат)

2. Шағатайдың алты ай бойы басып ала алмаған Отырар қаласы туралы дастан жазған кім? (М.Шаханов)

3.Жүрегімнің түбінен терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла ( Абай)

4. Білімсіздер білімдіге жау болды,

Надандардың аңсағаны дау болды.

Бұл сөзімді білімдіге арнадым,

Білімсіздің тілін ұға алмадым. (Ж.Баласағұн )

5. Облыс басшысы, мемлекет қайкері атанған туған жер перзенті. (М.Ықсанов)

6. Қара қазан сары бала қамы үшін

Ат үстінде алмас қылыш сермедік ( М.Өтемісұлы)

Y — тур: Ән шашу (әр топ өнерлерін көрсету)

Әділ қазылар үш команданың баллдарын есептеп шығарғанша, кезекті әнге берейік

Ән: «Мереке» орындайтын Саяна Есболсын

Қорытынды:

Тауды биік деме сең,

Талаптансаң шығарсың,

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң, шығарсың дей отырып сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегі әділ — қазыларға береміз.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150996

Пікірлер (2)
Клара Еспентаева # 7 қаңтар 2016 в 19:34 0
ТАМАША!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар