"Дарабоз" зияткерлік сайысы

25 ақпан 2015 - Нургиза Кульджина
"Дарабоз" зияткерлік сайысы

Мақсаты:

Қазақ хандығы туралы және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың Ұлы жеңіске қосқан үлестері туралы оқушылардың білімдерін тексеру және толықтыру.

Міндеттері:

*Оқушылардың әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақ хандығы мен қазақстандықтардың Ұлы жеңіске қосқан үлестері туралы білімдерін дамыту; * Оқушылардың тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру; * Зияткерлік сайыс арқылы оқушылардың Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінуге тәрбиелеу.

Сайысқа қатысушылар:

Семей қаласы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары, әр мектептен 2 оқушыдан команда құрады (сол жағалау мектептері: № 48,21,42,27,30,41)

Сайыс шарттары: 1. Топтың өзін таныстыруы (аты, эмблемасы – 2 минут) 2. Қазақ хандығы туралы сұрақтар (тест түрінде – 5 сұрақ) 3. «Жұмбақ сандықша» (сипаттама бойынша сандықшадағы затты табу) 4. Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары мен Халық қаһармандары туралы тапсырмалар. 5. Қазақ хандығы тақырыбына байланысты «Әліппе» ойыны (берілген әріптер бойынша тапсырма орындау)

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта – тапсырмаларға байланысты слайдтар, Сандықша, қоржын, асық, мектеп аттары жазылған қағаз, тексеру парағы, бағалау парағы, ұпай көрсеткіштері. Барысы: Екі оқушы жүргізуші болады. Айым. Құрметті қонақтар! Мектебімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыстың жүргізушілерімен таныс болыңыздар. Еркебұлан 11 «А» сынып оқушысы, Кикбоксингтен халықаралық сайыс жүлдегері.

Әділет. Менімен бірге сайыс жүргізетін 7 «А» сынып оқушысы, мектеп үздігі, олимпиадалар жүлдегері, мектеп мақтанышы Айымға қошемет көрсетіп қойыңыздар. Сонымен «Дарабоз» зияткерлік сайысын бастауға рұқсат етіңізер!

Айым. Еркебұлан аға. Асықпаңыз. Сайыстың не үшін өткелі жатқанын айтпаймыз ба? Әділет. А… Айым дұрыс айтасың. 2015 жыл қой жылы — мерейлі мерекелерге толы той жылы болып тұр ғой. Атап өтетін болсақ: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы; Айым. Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Абайдың туғанына 170 жыл толғалы отыр. Әділет. « Дарабоз» сайысы: Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналмақшы. Айым. Ендеше Сайысты бағалайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

Әділет. Құрметті сайысқа қатысушылар Сайыстың шартына назар аударыңыздар: 1. Топтардың өзін таныстыруы (2 минут көлемінде) 5 баллдық жүйемен бағаланады. 2. Қазақ хандығы туралы сұрақтар. Тест түрінде. (5 баллдық жүйе)

Айым. Сайыстың келесі үшінші шарты «Жұмбақ жәшік» деп аталады. Жәшіктің ішіндегі затты сипаттама бойынша табу. (2 баллдық жүйе) Төртінші шарты. «Сен оны таныйсың ба?»Ұлы Отан соғысы туралы сұрақтар. (1 баллдық жүйе) Әділет. Бесінші шарты. «Әліппе» деп аталады. Аралас сұрақтар. Жауаптар таңдаған сұрақтарға қатысты болады. (1 баллдық жүйе) Сайыстың алдында алғашқы сөзді мектебіміздің басшысы Гульмира Төкенқызына берейік! Әділет. Айым, Топтар өздерін таныстыру үшін реттік нөмірлерін анықтап алайық. Ол үшін не істейміз? Айым. Ол туралы ойластырылған. Топтар қазір қожыннан асықтар алады. Асықтағы нөмірлер арқылы таныстыруға шығады. Тек қалмайық намысты қолдан беріп, Әр топ құрсын өзіне қорған берік. Қошеметтеп топтармен танысайық, «Дарабозға» болады кім лайық?

1. Таныстыруға № 21,27,30,41,42,48 мектептің оқушыларына кезек берейік.

Әділет: Келесі кезекте ән тыңдайық.

Айым Қазылар алқасынан таныстырудың бағасын сұраймыз. № 48,21,42,27,30,41 мектеп. Қазақтың еркін өскен төл баласы, Үш жүздің ешкімнен жоқ еш аласы. Жәнібек, Керей, Қасым хандарынан, Қалған ғой мұра болып кең даласы. Әділет. Керей хан, Әз-Жәнібек, Бұйдаш,Қасым, Қазақтың құра білген Хан Ордасын. Хақназар, Салқам Жәңгір, Есім хандар, Ойраттың талай үзген омыртқасын – дей отырып, сайысымыздың келесі шарты Қазақ хандығы бойынша сұрақтарға жауап бересіздер. 5 сұраққа 2,5 минут уақыт беріледі. Айым. Тапсырмаларды қазылар алқасы тексергенше 7 «А» сынып оқушыларына сөз береміз. Еркеназ: Көк аспанды қып-қызыл жалын оты торлаған
Жанталасқан фашистін бірақ жолы болмаған
Отан үшін от кешіп, жері жан беріп
Бүкіл халық аянбай тұған жерді қорғаған
9-шы мамырын Ұлы Жеңіс әйгілі
Ұмыттырған күн болды бастан өткен қайғыны
Қарсы тұрар қасқайып, намысты өлмей бермейтін
Қаһарман тұған халықпыз жеңіп алар бәйгені
Мақсұт. Жете алмай жеңіс күніне, Майданда көбің мерт болдың. Қара қағаз кеп үйіңе, Анаңа өшпес дерт болдың. Таптатпай жауға арыңды, Еліңе қидың барыңды. Сұм тағдыр несіп етпеді, Көруге сүйген жарыңды

Үміт. Сен де, Мен де, Ол да,

Көргеміз жоқ,

Фашист — Елге қол салған күнін

Мынау Отан жазықсыз жанғандығын.

Аналардың көз жасы тамғандығын,

Әкелердің майданда қалғандығын,

Сәбилердің шырқырап өртенгенін,

Сен де, Мен де, Ол да,

Көргеміз жоқ,

Бір-ақ та естігенбіз ұмытпаймыз!

Жүректі опасызға жылытпаймыз!

Құрметтеп батырларды

Қабіріне

Гүл қойып, әр жыл сайын ұмытпаймыз

Бекежан: Біз қазақ бастан не көрмеген,

Намысын ешкімге қолынан бермеген

Тұс-тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

Төрінде жерімнің байрағым желбіреп

Тұп-тұнық аспаным тұрады мөлдіреп

Қазақтың тілері ата жел салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен

Әділет: Қазылар алқасынан тест тапсырмаларының бағасын сұраймыз. № 21,27,30,41,42,48 мектептер Айым.

Жарайсыңдар, сайыскерлер, жарайсыңдар.

Алынбай тұр әлі де нелер қамал,

Сайыстың келесі шарты өзгешелеу,

Қарайсыңдар, жәшікке, қарайсыңдар – деп,

Сайыстың келесі үшінші шарты «Жұмбақ жәшік» деп аталады. Жәшіктің ішіндегі затты сипаттама бойынша табу тапсырылады. (2 баллдық жүйе)

Бұл ойынды жүргізетін тарих пәні мұғалімі Нұрғиза Бекзұрқанқызын ортаға шақырамыз. (Мысалы: 1-сұрақ. Ұлы Отан соғысы кезінде үйде ұстауға тыйым салынған зат, оны жинап почталарда сақтаған. (радиоқабылдағыш)).

Әділет: Қанын төккен талай боздақ, керім ұл, Содан бері өтіпті міне 70 жыл. Жер бетіне бейбіт өмір орнатқан, Ұмытылмас Ұлы жеңіс тегі бұл.

Айым. Отан үшін оққа тосқан кеудесін, Батырлардың еңбектері сөнбесін. Соғыс өрті енді қайта тұтанбай, Жердің бетін тек тыныштық тербесін – дей келіп Сайысымыздың келесі шартын бастайық. «Сен оны таныйсың ба?» Ендеше Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары мен Халық қаһармандары туралы тапсырмалар. (слайдтан КОБ мен Халық қаһармандарының суреті көрсетіледі, суретті танып, қысқаша мәлімет береді әр тапқан суретке 1 ұпай беріледі)

Сайыстың соңғы бесінші шарты. «Әліппе» деп аталады. Аралас сұрақтар. Жауаптар таңдаған әріпке қатысты болады. (1 баллдық жүйе) Мысалы: оқушылар әріптерді таңдайды, жауап сол әріптен басталады. Әріптің артындағы сұрақ: ХҮ-ХҮІ ғғ Қазақ хандығының астанасы болған қала. (Сығанақ)

Осымен сайыстың шарттары аяқталды. Айым:

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп уанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған,

Бұл далада өскен жан да жоқ арман.

Әділет:

Нұрлы жол елдің нұрлы болашағы ,

Сан биік асулардан тағы асады.

Туған ел Мәңгі ел болып қалу үшін,

Ең озық елдерменен таласады.

Қазылар алқасы сайыс шартының қорытындысын шығарғанша Сайыскерлермен ойын ойнайық! «Кім зерек?» ойыны.

Сөз кезегін қазылар алқасына береміз. (Марапаттау)

Айым:

Құрметті сайыскерлер Сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіре отырып, Еліміздегі айтулы мерекелермен құттықтаймыз. Табыстан-табысқа, жеңістен- жеңіске жете берулеріңізге тілектеспіз! Қош, сау болыңыздар!

Сайыстың қорытындысы:

    1.І орын — № 27 мектеп оқушылары;

    2.ІІ орын — №48 мектеп оқушылары;

    3.ІІІ орын — № 42 мектеп оқушылары иеленіп, қалалық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаҰлы Жеңіске 70 жыл

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068829

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru