Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

10 сәуір 2014 - Админ
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

Дүйсебаев Серік Жаманқұлұлы

Тарих пән мұғалімі.

№162 орта мектептің директоры

Қызылорда  облысы

Жаңақорған ауданы

Сабақ тақырыбы

Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

 

Сілтеме

                Жоспар

 

Жалпы мақсаты

 

Үйсіндердің мал шаруашылығы, егіншілік пен отырықшылық, түрлі кәсіпшілік туралы ақпарат беруді үйренеді.

 

Күтілетін нәтиже

 

Ø  Үйсіндердің мал шаруашылығы, егіншілік пен отырықшылық, түрлі кәсіпшіліктің даму ерекшеліктерін оқып үйренеді.

  • Суреттерді пайдалана отырып үйсіндердің қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдағанын, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды қалай жасағанын және шаруашылықты жүргізу ерекшеліктерін топпен талқылап, шығармашылық ізденістерін арттырады.
  • Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, топпен бірлесіп проблема шешуге, ынтымақтаса жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар

 

Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор болды. Үйсіндердің шаруашылығы туралы қытай жазбалары.Дәнді дақылдардан арпа, тары өсірген.Археологиялық деректерге қарағанда үйсіндерде егіншілік, кен өндіру, зергерлік өнер, тері өңдеу, тоқыма, жіп иіру жақсы дамыған. Қазба жұмысы кезінде егіншілікте пайдаланылатын түрлі құрал-саймандар: тас кетпен, қола орақтар, тастан жасалған дән үккіштер табылды.Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған.Тау бөктерлерінде үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған.Қолөнершілер былғарыны пайдаланып, одан сұйық тағамға арналған ыдыстар жасады.Қолөнер мен үй кәсіпшілігі мал өнімдерін өңдеумен байланысты болды.     

 

Тапсырмалар

 

Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар

Топтық жұмыс «Мәтінмен танысу»

Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырма орындау»

Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау

 

І. Ұйымдастыру кезең .(2 минут).

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы сөз айтқызу.

Сандар арқылы 4 топқа бөлемін

 

ІІ. Жеке жұмыс «Білу» (3минут)

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында алынады.Кім жылдам ойынында 7 сұрақ беріледі.Сұраққа дұрыс жауап берілсе «Бармақтарын көтереді».Егер келіспесе «Бармақтарын төмен қаратып көрсетеді».Сұрақтардың жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі. Дұрыс жауап берген оқушылар бағдаршамның жасыл түсін, түсініңкіремей, жартылай ғана жауап  берген оқушылар сары түсті, ал дұрыс жауап бермеген оқушылар бағдаршамның қызыл түсін көтереді.Дұрыс жауап бермеген оқушылар тапсырманы топта талқылап, дұрыс жауапты анықтап алады.

 

«Білу»

1.Үйсін атауының Қытай жазбаларында алғаш кездесетін кезеңі:б.з.б.2-ғасыр

2.Үйсіндердің астанасы: Қызыл Аңғар(Чигучен не Чигу) 

3.Үйсіндердің өмір сүрген уақыты: б.з.б.3-ғ.- б.з.-5ғ.

4. Үйсіндер басшысының атағы: Гуньмо

5.Үйсіндер туралы кімнің еңбегінде кездеседі? Қытай тарихшысы Сыма Цянь

6.Үйсіндерде тайпа көсемдері мен рубасыларын қалай атайды? Бек
7.Үйсін қоғамын кімдер құрады? Тайпа мен рубасшылары, ауқатты адамдар, жасауылдар, абыздар мен қатардағы бұқара халық

8. Үйсіндер Қазақстанның қай аймағын мекендеген? Іле өзені, Ыстықкөл, Алакөл маңы.

 

ІІ.Мәтінмен жұмыс:

1.Үйсіндердің орналасқан жері(картаны пайдалана отырып, географиялық орнын анықтайды).

2.Үйсіндер туралы жазба деректер(оқулықтағы қосымша материалды пайдалана отырып түсінігін баяндайды).

3.Үйсіндердің қоғамдық құрылысы(оқулықтағы кестені пайдалана отырып талдайды, салыстырады).

 

IY. Жаңа сабақ (топтық жұмыс). (7 минут).

 1 топ. Үйсіндердің мал шаруашылығы(Қытай жазбалары бойынша түсіндіреді).

2 топ. Егіншілік пен отырықшылық( еңбек құралдары, тұрғын үй, тұрмысқа қажетті бұйымдары туралы).

3 топ. Түрлі кәсіпшілік( археологиялық қазба жұмыстарынан мәліметтер беру, салыстыру)

 

Оқулықтағы тарауларды және қосымша энциклопедияны, интернетті пайдаланып мәліметтер жинап, оқушылар бірлесе отырып талқылап ойларын постерге түсіреді, әр топтан бір оқушы шығып сөйлейді.Тапсырманы орындау барысында өзара бағалау, формативті бағалау жүреді.

 

А деңгейіндегі оқушы үшін тапсырма. Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған?(Картаны пайдалану)

Б деңгейіндегі оқушы үшін тапсырма. Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады?

С деңгейіндегі оқушы үшін тапсырма. Үйсіндердің қолөнер бұйымдарына сипаттама беру.

 

Сабақтың соңында оқушылар не ұнады, қиын болды, тілегім рефлексия жазады.Суммативті бағалау жүреді.

 

Y.Үйге тапсырма.Деңгейлік тапсырмалар беріледі.

А.Үйсін ескерткіштері Қазақстанның қай аймағынан табылған?( оқулық картасымен жұмыс жасау)

 Б. Үйсіндердің орналасқан жерлерінің мал шаруашылығы үшін тиімді аймақтарын дәлелдеу.

С. Үйсіндердің күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдары туралы мәліметтер жинау.

 

 

 

Жалпы сыныпқа «Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы» тарауы бойынша сұрақтарға жауап жазу, сол тарау бойынша тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

 

Кейінгі тапсырма: Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары.

 

Кері байланыс:

 

Не ұнады?______________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________

Қиын болды?______________________________________________________________________________________­­­­­­
__________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________

 

 

Тілегім:____________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115446

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар