"Мәңгілік ел" таңдау курс бағдарламасы

20 қазан 2015 - Нургиза Кульджина

Құрастырған: Кульджина Нургиза Бекзуркановна

тарих пәні мұғалімі

«Мәңгілік ел – болашағымыздың кепілі» таңдау курсы бойынша оқу бағдарламасы. 11 сынып

(қоғамдық – гуманитарлық бағыт)

1. Түсінік хат

1.Таңдау курсының оқу бағдарламасы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған қолданбалы курс бағдарламасын құру алгоритміне сәйкес әзірленді.

2. Курсты оқытудың мақсаты – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының дүниеге келуі, оның тарихи маңызы туралы оқыту арқылы оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.

3. Курсты оқытудың міндеттері:

1) әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы білімін қалыптастыру;

2) оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, ондағы тарихи тұлғалар туралы біле отырып, өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

3) тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;

4) оқушылардың Отаны мен халық алдындағы жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру.

4. Курсты оқыту барысында төмендегі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

1) «Дүниежүзі тарихымен». яғни еліміз тарихы – дүниежүзі тарихының бір бөлшегі ретінде;

2) «Географиямен», тарихи оқиғалардың болған территориясы, тарихи тұлғалардың шыққан жері туралы білу;

3) «Қазақ әдебиетімен», Қазақстанның көрнекі ақын-жазушыларының шығармаларының тарихы, шығармашыл зиялы қауым өкілдері туралы білім.

5. Курсты аяқтау формасы: оқу жылының бірінші және екінші жарты жылдығында оқушыларға реферат жаздыру немесе бақылау, тест арқылы оқушы білімін есепке алу.

5. Оқу жүктемесінің көлемі

11 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат.

3. Курстың білім мазмұнының тақырыптар бойынша жіктелуі.

11 сынып

1. Кіріспе (1 сағат)

2. Тәуелсіздік және Түрік бірлігі(2 сағат)

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында. Өзбек, қырғыз елдерімен мәңгілік достық шарты туралы. Түрік бірлігі идеясы.

1.Тарихи тұлға және «Мәңгілік ел» идеясы (2 сағат)

Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының бірінші президенті. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының өмірге келуі.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері(1 сағат)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері — Туы, Гимні, Елтаңбасы. Мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихы,

5. «Қазақстан – 2050» стратегиясы (2 сағат)

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауы. Оның негізі басымдықтары.

6. Қазақ мемлекеттілігі және «Мәңгілік ел» идеясы (2 сағат)

Сақ дәуірі. Түрік мемлекеті. Қазақ хандығы. Алашорда автономиясы. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.

7. Мәңгілік елдің ұлттық құндылықтары (2 сағат)

Ұлттық құндылықтар – қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті. «Мәдени мұра» бағдарламасы.

8. Мәңгілік ел идеясының тарихи мәні (2 сағат)

Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам.

9.Қайталау (1 сағат)

10. Жаңа Қазақстандық патриотизм (2 сағат)

Қазақстан Республикасы — өз аумағында тұратын барлық азаматтардың ортақ Отаны. Ұлтжандылық, отансүйгіштік.

11. Мәңгілік елдің — мәңгілік тілі. (1 сағат)

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл.

12. Көп ұлтты Қазақстан (2 сағат)

Қазақстанның көп ұлтты мемлекетке айналу тарихы. Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері. Қазақстанның ұлт саясаты.

13. Халықтар достығы – тұрақтылық кепілі (1 сағат)

Қазақстан халық Ассамблеясының құрылуы, мақсаты, бағыты. Ассамблея қызметі. Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтар.

14. «Мәңгілік ел» идеясы және этномәдени құндылықтар (2 сағат)

Қазақстан халықтарының тарихы, рухани және материалдық мәдениеті.

15. Мәңгілік ел және Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту. (1 сағат)

Қазақстан Республикасының мәдени –туристік кластерілерінің бірі — Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту.

16. Мәңгілік ел идеясының тарихи тамырлары (2 сағат)

Күлтегін жазуы. Түрік бірлігі идеясынан «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына дейін.

17. Қазақ хандығына — 550 жыл – Ұлы дала тарихы (2 сағат)

Қазақ хандығының тарихы, М.Х. Дулати. Қазақ хандығына — 550 жылдығының атап өтілуі.

18. «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол (1 сағат)

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты. Болашаққа бастайтын бағдарлама.

19. Астана — Еуразия жүрегі (1 сағат)

Астана қаласының тарихы. Еліміздің жаңа орталығы – Астананың дамуы. «ЭКСПО – 2017».

20. «100 нақты қадам» — Мәңгілік елдің ұлттық жоспары (2 сағат)

Н. Назарбаевтың Бес реформасы және оны жүзеге асырудың жолдары мен негізгі тетіктері.

21. Қорытынды қайталау (2 сағат)

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» Алматы: Ғылым, 1996

2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) бес томдық. Алматы, 1996-2005.

3. Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1993

4.Артыкбаев Ж.О. Кочевники Евразии в калейдоскопе и тысячалетий. — Санкт-Петербург «Мажор» 2005

5.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. — Алматы, Атамұра. 2006

6.Байпақов К., Нұржанова А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан- Алматы: Қазақстан,

7. «Қазақ хандарының ғұмырнамасы» -Алматы, 2001

8. «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», атты халыққа арнаған жолдауы. « Егемен Қазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар

9. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 2014

10. «100 нақты қадам». «Семей таңы» газеті, 2015, 22 мамыр

11. Кекілбай Ә. Ұлттық рухтың ұлы тіні. Жинақ. ”Ұстаз ұлағаты”. –Алматы: Ғылым, 1999.- 568 б.

11 сынып

2015 – 2016 оқу жылы

Тақырып атаулары

Сағат

саны

Мерзімі

1

Кіріспе

1

2-3

Тәуелсіздік және Түрік бірлігі

2

4-5

Тарихи тұлға және «Мәңгілік ел» идеясы

2

6

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері

1

7-8

«Қазақстан – 2050» стратегиясы

2

9-10

Қазақ мемлекеттілігі және «Мәңгілік ел» идеясы

2

11-12

Мәңгілік елдің ұлттық құндылықтары

2

13-14

Мәңгілік ел идеясының тарихи мәні

2

15

Қайталау

1

16-17

Жаңа Қазақстандық патриотизм

2

18

Мәңгілік елдің — мәңгілік тілі

1

19-20

Көп ұлтты Қазақстан

2

21

Халықтар достығы – тұрақтылық кепілі

1

22-23

«Мәңгілік ел» идеясы және этномәдени құндылықтар

2

24

Мәңгілік ел және Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту

1

25-26

Мәңгілік ел идеясының тарихи тамырлары

2

27-28

Қазақ хандығына — 550 жыл – Ұлы дала тарихы

2

29

«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол

1

30

Астана — Еуразия жүрегі

1

31-32

«100 нақты қадам» — Мәңгілік елдің ұлттық жоспары

2

33-34

Қорытынды қайталау

2

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспары«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083423

Пікірлер (3)
Базаргүл Алтынбекқызы # 21 сәуір 2016 в 20:56 0
Курс бағдарламасы тақырыптарға сай құрылған,оқушылардың тарихи білімдерін шыңдауға көмектеседі деп айтуға толық негіз бар.
Нургиза Кульджина # 26 сәуір 2016 в 11:56 0
Пікірге көп рахмет айтамын!
Қасым Айтбенбетов # 6 қараша 2016 в 19:07 0
Мәңгілік ел таңдау курсының тақырыптары ұнады. 100 нақты қадамды мен балаларға қалай түсіндірсем екен?...

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар