"Халықтардың ұлы қоныс аударуы"

10 сәуір 2014 - Амина Сидоллаевна

1.Сабақ тақырыбы:«Халықтардың ұлы қоныс аударуы».

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:

Халықтың ұлы қоныс аударуы туралы білу керек;

Ғұн жорықтарының тарихи маңызын білу керек;

Тарихтағы ұлы тұлға – Аттила патша туралы білу керек.

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:

Топпен жұмыс жасау барысында ғұндардың қоныс аударған жерлерін табады, қоныс аудару себептерін, маңызын талқылайды. Тапсырмаларды толтырады.

4. Сабақтың нәтижелері ( Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады).

Білу:халықтардың қоныс аударуы мен Аттила патша туралы жалпы ақпарат біледі ( барлығы).

Түсіну:ғұндардың жорықтарының себептерін, салдарын, пайдасын түсінеді ( барлығы)

Қолдану:ғұндардың қоныс аудару мен Аттила патшаның тарихы маңызын ажырата алады ( барлығы)

Талдау: ғұн жорықтарының маңызын салыстыра алады ( көпшілігі)

Жинақтау:Аттила патшаның тарихтағы алатын орны туралы «ББҮ» жазу.

Бағалау:халықтардың ұлы қоныс аударуына не себеп болды?

5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау.

 Топтық  бағалау, жұптық бағалау, критерий бойынша, жұмыс бойынша топтар арасында жауаптарды талқылау.

6. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс – талабын есепке алу.

Мен тапсырмалар мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Топтарды аралап шығамын.

7. Ресурстар мен жабдықтау.

1. Т.С.Садықов, Ә.Т.Төлеубаев « Ежелгі Қазақстан тарихы», Алматы «Атамұра» 2011 ж. 120- 123 бет.

2.Үлестірме материалдар (сұрақтар), жұмыс дәптер, карта, суреттер, бейнежазба, стикерлер, плакат, таймер.

Сабақтың барысы:

Кезең

Уақыты

Мұғалім іс – әрекеті

( Негізгі сұрақтар түрінде)

Оқушылар іс – әрекеті (Негізгі тапсырмалар түрінде)

Әдіс — тәсілдер

Ресурстар

Кіріспе

3 мин.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныпты топқа бөлу.

3.Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

4.Жұмыс әдістерін айқындау.

Оқушылар күн мен сабақтың  тақырыбын дәптерге жазады.

Топқа бөлінеді.

Алдын ала партада топтардың аттары жазылып тұрады, оқушылар стикердің астына жазылған аттарына байланысты орналасады.

Дәптер, стикер.

Үй жұмысын тексеру

7 мин.

«Тарихи диктант» жаздыру. Жұмысты жұппен  тексеру.

«Тарихи диктант» бірлесіп жазады. Бірлесіп жұппен тексерді.

«Тарихи диктант». Жұмыс дәптері.

Тапсырма ( қағаз түрінде және тақтада көрсетіледі), жұмыс дәптер, презентация.

Тұсаукесер

10 мин.

«Времена и воины. Гунны» бейнежазбаны көрсету. Оқушыларға «ББҮ» толтыртқызу.

Оқушылар бейнежазбаны көреді, «ББҮ»

(1, 2 бағандары) толтырады.

«ББҮ»

Бейнежазба, дәптер

Сергіту сәті

2 мин.

«Бегемот» биін көрсетеді.

Бидегі қимылдарды істейді.

Би

Бейнежазба

Негізгі бөлім

15 мин.

5 топқа тапсырманы «Дана үкі» әдісі бойынша бөледі. Әдісті орындау нұсқаулығын түсіндіреді. Топ қорғауларынан кейін, қорытынды шығарады.

Берілген тақырыпшаларын оқып, талдайды, өз жұмыстарын қорғайды.

Сурет салу, талдау, топпен жұмыс.

Оқулық, қосымша ақпарат, маркер, плакат.

Бекіту

5 мин.

Топтарға сұрақтар құрастыру үлгісін түсіндіреді. «ББҮ» 3 бағанын толтыртқызады.

Топтар бірлесіп, 3 сұрақ дайындайды.

«ББҮ» толтырады.

«Сен маған – мен саған», «ББҮ»

Сұрақтар .

Қорытынды

3 мин.

Бағалау парақтары арқылы баға қояды. Үй жұмысын береді. 120 – 123 бб., кескін картаға «Халықтың қоныс аударуды» түсіру.

«Телеграмма» рефлексиясын жазады.

«Телеграмма»

Рефлексия, бағалау парақтары

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Белсен

ділігі

Жауап беруі

1 тапс. «Тарихи диктант»

2 тапс. «ББҮ»

3 тапс. «Сен маған – мен саған»

4 тапс.

«Дана үкі»

Топтық баға

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152249

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар