"Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы"

18 сәуір 2015 - Медет Адилбеков
"Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы"

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстандағы Х – ХІІ ғасырлардағы сәулет құрылыс жүйелерімен сәндік қолданбалы өнердің дамуы туралы жан – жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Сәулет өнерімен құрылыстың дамуына ықпал еткен факторларды ашуға, қорытындылауға дағдыландыру. Оқушылардың білімдері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Көне тарихи ескерткіштерді, ұлттық құндылықтарды сақтап, қастерлеуге, өнерді түсінуге және шеберлік шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, танымдық ойындар, тарихи диктант, АКТ қолдану т.б.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, бейнежазба карта, смайликтер, жетондар.

Сабақтың техникалық құралы: интерактивті тақта.

Сабақ кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасы. ( 7 мин)

ІІІ. Жаңа сабақ. (10 мин)

ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту. ( 18 мин)

Ү. Рефлексия. (2 мин)

ҮІ. Оқушыларды бағалау. (5 мин)

ҮІІ. Үй тапсырмасы. (1 мин)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгендеу.

ә) Оқушыларды топтарға бөлу. (Түрлі-түсті жетондар арқылы топқа бөлу)

ІI. Үй тапсырмасын тексеру. ІХ-ХІІ ғасырлардағы қөлөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы. (Әр топқа үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жазылған карточкалар таратылып беріледі)

1-топтың сұрағы:

1. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар қай қалалардан табылды?

Отырар, Құйрықтөбе, Талғар, Тараз

2. Қазба жұмысы кезінде табылған сүйектен жасалған бұйымдар негізінен қандай заттан жасалған әшекейлер болды?

Мүйізден жасалған әшекейлер.

3. Археолог ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда қай қалаларда ақша шығаратын сарайлар болған?

Испиджаб, Отырар, Фараб.

4. Егіншіліктің дамуы неге қала санының өсуімен байланысты болды? Қала маңындағы егін егуге қажетті жер кең түрде игеріле бастады. Мәселен, Отырар қаласы аймағындағы егіндік жерлердің 60-70%-ға жуығы осы Х-ХІІ ғасырлардағы қалалық отырықшылық мәдениеттің дамуына байланысты игерілген.

5. Далалы өлкелерге қаладан қандай тауарлар әкелінді?

Керамика, шыны, зергерлік әшекей. 2-топтың сұрағы:

    1.Отырар, Тараз, Йасы қалаларынан табылған шыны ыдыстар нешінші ғасырға жатады? (Х ғ)

    2.Алматы қаласының оңтүстік-батыс жағындағы түрік дәуірінің зираттарын қазғанда не табылды?

Сүйекпен қаптап жасалған садақ табылған.

3.Қалаға далалы өлкелерден әкелінген тауарларды атаңдар?

Ауыл шаруашылық өнімдері: астық, жеміс, ет, жүн, тері

4. Темір ұсталығының орындары қай қаладан табылды? Талғар

5. Мамандардың есептеулерінше, Шу аңғарында өңделетін жердің жалпы көлемі ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында қанша болған? 700 мың шаршы метр.

3-топтың сұрағы:

1.Аяқпен айналдыратын ұршықтар арқылы саз балшықтан әр түрлі формада құмыра немесе қыш ыдыстарды жасаушылар қалай аталды?

құмырашы-көзешілер.

2.Темір ұста дүкендерін қазғанда соқа-түрендері балта, балға сияқты басқа да жабдықтар қай қаладан жасалғандығы анықталды?

Талғар

3. Кесілген сүйектер, сүйектен жасалған қалақшалар қай қаладан табылды? Құйрықтөбе.

4. Таразда ешкі түбіттерімен айырбас сауданың болғандығын жазған кім?

Әл-Макдиси

4.Егіншілік Қазақстанның қай жерлерінде жақсы дамыды?

Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бойларында.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспар:
1. Сәндік қолданбалы өнер.
2. Сәулет, құрылыс жүйелері.
3. Кесенелер.
4. Моншалар

Кіріспе сұрақ: Оқушылар орта ғасырларғы жататын қандай сәулет құрылыстарын білеміз?

Мұғалім: Мемлекеттің қалыптасуы, шаруашылықтың өркендеуі орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың көп салынуына себеп негіз болды. Сәулет өнері Қазақстанның Х – ХІІ ғасырларға Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастады. Бүгінде Қазақстан жерінде Айша бибі, Қожа Ахмет Йасауи, Арыстан баб кесенелері сияқты ортағасырлық атақты сәулет өнерінің туындылары сақталған.

Сәулет ескерткіштері туралы бейнежазбаны интерактивті тақтадан көрсету.

Мәтінмен жұмыс: (Оқушыларға оқулық мәтінімен танысу тапсырылады)

ІҮ-Жаңа тақырыпты бекіту.

Тарихи диктант (бос тұрған орынға тиісті сөзді қою керек)

1-топтың тапсырмасы:

____ ғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен пайдаланылған. (Х)

Құйрықтөбе қаласын қазған кезде ертедегі ____орны табылды. (мешіт)

Айша бибі ел аузында сақталған аңыз бойынша шамамен _____ ғасырлар аралығында өмір сүрген ару қыз.(ХІ-ХІІ)

2-топтың тапсырмасы:

Қызылөзен қаласының орнын қазғанда______ бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылған.(арыстан)

_____ діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидың ұстазы болған.(Арыстан баб)

Отырардың екінші моншасы қаланың оңтүстік рабад аумағында, қалаға кіре-беріс қақпадан _____ метр жерде орналасқан. (200)

3-топтың тапсырмасы:

Бабаджа-қатын кесенесі ____ ғасырларда салынған(Х-ХІ)

Шығыс моншасы қазіргі Түркістан қаласында _______ жылдарына дейін жұмыс істеген. (ХХ ғ 60)

Кейбір күмбездердің әшекейленіп жасалуы немесе түскиіздер мен текемекеттегі ____ қолданбалы өнердің дамығандығын көрсетті.(оюлар)

Сәйкестендіру (Берілген сөздерді сәйкестендіру тапсырылады.)

1. Бабаджа қатын кесенесі а) Түркістан
2. Қажа Ахмет Йассауи в) Тараз
3. Арыстан баб с) Шығыс моншасы

4. Айша бибі д) Шымкент қаласы (Ежелгі
Отырар қаласы)

5. Түркістан е) Қарахан
Дұрыс жауаптар: 1-В, 2-А, 3-Д, 4-Е, 5-С;

Терминдермен жұмыс (берілген терминдердің мағынасын ашу тапсырылады)

Ғаныш- (қолданбалы өнердің құрылыс материалы)

Терракота-(ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын қолданылатын шағын көзе кірпіш)

Мешіт-(мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатыцн қасиетті ғимарат)

Кесене- (діни құрылыс, белгілі бір адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған)

Пантеон-(елдін аса көрнекті адамдарының қабыры, ұлы адамдардың бір жерде жерленген орындары)

Тарихи дерекпен жұмыс (Берілген тарихи деректің дұрыс жауабын табу)

1 – топтың тапсырмасы:
Бұл қала орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі ең дамыған қалалардың бірі. Ол жерде Арыстан бабтың кесенесі орналасқан. Монғол шапқыншылығы кезінде әлемге әйгілі Ұлы кітапхана қиратылған қала қалай аталады? (Отырар қаласы)

2 – топтың тапсырмасы:

XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнеріндегі ерекше туынды. Ғимарат 1396 – 1404 жылдары шебер Қожа Хасан Ширази басшылығы бойынша Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Орталық залдың төңірегінде әр түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме бар. Бұл қай кесене? ( Қожа Ахмет Йасауи кесенесі)

3 – топтың тапсырмасы:

Құрылысқа түгелдей қашап өрнек салынған, өсімдік пішіндегі және геометриялық оюлармен өрнектелген терракоталық тақташалармен қапталған. 1893 жылы кесенені бірінші болып, ресейлік шығыстанушы В.В.Бартольд зерттеген. Әңгіме қай кесене туралы айтылып отыр? (Айша бибі кесенесі)

«Сөзжұмбақтар» (Оқушылар өздері алдын-ала әзірлеп әкелген сөзжұмбақтарын

3 топқа жасырады)

1-сөзжұмбақ (Сейткамалов Ернұр)

1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған ұлы адам: (Teмip )

2. Отырардағы ерекше көңіл аударылған архитектуралық құрылыс: ( Монша )

3. Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы кітапхана қиратылған қала: (Отырар)

4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы: ( Арыстан баб )

5. Кесене сөзінің синонимы: (Күмбез)

2- Сөзжұмбақ. (Сайлауова Нұрай)

1.Қожа Ахмет Йасауи ғимаратында ең бағалы ескерткіш қалай аталады?

(Тайқазан)

2. Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан кесене: (Арыстан баб)

3. Тараз қаласындағы моншадан табылған зат: (Сәкі)

4. Алматы қаласында шығыс моншасының жобасымен салынған монша: (Арасан)

5. Ірі мешіт болған мұнара: (Боран)

Картамен жұмыс (картадан сәулет ескерткіштерін көрсету керек)

    1.Айша бибі кесені қай қалада оналасқан, картадан көрсет? (Тараз қаласында)

    2.Шығыс моншасы қай жерде орналасқан? (Отырар қаласы)

    3.Бабаджа-қатын кесенесі қай жерде орналасқан?(Тараз қаласында)

    4.Ахмет Йасауи кесені қай қалада оналасқан, картадан көрсет? (Түркістан қаласында)

    5.Арасан моншасы қай қалада орналасқан? (Алматы қаласында)

Ү. Рефлексия. Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? (смайликтер арқылы білдіру)

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Мұғалім: Ұлттық сәулет өнері ескерткіштерінің құрылыс материалдарын жасауда халықтың ішінен шыққан белгілі ұста құрылысшылардың жұмысы өте зор болды. Олар құйған кірпіш ғасырлар бойы беріктігін сақтап, бояулары осы кезге дейін әрін жоғалтпады. Сәнді болуы үшін қолданылған жылтырақ қыш қаптамалар бояуының құрамы бүгінгі күнге дейін сырын ашпай келе жатқан құпия, Ахмет Йасауи сәулет ғимараты құрылымдық жағынан және ерекше сәнділігімен көз тартатын аса күрделі туынды. Іші – сыртын аралап, тамашалағанда оны техника күші жоқ сол заманда қалай салды екен деп ойламау мүмкін емес.

ҮІ. Оқушыларды бағалау. (Бағалау парағы арқылы топ басшылары бағалайды, мұғалім қорытынды бағаны қояды.)

ҮІІ. Үй тапсырмасы: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы туралы реферат жазу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066280

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru