Құқықтық мәдениетті арттыру жолдары

5 ақпан 2016 - Нургиза Кульджина

Семей қаласындағы «Право және бизнес» колледжінде өткен конференцияда

І орын иеленді.

 

Баяндамашы:  Бижуманова Айдана, 10 сынып оқушысы

Жетекшісі:  Кульджина Нұрғиза  Бекзұрқанқызы

Тарих мұғалімі. № 41 жалпы орта білім беретін мектеп

 

Тақырыбы:

Құқықтық  мәдениетті арттыру  жолдары

 

                                                             «Егер біздің құқық идеялары салтанат

                                                               құратын өркениетті қоғам орнатқымыз

                                                             келетіні рас болса, онда әрбір азамат

                                                        мектеп қабырғасында жүргенде-ақ

                                                                    құқықтың қарапайым бастауларын, біздің

                                                              әрқайсымыз  қарапайым есеп-қисапты

                                                           білетіндігіміздей игеріп алуға тиісті» 

                                                                                                                   Н. Назарбаев

 

Жоспары

Кіріспе

І бөлім. Құқықтық мәдениеттің факторлары

1.1. Құқықты білу,   санаға сіңіріп, құқыққа сәйкес мінез-құлық көрсету;

1.2. Дәстүрлі этика бойынша тәрбиелеу

ІІ. Бөлім.  Құқықтық мәдениетті арттыру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі мен мақсаты:

       Менің бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым қазіргі  заманда құқықтық мәдениет жалпы қоғамдағы материалдық және рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде даму қажеттігін  барлық адамдардың түсінуі керек деп ойлаймын.  Бұл тақырыптың өзектілігі- құқықтық мәдениетінің таяздығынан қоғам мүшелері бір-бірінің құқықтарын аяққа таптап жемқорлыққа, парақорлыққа жол беруі, өркениетті елдер арасында жабайылықтың  қалдығы болып саналатын ұрлық, тонау, бопсалау сияқты қылмыс түрлерінің қоғамымызда әлі де орын алуы, күштілер әлсіздерге күш көрсетіп, адами факторлардан алшақ жатқан келеңсіз көріністерге қарсы тосқауыл қою жолдары айтылады.Осы келеңсіз жағдайлардың орын алуына, оның туындау себептері неден болуда, деген сұрақ туындайды. Менің ойымша бұның басты себебі адамдардың құқықтық мәдениетінің төмендігі. Құқықтық мәдениеттің мақсаты қалыптасқан қоғамдық қатынастардағы жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, халықтың құқықты тану, меңгеру барысындағы немесе оны жалпы сыйлаушылықтан туындайтын құқықтық санасы болып табылады.

       Құқықтық мәдениет субъктісіне қарай үшке бөлінеді: [1]

1)     Субъектілердің құқықтары мен бостандықтарын жетік білу арқылы өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай білу мүмкіндігі;

2)     Адам құққықтарының тапталуына жол бермеу және оның сақталуы үшін күрес жүргізу;

3)     Құқық бұзушылықтың барлық түрімен күрес жүргізу.

           Жалпы алғанда адамдардың құқықтық мәдениетінің деңгейі қоғамдағы заңдардың орындалу деңгейіне тәуелді болатыны  белгілі. Қазіргі уақыт бізден жан-жақты дамып, жетілуге, сауатты да салауатты, көп жағынан алғанда да заман талабына лайықты азаматтар қалыптастыруды талап етеді.

Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша мәдениеттану ғылымында мәдениет сөзінің 500-ден аса  анықтамасы  бар екен.  Ал, құқықтық мәдениеттің де анықтамасы әртүрлі берілген көрінеді. Осы баяндамамда мен қоғамымызда құқықтық мәдениетті дамытудың өзім ойластырған жолдарын ұсынбақпын.

 

І бөлім. Құқықтық мәдениеттің факторлары

1.1. Құқықты білу,   санаға сіңіріп, құқыққа сәйкес мінез-құлық көрсету

Қазақстан Республикасының дербестік алуы оның құқықтық жағдайын өзгертті. Дербес құқықтық жүйесін таңдап, өзіндік құқықтық саясат жүргізуіне жол ашты. Саяси құқықтық тәуелсіздіктің басты нышаны Қазақстан Республикасының Конституциясы. Өйткені жаңа Конституция азаттық пен әділеттілікті, өз еркімен өмір сүріп, әлем халықтарымен терезесін тең ұстауды аңсаған қазақ халқының асыл арманының іс жүзіне асуы. Дегенмен әрбір адамның    құқықты біліп,   санаға сіңіріп, құқыққа сәйкес мінез-құлық көрсету  мәселесін жүзеге асыру үшін, ең алдымен барлық адамдарды жаппай құқықтық ақпараттандыру  керек деп ойлаймын, яғни  халыққа құқықтық білім беру мәселесі. Әрине біздің мемлекетімізде бұл жұмыстар жоспарланған түрде бар, бірақ орындалуы төмен дәрежеде. Менің ойымша балабақшадан бастап, мектеп, жоғарғы оқу орындарында құқықтық білім беретін пәндер енгізілсе, әрбір жұмыс орындарында  құқықтық сабақтар формальды түрде емес, шынайы түрде өтіп отырса. 9,10,11 сыныптарда Адам.Қоғам.Құқық. пәні аптасына 1 сағат жүргізіледі. Оның өзінде тақырыптардың көпшілігі қоғамға байланысты, мысалы Философия деген не? Адамның әлеуметтенуі т.б тақырыптар көбірек берілген де, құқықтану принциптері жете қамтылмағандығы айқын аңғарылады. Мектеп бағдарламасына арнайы құқықтану пәні енгізіліп, оны тәжірибелі кәсіпқой заң қызметкерлері оқытса  дұрыс болар еді деген пікірдемін. Құқықтық мәдениет- құқықтық мемлекет жүйесінде өмір сүруге бейім, өз құқығын заңмен қорғай алатын, өзгелердің құқығын қастерлей білетін азамат-тұлға тәрбиелеудә мақсат етеді [2]. Құқықтық білім  заң негіздерін ғылым ретінде оқып-үйрену арқылы жүзеге асады. Құқықтық білім негіздерін қалыптастыруға және оны өз бетімен дамытуына негіз жасайды.

1.2. Дәстүрлі этика бойынша тәрбиелеу

Еліміздің құқықтық мәдениетті болуына қазақ ұлтының ұлттық идеясын қолдану арқылы ықпал етуге болады. [3]. Қазақ көшпелі халық болса да, өзінің өркениетті   құқығымен ерекшеленеді. Атап айтсақ Есім ханның Ескі жолы, Қасым ханның Қасқа жолы, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты дала заңдары болған. «Әке — балаға ақылшы, би – халыққа ақылшы» -дейді халық даналығы. Халқымыздың дәстүрлі тәрбиесі ғасырлар бойы әдепсіз қылықтарға тыйым салатын және оларды бұлжытпай орындауы жас кезден бастап қоғам мүшелеріне міндеттеген. Сол нормалар мен талаптарды орындау барлық жағдайда құқықтық мәдениетті қалыптастырған. Мысалы: өтірік айтпа, шыншыл бол, әлсізге көмектес, ұрлық қылма, үлкенді сыйла деген сияқты тыйым сөздермен қоса, «Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөлегеннен без», «Ұрлық түбі қорлық», т.б мақал-мәтелдер арқылы –ақ құқықтық сана қалыптастырған. Ұлттық салт-дәстүрге сай адамгершілік, қайырымдылық, адалдық сияқты төл қасиеттерді қалыптастырып, дамытқан.

 ІІ. Бөлім.  Құқықтық мәдениетті арттыру жолдары

Құқықтық мәдениет біздің қоғамда мүлдем жоқ, оны жаңадан қалыптастыру керек деп   айтуға  келмес. Сондықтан мен құқықтық мәдениетті  артыру қажет деп ойлай отырып оның негізгі жолдары ретінде төмендегі  жағдайларды ұсынғым келеді:

  1. Құқықтық білімді іске асыруға тәрбиелей отырып, құқықтық мемлекет адамдарының өзара өркениетті қарым-қатынасын  дамыту;
  2. Мемлекет заңдарын қастерлеуге, заң нормаларын сақтауға және орындауға, өз құқығын заңмен қорғай білуге, өзгелердің құқығын қастерлеуге, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға балу;
  3. Құқықтық дағыларды дамыту үшін, заң қызметкерлерімен кездесулер өткізу, дебаттар, құқықтық олимпиадалар, әр түрлі зияткерлік сайыстар т.б. іс-шаралар көтеп өткілсе;
  4. Мектепте өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстарын құқықтық негізде ұйымдастыру арқылы әр оқушының іс-әрекетін заңдылыққа бейімдеу.
  5. Мектепте оқушылардың құқықтық мәдениет деңгейін  анықтап, бағалаудың диагностикалық жолдарын қалыптастыру.

Мысалы АҚШ-та мектептерде «Үкіметтік класс» деп аталатын курс бар екен, оның мақсаты – оқушыларды елдің конституциясымен және АҚШ мемлекеттік құрылымымен таныстыру. Курс аяқталған соң оқушылар АҚШ Конгресінің процесі және Жоғарғы сотының қызметі туралы т.б. сахнада ойнап көрсетеді екен. [4]. Мектепте осындай тәжірибені енгізсе, оқушыларға өте қызықты және естерінде жақсы сақталар еді. Әр мектепте  жас өспірімдер ісі жөніндегі инспектор жұмыс істейді, бірақ олар бізге тәртіпсіз оқушыларды іздеп жүргендей көрінеді. Оқушылардың түсінігінде инспектор бұзақы оқушылардан түсінік алып, ата-анасын мен сынып жетекшісіне айтады.   Ол заң қызметкерлері тарапынан ешқандай профилактикалық жұмыстар жүрмейтіндей көрінеді маған, әлде мен түсінбей жүрмін бе?!

 

Қорытынды

  Мен бяндамамда құқықтық мәдениетті арттыру жолдарын  көрсетуге тырыстым. Қоғамдық құқықтық санадағы құқықтық нигилизм мен заңдық идеялизм көшірмелерін жеңіп, жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттырып, барлық заң жүйелерін жақсарту [5] біздің мемлекетімізде әлі де жүргізілуде. Оған дәлел ретінде президенттің «100 нақты қадамында»  мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Әдеп Кодексі»  жасалатындығын айтсақ та жеткілікті. Құқықтық мәдениетті қалыптастырып, оны  дамыту  мектептен басталу қажет, өйткені бүгінгі мектептегі оқушы ертеңгі маман. Ал маман құқық жағынан сауатты, саналы, білімді, мәдениетті болса  қоғамға қауіпті құқық бұзушылықтар  азаяр еді. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырамыз десек  әр адам мемлекет алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз бен міндетімізді ұғыныуымыз қажет.    

 

 

Пайдаланылған әдебиетер:

 

  1. Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледжде және ЖОО-да.//2010. №1-2
  2. Қазақ тарихы // 1998, № 2
  3. Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледжде және ЖОО-да.//2010. №1-2
  4. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі. А,. 1996. 29 б.
  5. Қазақ Ордасы// 2003. №3

 

 

Құқықтық  мәдениет  туралы сауалнама

Сауалнамаға  9-11 сыныптан 50 оқушы қатысты

  1. Құқықтық мәдениеті бар адамдар деп кімдерді санар едіңіз?

Мұғалімдер, дәрігерлер – 22

Заң қызметкерлері -  5

Қарапайым жұмысшылар – 8

Жеке кәсіпкерлер — 9

Шешеуніктер – 3

Білмеймін — 3

 

  1. Құқықтық  мәдениеттің төмен болуының  қылмыстың  өсуіне әсері бар ма?

Иә — 31

Жоқ –  15

Жауап беруге қиналамын – 4

 

  1. Құқықтық мәдениетті қай жастан бастап қалыптастыру қажет деп ойлайсыз?

Бастауыш сыныптан бастап –

Жоғары сыныптан

ЖОО –да

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қосымша пәндер«Құпиясы жоқ болса, өнердің құрметі де жоқ»

БастауышАдам және өсімдік пен жануар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150773

Пікірлер (2)
Базаргүл Алтынбекқызы # 13 ақпан 2016 в 23:29 0
Қоғамда құқықтық мәдениетті көтеру қазіргі кезде басты міндет болып тұр десек артық емес...
Базаргүл Алтынбекқызы # 12 шілде 2016 в 22:51 0
Құқықтық мәдениетті арттыру қоғамның басты міндеті.себебі елімізде қылмыстық істердің орын алуы қатты алаңдатады.Әрбір адам болашақ алдында өз міндетін біліп, саналы сауатты мамандар қажет пе деп ойланасың???

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар