Ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы мен мәдениеті

19 сәуір 2016 - Сабит Атаниязов

Сабақтың  тақырыбы: Ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы мен мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ғұндардың тұрмысы, шаруашылығы, олардың заттай мәдениеті және де археологиялық ескерткіштері туралы мәлімет беру.

   Сілтеме: Оқулық, таратпа қағаздар, постер, кесте.

Оқытудың нәтижелері:

1. Ғұндардың шаруашылығы, олардың түрлі кәсіпшілігі туралы мәлімет алады.

2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді.

3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы  орындай алады.

4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып  жеткізе және талдай алады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (диалогтық оқыту), 2-модуль СТО, 3-модуль –бағалау, 7 – модуль көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

1. Үй тапсырмасын тексеру

2. Мәтінмен және кестемен жұмыс

3. рефлексия

4. бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Ұйымдастыру

2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

3. Мәтінді тарату

4. Үлестірме парақтар

І. Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма Қызығушылықты ояту. 1- модуль.  Диалогтық оқыту.

1. Ғұндар Қазақстанның қай аймақтарын  мекендеген? Картадан көрсет.

2. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті. Картадан көрсет.

3. Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойларыңды дәлелдеңдер.

4. Ғұн жоырқтарының маңызы неде?

2-тапсырма. Модуль СТО «ББҮ» сызба әдісі

Жүзеге асыру қадамдары 1-қадам: сызбаны тақтаға және дәптерге сызып алу:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

2-қадам: оқушылармен алғашқы екі бағанды толтырамыз:

Сарматтар туралы не білесіз?

Не білгіңіз келеді?

3-қадам:  оқушылармен мәтінді оқу, бұрыннан таныс  және жаңадан танысқан түсінікті табу.

4- қадам: жаңадан алған білімдерімен сызбаның соңғы бағанын толтыру.

5-қадам: екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын топта талқылау.

2-тапсырма. Модуль СТО «Автордың орындығы» әдісі

Күтілетін нәтиже.

Оқушы жасай алады:

·         Ұсынылған проблема немесе ақпарат бойынша  өз кластастарына не елестетінін айту;

·         өз жұмысын кластастарымен талқылау, мейілінше тереңірек талдау жасау;

·         таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.

 Жүзеге асыру қадамдары

1 -қадам:  кез-келген жұмысты жазып болғаннан кейін тақтаның алдына үстел қойылады

2 -қадам:  столға отырып, өз жазғанын автор ретінде аудитория алдында оқуға шақырылады.

3 -қадам: аудитория  тыңдап сұрақ қояды, түсінік береді.

Бағалау (топтық бағалау, өзін-өзі бағалау)

Үйге тапсырма. §45 Оқып келу. Қосымша дереккөздерден мәліметтер жинау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151031

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 23 сәуір 2016 в 09:23 0
Деңгейлік бағдарлама негізінде жаңа форматта құрылған сабақ жоспары маған ұнады. 6 сыныпқа арналған бұл тақырыпта мен электронды оқулықты пайдаландым. Ондағы Ғұн тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындау оқушыларға қатты ұнайды. Олар жарыса отырып, тақырып туралы білімдерін бекітеді.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар