6 сыныпқа арналған тест

12 тамыз 2014 - Нургиза Кульджина

6 сынып. Дүниежүзі тарихы. Жылдық тест

1-нұсқа

1. Ежелгі Египетте алғашында қанша патшалық болды?

А) 35-ке жуық В ) 40-жуық С) 45-ке жуық

2. Осы патшалықтар бірін-бірі жаулап алу арқылы екі ірі мемлекет құрылды

А ) Солтүстік, Оңтүстік В) Шығыс, Батыс С) Жоғарғы, Төменгі

3. Екі мемлекеттің бірігуі шамамен қашан болды?

А) бзб 2500 жылы В) бзб 2000 жылы С ) бзб 3000 жылы

4. Египет мемлекетінің алғашқы астанасы

А) Александрия В ) Мемфис С) Фивы

5. Египет билеушісі. А) перғауын В) патша С) шонжар

6. Қай перғауынның тұсында египет жері Азияда Евфратқа дейін жетті?

А ) Тутмос В) Тутанхамон С) Эхнато

7. Дүниежүзінде бірінші болып атты атты әскерді кеңінен пайдаланған мемлекет

А) Финикия В ) Ассирия С) Египет

8. 22 әріптен тұратын алфавит қайдан шыққан?

А ) финикиялықтардан В) вавилондықтардан С) египеттіктерден

9. Бзд 7 ғасырда әлемде тұңғыш рет алтын мен күміс қоспасынан металл ақша шығарған

А) Вавилон мемлекеті В) Мидия мемлекеті С ) Лидия мемлекеті

10. Шығысында Үндістан мен батысында Жерорта теңізімен шектесіп созылып жатқан мемлекет? А) Вавилон патшалығы В ) Парсы патшалығы С) Ассирия патшалығы

11.Сырдарияның неше қаласының тұрғындары грек – македон басқыншыларына қарсы көтеріліске шықты?

А) 5 В) 6 С ) 7

12. Парсы патшасы билікке келгеннен кейін елді неше аймаққа бөлді?

А) 25 В ) 20 С) 17

13 Қытай тарихшысы Сыма Цянь қашан дүниеге келді?

А ) бзб 151 ж В) бзб 161 ж С) бзб 171 ж

14. Адамзат әлемінде бүгінге дейін пайдаланыа келе жатқан қағазды қай ел ойлап тапты?

А) Грекия В) Үндістан С ) Қытай

15. Грекия қай жерде орналасқан?

А) Апенин түбегі В ) Балқан түбегі С) Үндістан түбегі

16. Грекияда тұңғыш олимпия ойындары қашан болды?

А) бзб 756 ж В ) бзб 776 ж С) бзб 767 ж

17. «Азияның патшасы» танған патша кім?

А) Октавин Август В) Юлий Цезарь С ) Александр Македонский

18. Рим республикасы қай жылдары өмір сүрді?

А) бзб 509- 27 жж В) бзб 506 – 28 жж С) бзб 509-24 жж

19. Рим республикасы қашан екіге бөлінді?

А) 394 ж В ) 395 ж С) 396 ж

20. Грекияда Дионис құдайының құрметіне арналған ойын-сауық ретінде пайда болған өнер

А ) театр өнері В) олимпиалық ойындар С) гладиаторлар шайқасы

Кілті: 1в, 2а, 3с, 4в, 5а, 6а, 7в, 8а, 9с, 10в, 11с, 12в, 13а, 14с, 15в, 16в, 17с, 18а, 19в, 20а.

6 сынып.Дүниежүзі тарихы. Жылдық тест

2-нұсқа

1. Үш жағынан теңіз қоршап жатқан ел?

А) Ассирия В) Египет С ) Хетт патшалығы

2. І Дарий шығарған ақша қалай аталды? А) дарий В ) дарик С) теңге

3. Қосөзен бойын алғаш мекендеген халықтың бірі

А) вавилондық В ) аккадтықтар С) ассириялықтар

4. Лагаш қай мемлекеттің қаласы?

А) Ассирия мем-ті В) Вавилон мем -тіі С ) Шумер мемлекеті

5. Заңдар жинағын шығарған патша?

А ) Хаммурапи В) Навуходоносор С) Нарамсин

6. «Аспалы бақ салдырған» патша?

А) Хаммурапи В ) Навуходоносор С) Нарамсин

7. «Гильгамеш туралы дастан» қай елдің мәдени мұрасы?

А) Ассирия В) Египет С ) Қосөзен

8. Дүниедегі ең ежелгі жазуды дүниеге келтірген халықты ата?

А) финикиялықтар В ) шумерліктер С) ассириялықтар

9. Египетте перғауыннан кейінгі беделді адам кім болды?

А) жазғыштар В ) әкімдер С) абыздар

10. Сирияға 17 рет жорық жасаған Египет перғауыны кім?

А) Менес В ) ІІІ Тутмос С) Рамзес

11. Египет мектебінде мұғалімдік қызметті кім атқарды?

А) әкімдер В) жазғыштар С ) абыздар

12. Вавилонның солтүстігінде пайда болған ірі мемлекет.

А ) Ассирия В) Египет С) Хетт

13. Тушпа қаласы қай мемлекеттің астанасы болды?

А) Финикия В ) Урарту С) Палестина

14. Қазіргі Түркия жерінде өмір сүрген мемлекет қалай аталды?

А) Ассирия В) Египет С ) Хетт

15. «Ману заңы» қай елдікі А) Македония В) Қытай С ) Үндістан

16. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы қанша?

А) 3000 км В ) 4000 км С) 5000 км

17. Қытай тарихшысы Сыма Цянь қашан дүниеге келді?

А ) бзб 151 ж В) бзб 161 ж С) бзб 171 ж

18. Грекияда олимпиалық ойындар неше жылдан кейін өткізіліп отырды?

А) 5 жылда 1 рет В) 3 жылда 1 рет С ) 4 жылда 1 рет

19. Македония патшасы ІІ Филипптің ақша реформасы қашан жүзеге асты?

А ) бзб 356 ж В) бзб 361 ж С) бзб 357 ж

20. Рим республикасы қашан екіге бөлінді?

А) 394 ж В ) 395 ж С) 396 ж

Кілті: 1с, 2в, 3в, 4с, 5а, 6в, 7с, 8в, 9в, 10в, 11с, 12а, 13в, 14с, 15с, 16в, 17а, 18с, 19а, 20в.

6 сынып. Қазақстан тарихы. 1 тоқсан

1-нұсқа

1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

А) қоладан В ) тастан С) темірден

2.Ғалымдар алғашқы адамдарды не деп атады?

А ) «епті адам» В) «тік жүретін адам» С) «саналы адам»

3. Питекантроп деп аталатын адам қай жерден табылған?

А) Франция В) Германия С ) Ява аралы

4. Синантроп деп аталатын адам қай жерден табылды?

А) Франция В ) Қытай С) Ява аралы

5. Неандерталь деп аталатын адам қай жерден табылған?

А) Франция В ) Германия С) Ява аралы

6. Бұдан 40-35 мың жыл бұрын қалыптасқан адам

А) «епті адам» В) «тік жүретін адам» С ) «саналы адам»

7. Алғашқы адамдар кәсібі А) мал бағу В ) терімшілік С) егіншілік

8. Алғашқы адамдар ұжымы.

А) отбасы В) рулық қауым С ) адамдар тобыры

9. Орта тас ғасыры қалай аталады? А) палеолит В ) мезолит С) энеолит

10. Мыс-тас ғасыры қалай аталады?

А) палеолит В) мезолит С ) энеолит

11. Б.з.б. 5-3 мың жылдықты қамтиды

А) палеолит В ) неолит С) мезолит

12. Өзбекстанның тесіктас үңгірінен табылған адам

А ) неандерталь В) кроманьон С) синантроп

13. Жер бетін мұз басу қашан басталды?

А) бұдан 80 мың бұрын В) бұдан 90 мың бұрын С ) бұдан 100 мың бұрын

14. Шақпақата тұрағы қай жерде?

А) Қаратау В ) Маңғыстау С) Оңтүстік Қазақстан

15. Егіншілік қашан пайда болды?

А) бұдан 15 мың бұрын В) бұдан 20 мың бұрын С ) бұдан 10 мың бұрын

16. Тас дәуірінің дамыған кезеңі А) палеолит В ) неолит С) мезолит

17. «Қыш құмыралар заманы» деп қай дәуір аталады?

А) палеолит В ) неолит С) мезолит

18.Ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал

А ) микролит В) ретушь С) чоппер

19.Садақ пен жебе қай дәуірде жасалды?

А) палеолит В) неолит С ) мезолит

20. Б.з.б. 12-5 мың жыл бұрын болған қай дәуір?

А) палеолит В) неолит С ) мезолит

Кілті: 1в, 2а, 3с, 4в, 5в, 6с, 7в, 8с, 9в, 10с, 11в, 12а, 13с, 14в, 15с, 16в, 17в, 18а, 19с, 20с.

6 сынып. Қазақстан тарихы. І тоқсан

2-нұсқа

1. Алғашқы адам табылған жер.

А) Қаратау В) Маңғыстау С ) Кения

2. «Қытай адамы» қалай аталады?

А) неандерталь В) кроманьон С ) синантроп

3. Ежелгі тас дәуірінің тарихи атауы. А ) палеолит В) неолит С) мезолит

4. «Саналы адам» қалай аталады?

А) неандерталь В ) кроманьон С ) синантроп

5. Адамдардың алғаш пайдаланған металы. А ) мыс В) қола С) темір

6. Мұздық ери бастады. А) бұдан 15 мың бұрын В ) бұдан 13 мың бұрын С) бұдан 11 мың бұрын

7. Гарпун не үшін пайдаланылды?

А) отын шабу В) егін егу С ) балық аулау

8. Екі жағынан өңделген құрал қалай аталады??

А ) бифас В) гарпун С) чоппер

9. Егіншілік қалай пайда болды?

А) аңшылықтан В ) терімшіліктен С) мал өсіруден

10. Энеолит ғасырының хронологиясы. А ) б.з.б 3000-2800 жж

В) б.з.б 3000-2500 жж С) б.з.б 3000-2100 жж

11. Мыс өңдеуді адамдар қашан үйренген? А) бұдан 5 мың б. В) бұдан 6 мың б. С ) бұдан 7 мың б.

12. Қазақстан аумағынан неолиттің қанша тұрағы табылды?

А ) 500-ден аса В) 600-ден аса С) 1000-нан аса

13. Рулардың өсе келе біргуі қалай аталады?

А ) тайпа В) мемлекет С) аймақ

14. Мезолиттің Қазақстан аумағында қанша тұрағы белгілі?

А) 10-нан аса В) 30-дан аса С ) 20-дан аса

15.Крамоньон деп аталатын адам қай жерден табылған?

А ) Франция В) Германия С) Ява аралы

16. Ява аралынан табылған адам.

А) неандерталь В) питекантроп С) синантроп

17. Германиядан табылған адам.

А ) неандерталь В) кроманьон С) синантроп

18. Адамдардың алғашқы баспанасы. А) жер төле В ) үңгір С) қос үй

19. Рулық қауым қашан қай адамның кезіне сәйкес келеді?

А) «епті адам» В) «тік жүретін адам» С ) «саналы адам»

20. Саздан жасалған қыш ыдыс қалай аталады?

А ) көзе В) кесе С) құмыра

Кілті: 1с, 2с, 3а, 4в, 5а, 6в, 7с, 8а, 9в, 10а, 11с, 12а, 13а, 14с, 15а, 16в, 17а, 18в, 19с, 20а.

6 сынып. Қазақстан тарихы. 2 тоқсан

1-нұсқа

1. Энеолит ескерткіші. А) Андрон В ) Ботай С) Бөріқазған

2. Қыш ыдыстардың түбін қандай бояумен бояған?

А) қара В) сары С) қызыл

3. Шығу тегін жануарлармен байланыстыру бұл…

А ) тотемизм В) анимизм С) магия

4. Ежелгі суретшілер әйелдердің мүсіндерін неден жасаған?

А) ағаштан В) қоладан С ) сүйектен

5. Б.з.б. 2800 жыл – бзб 900 жыл аралығын қамтитын қай дәуір

А ) қола В) неолит С) энеолит

6. Тас балтаға қарағанда қола балта неше есе тез шапты?

А) 2 есе В ) 3 есе С) 4 есе

7. Ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән қанша обаны зерттеді? А) 80 В) 100 С ) 150

8. Андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттап жазған ғалым кім?

А ) В.П. Алексеев В) А.С. Иванов С) С.И. Андреев

9. Малдың төрт түлігін де өсірген кімдер?

А) ботайлықтар В ) андрондықтар С) шебірліктер

10. Адамдардың алғаш пайдаланған металы. А ) мыс В) қола С) темір

11. Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен табылған адам

А ) неандерталь В) кроманьон С) синантроп

12. Алғашқы адамдар кәсібі А) мал бағу В ) терімшілік С) егіншілік

13. Жер бетін мұз басу қашан басталды?

А) бұдан 80 мың бұрын В) бұдан 90 мың бұрын С ) бұдан 100 мың бұрын

14. Энциклопедист-ғалым Ә.Х. Марғұлан қола дәуірін зерттей басған жылы? А) 1944 ж В) 1945 ж С ) 1946 ж

15. Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты?

А ) өзен, көл жағалауында В) тау етегінде С) қыстақтарда

16. Жеке меншік қай кезде қалыптасты?

А) жаңа тас дәуірінде В ) қола дәуірінде С) мыс-тас дәуірінде

17. Қогла дәуіріндегі жоғары дін басы

А) патша В) молда С ) абыз

18. Беғазы-Дәндібай мәдениеті қай жерде орналасқан?

А ) Орталық Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан С) Батыс Қазақстан

19. Қола дәуірінде әлеуметтік теңсіздіктің шығуына не әсер етті?

А ) жеке меншік В) дінге сену С) рудың ыдырауы

20. Тайпаны басшысы қалай аталады?

А) ақсақал В ) көсем С) тайпа басы

Кілті: 1в, 2с, 3а, 4с, 5а, 6в, 7с, 8а, 9в, 10а, 11а, 12в, 13с, 14с, 15а, 16в, 17с, 18а, 19а, 20в.

6 сынып. Қазақстан тарихы. 2 тоқсан

2-нұсқа

1. Тас дәуірін алмастырған дәуір

А) темір дәуірі В ) қола дәуірі С) мыс-тас дәуірі

2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті қай жерде орналасқан?

А ) Орталық Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан С) Батыс Қазақстан

3. Ғалым Әлкей Марғұлан қай жерде дүниеге келген?

А) Шымкентте В) Алматыда С ) Павлодарда

4… Ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән қанша қонысты зерттеді? А ) 30 В) 10 С) 50

5. Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орнында қанша қалайы шығарылған? А) 1130 тонна В ) 1100 тонна С) 1500 т онна

6. Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты?

А ) өзен, көл жағалауында В) тау етегінде С) қыстақтарда

7. «Саналы адам» қалай аталады?

А) неандерталь В ) кроманьон С ) синантроп

8. Гарпун не үшін пайдаланылды?

А) отын шабу В) егін егу С ) балық аулау

9. «Қыш құмыралар заманы» деп қай дәуір аталады?

А) палеолит В ) неолит С) мезолит

10. Қазақстан жерінде қола дәуірі қашан басталды?

А ) осыдан 4 мың жыл бұрын В) осыдан 3 мың жыл бұрын С) осыдан 2 мың жыл бұрын

11. Қола дәуірінде әлеуметтік теңсіздіктің шығуына не әсер етті?

А ) жеке меншік В) дінге сену С) рудың ыдырауы

12. Тайпаны басшысы қалай аталады? А) ақсақал В ) көсем С) тайпа басы

13. Беғазы-Дәндібай обаларының етегі қалай бекітілген?

А) топырақпен В) қиыршық тастармен С ) қақпақ тастармен

14. Қогла дәуіріндегі жоғары дін басы

А) патша В) молда С ) абыз

15. Қола дәуірінде жертөле үйлердің төқбесін немен жапқан?

А ) сырғауыл В) қамыс С) балшық

16. Қола дәуірінде қай малдың түрі көбейді?

А) қой, түйе В) жылқы, түйе С ) қой, жылқы

17. Зергерлік бұйым ретінде жыртқыш аңдардың тісін тізіп, мойындарына не таққан?

А ) тұмарша В) моншақ С) салпыншақ

18. Андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттап жазған ғалым кім?

А ) В.П. Алексеев В) А.С. Иванов С) С.И. Андреев

19. Әлкей Марғұлан қай жылы дүниеге келген?

А) 1903 ж В) 1905 ж С ) 1904 ж

20. Малдың төрт түлігін де өсірген кімдер?

А) ботайлықтар В ) андрондықтар С) шебірліктер

Кілті: 1в, 2а, 3с, 4а, 5в, 6а, 7в, 8с, 9в, 10а, 11а, 12в, 13с, 14с, 15а, 16с, 17а, 18а, 19с, 20в.

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихОқулық бойынша тест тапсырмалары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062462

Пікірлер (18)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар