9 сыныпқа арналған сынақ сұрақтары

14 қаңтар 2016 - Нургиза Кульджина

9 сыныптың Қазақстан тарихы  бойынша сынақ сұрақтары

 

1.    Қазақстанның толығымен Ресей империясының  отарына айналған уақыты.                                    ХІХ ғ  екінші жартысынан

2.    ХХ ғ басында шетел капиталының Қазақстанға ағылуы неден байқалды:

-        «Спасск мыс кеніші АҚ» иесі ағылшын және француздар болды;

-        Олар Қарсақпайды жалға алып, зауыт салды

-        Успен кеніші, Саран-Қарағанды тас көмір кәсіршілігі де соларға тиесілі болды

 

  1. ХХ ғ басында Қаз-да 197 тау-кен кәсіпорындарында қанша жұмысшы істеді?                                              

18 мың  (Темір жол тораптарында 20 мың жұмысшы болды)

  1. 1913 ж Қазақстан аумағындағы кәсіпорындар Ресей империясындағы кәсіпорындардың  қанша пайызын құрады?                3,76 пайызын
  2. Қазақстардан қанша жер тартып алынды?

-        1893-1905 жж – 4 млн десятина жер;

-        1906-1912 жж – 17 млн. десятина жер;

-        1917 ж  -  45 млн десятина жер тартып алынды

6.    Қазақстан жерінде қанша казак әскери бөлімдері болды?

Төрт:  * Орынбор өлкесінде – 533 мың;

  • Оралда – 235 мың;  
  • Сібірде – 164 мың;
  • Жетісуда – 59 мың адамды құрады.

7.    1905-1907 жж бірінші орыс рев-ң әсерімен Қазақстанның қай қалаларында жұмысшы-шаруа қозғалыстары жанданды?                       1905 ж

-        17 қазанда – Оралда, Петропавлда:

-        19 қазанда – Перовсікде

-        Желтоқсанда Успен кеіншінде (Ақмола облысы)

8.    1907-1912 жж Қазақстанға Ресейден қанша адам әкеліп қоныстандырылды?                                                2 млн 400 мың

9.    «Қазақ» газетінде жарияланған «Тағы соғыс» мақаласының авторы кім?

Ә. Бөкейханов

10. 1913 жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің  өзі проблемаға айналды»- деп жазған кім?                         А. Байтұрсынов

11. 19 бен 43 жасқа дейінгі ер адамдарды қара жұмысқа алу туралы патша Жарлығы қашан шықты?                       1916 ж 25 маусымда

12. Түркістан мен Дала өлкесінен қанша жігіт алу көзделді?             500 мың

13. «Жұрт сеңдей соғылды, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды»-деп жазған кім?                                          М. Дулатов

14. 1916 ж 23 тамыздағы генерал-губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар кімдер?

* лауазымды адамдар

* Төменгі полициялық шенділер;

* имамдар, молдалар;

* есепшілер;

* Дворяндар т.б

15. 1916 ж көтеріліске шыққан халық қандай билікті қалпына келтірді?

Хандық билікті

 

 

 

16. Қай жерлерде кімдер хан сайланды?

— Шерубай – Нұра болысында – Нұрлан Қияшев;

— Қарашақ болысында – Оспан Шоңов;

— Верный уезінің Жайымтал болысында – Бекболат Әшекеев;

— Торғай уезінде — Әбілғафар Жанбосынов

Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің 9 өкілі хан сайланды.

17. Қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауым өкілдерін ата?

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов

18. Революцияшыл- демократиялық зиялылапрды ата?

Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин,

С. Меңдешев,   Ә. Жанкелдин,   Б. Алманов

19. 1916 ж ұлт-азаттық көтерілістің ірі орталықтарын ата?

Жетісу мен Торғай

20. Жетісудың  генерал – губернаторы кім?                  М. А. Фольбаум

21. Жайымтал болысының көтерілісшілерімен кімнің жазалау отрядының арасында тең емес шайқас болды?

Подполковник Базилевичтің

22.Жетісудағы көтеріліс басшылары кімдер?

Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин (Верный уезі)

Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов (Қарқара)

23. Жетісуда көтеріліс жасаған адамдардың қаншасы Қытайға ауып кетті? 

238 мыңы

24. Торғайдағы көтеріліс басшысы Аманкелді Имановтың  көтерілісшілер саны қаншаға дейін жетті?                                    20 мыңға

25. Аманкелді Иманов көтерілісшілерінің жеңіліспен аяқталған ұрысы қай жерде болды?                                             Доғал-Үрпек түбінде

26. Патша өкіметі 1916 ж қанша көтерілісшіні жазалады?             3 мыңға жуық

27. Жетісу көтерілісінің басшысы Бекболат Әшекеевті қалай жазалады?

Боралдай асуында жұрт алдында дарға асты

22.1917 ж Ресейдегі ақпан революциясының жеңісінен кейін қазақ жерінде құрылған ұйымдар мен партиялар:

1917 ж шілдеде – «Қара жұмысшылар одағы» — Верныйда;

«Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы» — Серниопольде;

«Жас арбакештер одағы», «Талап» — Петропавлда;

«Жас қазақ» ұйымы – Амолада;

«Қазақ жастарының революцияшыл одағы» — Әулиеата мен Меркеде,

«Алаш» партиясы, «Жанар» ұйымы – Семейде.

1917 ж қыркүйекте – Түркістан федералистер партиясы

«Үш жүз» партиясы – Омбыда (төрағасы Мұқан Айтпенов)

23.Әйелдердің ерлермен тең құқықты болуына қанша молда қарсы болды?    250 молда

24.Кадеттер ұйымының  Семейде шығарып тұрған газеті.

«Свободная речь»

31. Семей облысындағы Даубай кенішінің қазақ жұмысшыларлы қашан ереуіл жасады?                                              1917 ж мамырда

32. Түркістан автономиясы қашан құрылды?             

 1917 ж 22 қарашада Қоқан қаласында төтенше ІҮ съездерінде (басшысы М. Тынышбаев, кейінірек Мұстафа Шоқай алмастырды)

 

 

33. Ресейде қашан монархия құлатылды?          1917 ж ақпан буржуазиялық-демократиялық рев. нәтижесінде.  Елде қос өкімет орнады: 1. Уақытша  үкімет және Кеңес өкіметі  (Жұмысшы, солдат, шаруадепутаттары  Кеңесі).

34. Алаш қозғалысы қашан қайта жанданды?   1917 ж ақпан рев. кейін. Алаш қозғалысы Уақытша үкіметті жақтады.

35. «Қазақ» газеті қашан, қай жерде шығып тұрды?   Орынборда

1913 ж ақпан – 1918 ж      Бас редакторы А. Байтұрсынов

36. «Айқап» журналы қашан шығып тұрды?       

1911-1915 жж.  Редакторы  — Мұхаметжан Сералин

37. 1909 ж шыққан «Оян, қазақ! өлеңдер жинағының  авторы кім?

М. Дулатов

38. Алашорда үкіметі қашан құрылды?    1917 ж. желтоқсанда Орынборда өткен Жалпықазақ ІІ съезінде. Басшысы Ә. Бөкейханов. Орталығы Семей қаласы

39. Кеңес өкіметі орнаған уақыт.   1917 ж қазан – 1918 ж наурыз

40. Қазақ даласында Кеңес  билігі алдымен қай жерлерде орнады?

Темір жол бойындағы қалаларда:

*1917 ж қазанда -Қызылордада (Перовск)

* 1917 ж қарашада — Әулиеата (Тараз), Черняев (Шымкент)

*1917 ж желтоқсанда – Қостанайда, Бөкей Ордасында

*1918 ж басында – Ақтөбе, Орынбор, Торғайда

* 1918 ж қаңтарда – Павлодарда, Оралда

* 1918 ж 16-17 ақпанда – Семейде.

* 1918 ж  2-3 наурызда – Верныйда

* 1918 ж наурызда – бүкіл Жетісу облысында

 

41. Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қашан қабылданды?

1918 ж наурызда Қазақ депутаттары Кеңестерінің Ақмола уездік съезі

 (С. Сейфуллин, А. Асылбеков т.б.)

42. Азамат соғысы  болған жылдар.                         

1918 – 1920 жж («ақтар» мен «қызылдар» соғысы)

43. Ақ легионерлер 1918 ж  қай қалаларды басып алды?

Мамырда – Петропавлды,

Маусымда – Көкшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды, Семейді, Қостанайды

Наурызда – Оралды басып алды

Қарашада — Жетісуды алды

22.   Ақ гвардияшылардың атамандары кімдер?

  • Атаман Дутов – 1918 ж Орынборды алды. Алашорда үкіметі Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты
  • Атаман Колчак – Қостанайды басып алды.
  • Атаман Анненков – Солтүстік Жетісуды алды.

45.Ақтарға көмектескен шетел интервенттері:

  • Антанта Чехославак корпусын Кеңес өкіметіне айдап салды
  • Ағылшын әскерлері Иран мен Каспий сырты облысына енді

46.Кеңестер Түркістан мен Қазақстанда құрған әскери бөлім қалай аталды?

«Мұсылман бөлімдері». Әскери бөлімдер құруда Дала өлкесінің төтенше комиссары Ә.Жанкелдин, Торғай уезінің комиссары А. Иманов, саяси бөлім меңгерушісі Б.Қаратаев т.б. белсене айналысты.

47.Кеңес өкіметі құрған майдандарды ата:

  • Шығыс майданы – 1919 ж Колчак қолын Оралдан асыра қуып тастады.
  • Түркістан майданы – 1920 ж 5 қаңтарда Атырауды азат етті.
  • Жетісу майданы – 1920 ж наурызда Семей облысын азат етті.

 

48. Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарған  қорғаныс қалай аталады?

Черкасск қорғанысы (1918 ж маусым – 1919 ж қазан)

49. Орал облысы қашан ақ казактардан толық арылды?    

1919 жылдың соңында

50. Уфа жаудан  қашан  азат етілді?

1919 ж маусымда – Фрунзе басқарған Шығыс майданның Оңтүстік тобы азат етті.

51. Азамат соғысы кезіндегі экономикалық саясат қалай аталды?

«Әскери коммунизм» саясаты деп аталды.

Оның ерекшелігі: жергілікті бюджетті жойып, бірыңғай мемлекеттік бюджет  енгізді.

Ұсақ және майдагерлік өнеркісіпті мемлекет меншігіне алды, азық салғырты, еңбек салығы енгізілді. (күштеу әдісімен жүргізілді)

52. «Әскери коммунизм» саясатына шаруалар наразылығы қай жерлерде болды?

Қостанай, Ақмола, Орал, Семей губернияларында

53. Азамат соғысында қаза тапқан адамдар саны қанша?               8 млн

54. Ұлттық мәселе туралы  «Төңкеріс және қазақтар» мақаласының авторы кім?

А. Байтұрсынов

55. Қазақ революциялық комитеті (Қазревкомы) қашан құрылды?

1919 ж 10 шілдеде. Оның басшысы ұлты поляк С. Пестковкий

56. Қазревкомының  органы – газетін ата?                   «Ұшқын» газеті

57. «Қазақ елінің үкіметі» деп аталған Алашорданы тарату туралы шешім қашан қабылданды?                                                  1920 ж 9 наурызда

58. «Қазақ АКСР-ін құру туралы»  Декрет қашан шықты?   1920 ж 26 тамызда

59. Қазақ АКСР-інің құрылғаны қашан жарияланды?

1920 ж 4 қазанда Құрылтай съезінде. Қаз АКСР Оратлық Атқару комитетінің төрағасы –С.Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В. Радус-Зенькович сайланды

 

60. Қазақстанның астанасы болған қалаларды ата:

Орынбор – 1920-1924 жж (қала 1925 ж Ресей құрамына өтті)

Қызылорда – 1924 – 1929 жж

Алматы – 1929 – 1997 жж

Астана – 1997 ж -

61. Ақмола мен Семей облыстары ҚазақАКСР-нің қарамағына қашан берілді?

1921 ж (Сібір ревкомы қарамағында болған)

62. Қазақ АКСР-інің құрамына енген облыстарды ата?

Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары,  Маңғыстау уезі, Закаспий облысы, Красноводск уезінің 4-және 5-адай болыстары, Астрахан губ. бір бөлігі, Бөкей Ордасы

63. Қазақ АКСР аумағы қанша болды?

1/3 — ке кеңейіп, 2,7 млн шаршы шақырымға жетті.

64. Халық саны қанша болды?

1 млн 468 мың адамға көбейіп, 5 млн 230 адам болды. Қазақтар 61,3 %құрады.

65. Қазақ халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру туралы қаулы қашан қабылданды?

1925 ж 15 маусымда Кеңестердің бүкілқазақстандық Ү съезінде. ( «қырғыздар» деп аталып келген.

66. Қазақстан комсомол (жастар) ұйымы қашан құрылды?   

1921 ж шілдеде Орынборда І съезінде. Басшысы Ғани Мұратбаев (1902-1924)

67. Әйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлерін ата?

А. Оразбаева, Н. Арықова, Н. Құлжанова, С. Есова, Ш. Иманбаева

68. Қазақ тілінде іс жүргізу туралы Декрет қашан қабылданды?  

1923 ж 22 қарашада

 

69. Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қашан енгізілді? 

1921 ж РК (б) П-ның Х съезінде

70. ЖЭС-тің ерекшелігін ата?

*жерді жалға беру және алу

*жалдама еңбекті пайдалануға рұқсат етілді,

* ірі қарасы 6-ға жетпейтін қожалықтар салықтан босатылды

* жеке саудаға рұқсат етілді т.б.

71. 1921 ж қуаңшылық салдарынан болған ашаршылыққа ұшырағандар саны?

Республика халқының  1/3 –ін аштық жайлады. 1921 ж қарашада 1млн 508 мың адам, 1922 ж 2 млн 303 200 адам аштыққа ұшырады

72. Батыс Қазақстанда аштыққа ұшырағандар қанша болды?

Жалпы халықтың 82 % -на дейін жетті.

73. Ет салығынан босату туралы «Нақты ет салығы туралы» Декрет қашан шықты?                                          1921 ж 14 маусымда

74. Қай жерлер аштық жайлаған аудандарға жатқызылды?

Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай

75. Аштықтың салдарынан республикадан тысқары жерге қанша адам кетті?

700 мыңнан астам, (оның ішінде Ресей мен Украинадан келген ашруалар)

76. Жетісуда жер реформасы қашан жүргізілді?               

  1921 ж. 1916 ж тартып алынған жер қайтарылды.

77. Жер беруге қамқорлық жасайтын кедейлер ұйымы қалай аталды, қашан құрылды?              

«Қосшы одағы» 1921 ж (1930 ж.  «Кедей одағы» деп аталды)

78. Салықтың тек ақшалай түрі қашан енгізілді?             1924 ж. 1 қаңтар

79. Республикаға тракторлар қашан әкеліне бастады?       1924-1925 жж

80. 1927 жылы республикада қанша жәрмеңке жұмыс істеді?

75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке

81. Халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін  жасалған бірінші бесжылдық жоспар қай жылдарды қамтыды?                                      1928-1932 жж

82. 1925-1933 жж Қазақстан  басшысы кім болды? 

Филипп Исаевич Голощекин – кәсіпқой революционар

83. Қазақстанда индустрияландыру ісі неден басталды?

Табиғи байлықтарды зерттеден басталды:

  • И.М. Губкин —  Орал-Ембі мұнайлы ауданын,
  • Н.С. Курнаков – Орталық Қаз-ң минерал-шикізат байлықтарын,
  • Қ.И. Сәтбаев – Жезқазған мысын зерттеді.

84. Қазақ Республикасы «Кеңес Одағының тұтас метоллогенді аймағы болып табылады» — деп тұжырым жасаған кім?              

академик Н.С. Курнаков

85. Қаз-дағы индустрияландырудың жетекші нысандарының бірі Түркістан-Сібір темір жолы қашан салынды?

1927 ж салына бастады, 5 жылға жоспарланған, 3 жылда салынып бітті. 1930 ж 28 сәуірде солтүстік пен оңтүстік бағыты Айнабұлақ станциясында түйісті.  1931 ж қаңтарда тұрақты пайдалануға берілді.

86. Темір жол құрылысында қанша адам  еңбек етті? 

100 мыңдай. Басшылық етушілердің ішінде Т.Рысқұлов, М. Тынышбаев т.б болды

87.Қатардағы жұмысшыдан Түрксіб теміржолының бастығына дейін көтерілген кім?                                                    Д. Омаров

88. Түрксіб теміржолының маңызы қандай?    Орта Азияны Сібірмен жалғастырды. Экономика мен мәдениетті өрге бастыруға ықпал етті.

 

 

89. Қазақстанда жаңа страт – жұмысшы табы қалай қалыптасты?

Индустрияландыруды жүзеге асыру  барысында

90.Қазақстанда жұмысшы  табының қалыптасу  үдерісінің  уақытын айт?

ХІХ ғ отарлау жағдайында басталып – азамат соғысынан кейін х/ш қалпына келтіру кезінде 30 жылдары аяқталды

91. 1939 жылы жұмысшылардың үлес салмағы қаншаға жетті?         33,8 %-ға

1926-1940 жж жұмысшы саны 150 мыңнан 634 мыңға, яғни 4 есе артты.

92. 1933 жылы  жұмысшылардың қанша пайызын қазақтар құрады?    

42,1 %  (квалификациялы жұмысшы қазақтар арасында 3  % — 10 % -ға дейінгі

аралықты құрады)

93.Қазақстан Коммунистік партиясы қашан құрылды?       1937 ж

94. Республика кәсіподақтары  қашан біртұтас ұйым құрды?        1921 ж қаңтар

95. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшелігі қандай?

*директивалық жоспарлаумен,

* орталықтың әмірімен іске асты

96. Индустрияландыру жылдарында басым болған өнеркісіп салаларын ата?

өнеркісіптің өндіруші салалары және химия өнеркәсібі

97. Қазақстанда қандай кәсіпорындар болған жоқ?

Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары

98. Ембі мұнайын өңдейтін кәсіпорын қай қалада салынды?        

Орскіде (яғни, Қаз-н шикізат дайындаушы база ретінде қала берді)

99. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды...» деп айтқан кім?

С. Садуақасов

100. Индустрияландыруға байланысты қала мәртебесін алған поселкелерді ата?

Қарағанды – 1932 ж

Риддер (Лениногорск)  — 1934 ж

Аягөз – 1937 ж

Балқаш, Степняк, Арал – 1938 ж   (барлығы 13 поселке)

1939 жылы Қаз-да 81 қала және қала типтес поселке болды (1926 жылы 44 болған еді)

101. 1939 жылы қала тұрғындарының ішіндегі орыстар мен қазақтардың үлес салмағы қанша болды?                              Орыстар – 57,7%;  қазақтар  — 21,9 %

102. Қазақстанда алғашқы коммунистік сенбілік қай жерлерде болды?

Оралда  — 1929 ж 20 қыркүйекте;

Ақтөбеде, Шымкентте, Әулиеатада  — 1929 ж желтоқсанда

103. Қазақстанда 20-30 жылдардағы екпінділер қозғалысының өкілдерін ата?

*А. Бүркітбаев  — Қарсақбайдан шыққан токарь

* К. Кибеков, М. Шилов – Риддер кеншілері

* И. Липатов  — Қызылорда депосының слесарі

* А. Борамбаев – Түрксіб құрылысшысы

104. Стахановшылар  қозғалысы қашан етек алды?  (Донбасс кеншісінің есіміне байланысты)                                                   1935 ж

105. Қазақстандық атақты стахановшыларды ата?

* П. Күзембаев, М. Рақышев – Қарағанды шахтерлері

*С. Зурбаев, С, Жанбатыров – бұрғылау шеберлері

* Б. Ықыласов, И. Тұрышев – бұрғышалар

* В. Братухин – Риддер забойшысы

* Березняк, С. Сарыбаев – Түрксіб теміржолшылары

106.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты қашан жарияланды?

1927 жылы  Компартияның ХҮ съезінде

107. Орталық Комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды қашан аяқтауды белгіледі?                                         1932 жылдың көктеміне қарай

 

108. Ұжымдастыру қандай оқиғадан  басталды?

1928 ж «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды

тәркілеу және жер аудару туралы» шыққан декретті  орындаудан

 

 

109. Ұжымдастыру қалай жүргізілді?

* Даярлықсыз

* Жергілікті жағдайлар ескерілместен

* әкімшілік-күштеу әдісімен

* жеделдете

110. Күштеп ұжымдастыру салдары қандай болды?

* Халық аштыққа ұшырады – 2,1 млн адам қырылды. (6,2 млн тұрғынның);

* 1 млн- адам шетелге кетті

* Мал басы азайды – 4,5 млн қалды (40,5 млн болған еді)

111. Жаппай ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары  қалай көрініс тапты?

* 1929 – 1931 жж – 372 көтеріліс болды

* 1932 ж Ф.И. Голощекинге республика қайраткерлері хат жазды.

Ол «Бесеудің хаты» деп аталды;

* 1933 жылы – Т. Рысқұлов Сталинга хат жазды

112. «Бесеудің хатын» жазған кімдер?

Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев

113. Қазақстанда «Кіші қазан» төңкерісін жасау идеясын насихаттаған кім?

Ф.И. Голощекин (шын аты -  Шая  Ицкович)

114. 1928 жылдың соңында   «буржуазиялық ұлтшыл» деген кінәлаумен қанша адам тұтқындалды?                      

   44 адам (атылғандар: Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов, Б. Байділдин, Д. Әділов,

Ғ. Бірімжанов);    М. Дулатов лагерде қаза тапты.

115. 1930 ж. қыркүйек-қазанда   жазалауға ұшыраған екінші топта қанша адам ұсталды?

40 адам  (М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. ақпаев, К, Кемеңгеров,  Ж. Күдерин, Қ. Тоқтабаев т.б.)

116. Жазасын өтеп келіп, 1937-1938 жж қайта қудаланып, атылғандар кімдер? 

А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев

117. Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, Ұ. Құлымбетов, С. Сейфулин  тб. қандай айып тағылды?

«Қаз-ды КСРО-дан бөліп әкетіп, Жапонияның протектораттығына бермек болған», өздері «Жапония мен Германияның тыңшысы», «ұлтшыл фашистер» деген болжаммен айыпталды

118. «Алашорда» қайраткерлеріне тағылған кінәларды ата:

* Кеңес билігінің саясатына қарсы,

* Кеңеске қарсы үгіт жүргізген

* Ферғана басмашыларының басшысы Зәки Валидовпен байланыс жасаған

* лаңкестік актілер ұйымдастырған

* әскери кадрлар дайындаған

* байлармен байланыс орнату үшін «Алқа» үйірмесін құрған тб. осылардың бәрін айтып оларды  «Халық жаулары» деп айыптаған

119. «Халық жаулары» деген айыппен қанша адам қамауға алынды?

101 мың, оның 27 мыңы атылды

120. Қазақстанда құрылған еңбекпен түзеу лагерлерін ата?

Қарлаг (Қарағанды лагері), Степлаг (далалық дагерь), АЛЖИР (Ақмола лагері)

 

121. «Отанына опасыздық жасағандар» әйелдеріне арналған Ақмола легерінде кімдер жапа шекті?

С.Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтың әйелі,

С. Қожановтың әйелі

122. Жазалауды кімдер жүзеге асырды?

БМСБ үштігі – Біріккен мемлекеттік саяси басқарма

123. Түрар Рысқұлов қандай қызметте болды?

РКФСР ХКК төрағасының орынбасары (Ресей Кеңестік Федератифтік Социалистік Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесі)

124. 1937-1938 жж жазаға ұшыраған Қазақстанға адал қызмет істеген басқа ұлт өкілдерін ата?

В.Н. Андронников, Л.И. Мирзоян, К.Я. Рафальский, В.Н. Манерсен

 

 

125. Қарлагта қмауда болып, азап шеккен басқа ұлт өкілдерін ата?

Ғалым А.Л. Чижевский, академик В.С. Пустовойт, ғалым Н.В. Тимофеев-Ресовский, прфессор В.Л. Пржецлавский, т.б

126. Волгадан, Мәскеу облыстарынан, Нижегород өлкесінен, Орта Азия мен Кавказ республикасынан  Қазақстанға жер аударылған адамдар саны қанша?

46 091 отбасы, 180 015 адам

127. Қазақ КСР-і қашан құрылды?                             1936 ж желтоқсанда

128. Қазақ КСР-інің Конституциясы қашан қабылданды?              

1937 ж наурызда –Қазақстан Кеңестерінің Төтенше Х съезінде

129. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау қашан болды?

1938 ж маусымда, оған 300 депутат сайланды, оның 152-сі қазақ еді.

130. 1937 ж КСРО Жоғарғы Кеңесіне республикадан қанша депутат сайланды?

44 депутат

132. 1940 ж басына қарай 9 айға толмайтын уақыт ішінде халықтық құрылыс әдісімен салынған 806 шақырым болатын жол торабын ата?

Ақмола-Карталы темір жолы

133. Соғыс алдында ерекше қарқынмен дамыған өндіріс саласын ата?

Түсті металлургия:

*Шымкент қорғасын

*Балқаш мыс қорыту

*Риддер, Зырян, Текелі полиметалл зауыттары

*Ақтөбе ферроқорытпа зауыты

*Жезқазған мыс балқыту комбинатары

134. 1940 жылы республикада қанша ірі кәсіпорын жұмыс істеді?            2 580

135. Қазақстан Одақта өндірілетін қорғасынның  қанша пайызын өндірді?

87 %,   мыстың 21 %

136. Тракторды меңгеруге шақырған кімнің бастамасысен мыңдаған қыздар мен әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді?                   П. Н. Ангелинаның

137. «Сауатсыздықты жою» қоғамы қашан ұйымдастырылды?      1924 ж

1381931 жылы қазақтар арасында сауаттылық көрсеткіші қандай болды?

37 % -ға жетті

139.1932 ж Қазақстан халқының сауаттылық көрсеткішін ата?       42 % болды

140.Республиканың  ХКК «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің  жарғысын» қашан қабылдады?                                       1926 ж мамырда

141. Жалпыға бірдей білім беру қашан енгізілді?         1930-1931 оқу жылында

142. 1931 ж желтоқсанда сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті сауат ашуға қай жастағылар қамтылды?                        15 жастан 50 жасқа дейін

143. 1931-1932 жж ашаршылық салдарынан жетім балалар көбейіп, 1932 ж балалар үйлеріне қанша бала орналастырылды?            68 мың

 

144. Соғыс қарсаңында «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» атағын алғандар кімдер?

С. Көбеев, Л.И. Добранская, Н.В. Волков, С. Ақышев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев

145. Мерзімді баспасөз редакциялары жанынан  ақысыз оқу залдары алғаш рет қай жерде ашылды?

1918 ж Семейде «Еңбек туы» газеті редакциясы бастады

146. Революцияға дейінгі кезеңде қазақ жастары  қай қалаларда орта арнаулы оқу орындарында оқыды?

Ташкент, Орынбор, Омбы

147. Жоғары білімді қай қалалардың оқу оырндарынан алды?

Қазан, Санкт-Петербург, Томск

148. 1920 ж соңында Қай қалаларда 17 кәсіптік-техникалық білім беру орындары ашылды?

Оралда, Семейде, Торғайда, Верныйда, Петропавлда, Жымпитыда

149. ШЖМ (шаруа жастарының мектептері) қашан пайда болды?

1920 жылы.    кедейлердің, батырақтардың, қызыл әскердің балалары мен жетім балалар оқыды

150. Қазақстанда тұңғыш ЖОО қашан ашылды?  

1928 ж Абай атындағы педагогикалық институт

151. Қай қалаларда, қашан ЖОО ашылды?

*1931-1932 жж Оралда, Қызылордада – пединститут

* 1929-1931 жж Алматыда зоотехникалық-малдәрігерлік, а/ш және медициналық ЖОО ашылды

* 1934 ж С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

152. ҰОС қарсаңында Қазақстанда қанша оқу орындары болды?

19 -  ЖОО,  120 орта арнаулы оқу орны

153.Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңін ата?

1920-1930 жж

154. Қазақстанның табиғаты мен тарихын зерттеу мақсатында тарихи-статистикалық бөлім қашан ашылды?                                           1919 ж Орынборда

155. Ежелгі Тараз қаласының  орнында қазба жұмысын қашан, кім жүргізді?

1926 ж М.Е. Массон

156. Республикада а/ш зерттейтін қандай мекемелер, қашан ашылды?

* 1926 ж тыңайтқыштар мен агротопырақтану институты

* 1929 ж топырақтану институты

* 1933 ж мал шаруашылығы  институты

* 1936 ж Вильямс атындағы жер бөлу институты

157. Пайдалы қазба орындары қашан зерттелді?

Қарағанды – 1933 ж

Үлкен Алтай, Ұлкен Жезқазған – 1934 ж

Орал-Ембі мұнайлы өңірі – 1935 ж

158. 1935 ж жарық көрген профессор С. Асфендияровтың еңбегін ата?

«Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» бірінші бөлімі

159. Соғыс қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде қанша ғалым еңбек етті?                                             1700 – ден астам

160. Семейде губерниялық архив басқармасы қашан ұйымдастырылды?     1920 ж

161. Ұлттық мәдениет институты қашан ашылды?                  1934 ж

162. Оқулықтарды  кімдер жазды?

Алгебра – Қ. Сәтбаев, Сөз теориясы – А. Байтұрсынов,   Мектепте қызмет істейтіндер үшін педагогикалық нұсқаулық – Ж. Аймауытов,  Хрестоматия  — М. Дулатов

 

163.Қазақ әліпбиі  қашан ауыстырылды?                 1929 ж – латыншаға

                                                    1940 ж – кириллицаға

164. ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі С. Торайғыровтың (1893 — 1920) қандай шығармалары бар?            «Қамар сұлу» романы, «Кедей» поэмасы

 

165. ХХ ғ 20-30 жж қазақ әдебиетінің өкілдері мен олардың шығармаларын ата?

М. Жұмабаев– Абай дәстүрін жалғастырушы. «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіп хан» поэмалары

Ш. Құдайбердіұлы– Абайдың ізбасары, шәкірті. Философ, тарихшы-ғалым.  «Еңлік-Кебек»,  «Қалқаман-Мамыр» поэмалары. «Үш анық» философиялық эссе,  «Түрік, қырғыз, қазақ және хандар шежіресі» кітабы

Ж. Аймауытов– психолог, жазушы, ағартушы ғалым. «Қартқожа» (1926ж), «Ақбілек», «Шернияз». 1918 ж М. Әуезовпен бірге «Абай» журналын шығарды.

М. Дулатов– публицист, ағартушы-педагог. «Оян, қазақ!» (1911ж), «Азамат» (1913ж),  «Терме» (1915ж),  «Бақытсыз Жамал» (1910ж).

С. Сейфуллин– жаңашыл ақын. «Тар жол, тайғақ кешу», «Көкшетау», «Аққудың айырылысуы», «Советстан», «Альбатрос»

І. Жансүгіров– эпикалық поэмалардың шебері. «Құлагер»

С. Мұқанов– «Сұлушаш», «Ботагөз»

И. Байзақов– «Құралай сұлу»

Б. Майлин– «Азамат Азаматыч»

С. Ерубаев– «Менің құрдастарым»

Ғ. Мустафин– «Өмір мен өлім»

 

 

166.Республикада алғашқы ұлттық театр қашан, қай жерде ашылды?

1926 ж Қызылордада, режиссер Жұмат Шанин басқарды

167. Театр Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры болып қашан қайта құрылды?                                      1937 ж

168. Республикада ашылған театрларды ата?

*1933 ж -  орыс драма театры

*1933 ж- ұйғыр театры — Алматыда

*1937 ж – корей театры – Қызылордада

*1937 ж — өзбек театры – Шымкетте

* 1937 ж – татар театры * Петропавлда

169. Этнограф, композитор А. Затаевичтің еңбектерін ата?

«Қазақ халқының 1000 әні мен күйі», «Қазақ халқының 500 әні мен күйі»

2300 – ден аса халық әндері мен күйлерін қағазға түсірген

170. А. Затаевичке «Қазақстанның Халық әртісі» атағы қашан берілді?      1932 ж

171. Қазақ әншісі Әміре Қашаубеав қай жерлерде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды?

*1925 ж Парижде

*1927 ж Майндағы Франкфуртта

172. Қазақ мемлекеттік филормониясы қашан құрылды?

1935 жылы, композитор Ахмет Жұбанов басқарды

173.Қазақ мемлекеттік оркестрі қашан құрылды?

1934 жылы,Ахмет Жұбанов басшылық етті

174. Мәскеуде Қазақ Кеңес әдебиеті мен өнерінің онкүндігі қашан өтті?

1936 жылы мамырда

175. Қазақ ұлттық кино өнерінің алғашқы туындысын ата?

«Аманкелді» көркем фильмі, 1938 ж «Ленфильм» киностудиясында түсірілді

176. Суретші П. Г. Хлудовтың (1850-1935)шығармаларын ата?

«Байдың қоныс аударуы», «Қыз алып қашу», «Бәйге»

177. «Ескі және жаңа тұрмыс» сериясымен ондаған қызықты полотнолар салған суретші кім?                                              Әбілхан Қастеев

178. Республикада Суретшілер одағы қашан құрылды?                 1933 ж

179. 1930 жылы республикада қанша кітапхана жұмыс істеп тұрды?

290 кітапхана, 1939 жылы оның саны 3304 –ке жетті.

180. Қазақстаннан ҰОС-на әскер қатарына  аттанғандар саны қанша?  

1 195 164 (әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды)

181. ҰОС кезінде өнеркәсіпке жұмылдырылғандар саны қанша?     670 мың адам

182. Фашистік Германия «Барбаросса» жоспары бойынша  Қазақстанды  қайда енгізді?               «Үлкен Түркістан» мемлектінің құрамына (оған кіргізілгендер: Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, сол. Кавказ, Қырым, Шыңжаң, Ауғанстан)

183. Қазақстанға соғыс жылдары қанша өнеркәсіп орындары орналастырылды?

220 зауыт пен фабрика

54 тамақ өнеркәсібі,

53 жеңіл және тоқыма өнеркәсібі

184. 27 әскери оқу орны соғыс жылдары қанша офицер даярлап шығарды?

16 мың офицер

185. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңа құрылысы қай зауыттың жабдықтарын алды?                                            

Запорожье ферроқорытпа зауытының

186. Алматыдағы машина жөндеу зауытының аяқталмаған құрылысы қай зауыттың цехтарын алды?                             Луганск ауыр машина жасау зауытының

187. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен қай қалаларға  орналастырылды?

Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Петропавл

188. Қазақстаннан соғысқа қанша дивизия аттанды?

14 атқыштар және атты әскер дивизиясы,  6 бригада

189. Жау соққысына алғашқы болып кімдер ұшырады?

Брест қамалын қорғаушылар

190. Брест қамалын қорғауға қатысқан қазақстандықтарды ата?

А. Наганов, В. Фурсов, Қ. Тұрдиев, Ш. Шолтырев

191. Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан қазақстандық дивизияны ата?

Генерал-майор И. В. Панфиловтың 316-шы  атқыштар дивизиясы

192. Мәскеу түбіндегі ерлігі үшін 316-дивизияға қандай марапат берілді?

8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды

193. Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан ҰОС батырларын ата?

Б. Момышұлы – батальон басшысы

Мәлік Ғабдуллин – ротаның саяси жетекшісі

 Төлеген Тоқтаров –жау штабына басып кіріп, 5 офицердің көзін жойған

194. «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу» -деген жалынды сөзді айтқан кім?            

1075 атқыштар полкіндегі ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков

195. А. Маслов экипажы құрамында болған Бақтыораз Бейсекбаевқа  қашан «Халық Қаһарманы» атағы берілді?                                    1998 ж

196. Қазақстанда құрылған әскери бөлімшелерінің қаншасы Ленинград үшін шайқасты?                                 

Үштен бірі  («Киров» крейсерінде 156 қазақстандық сапта тұрды )

197. Ленинград үшін шайқасқа қатысқан батырларды ата?

Сұлтан Баймағанбетов – оқты кеудесімен жауып қаза тапты

Дүйсебай Шыныбеков -  Ориебаум шебінде 48 ат. дивизиясының атақта мергені

 

198. Сталинград үшін шайқасқа қатысқан ҰОС батырларын ата?

Қарсыбай Сыпатев – минометші

Нүркен Әбдіров – ұшқыш

І. Айтықов –

Ғани Сафиуллин – 73 гвардиялық дивизия басшысы (дивизия «Сталинградтық» деген құрметті атақ алды)

199. Атақты «Павлов үйі» үшін соғысқан батыр кім?

Толыбай Мырзаев

200. Қазақтар арасында ең жас Кеңес Одағының Батыры (КОБ)атағын алған кім?

18 жасар Жәнібек Елеусізов -  Днепр үшін ұрыста

201. Ұрыс кезінде фашистердің  5 танкісін, өздігінен жүретін «Фердинанд» зеңбірегін, оқ-дәрі тиеген 3 автомашинасын жойған КОБ кім?

Қойгелді Аухадиев

202. Қазақстандық партизандардың жалпы саны қанша болды?

3,5 мың адам. Олардың қатарында Қ. Қайсенов, Ж. Ағаділов, Е. Воробьева, п. Семенова

203.Ұзақ жылдар Қарлагта қамауда болып, азап шеккен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған, академик селикционер кім?

В.С. Пустовойт

204. Ұлы Отан соғысы қарсаңында пайдалануға берілген темір жол желісін ата?

Атырау-Қандыағаш темір жолы

205. Берлин операциясы қашан басталды?                      

1945 ж  16 сәуірде  (2 мамырға дейін)

206.Берлинді алуға қатысқан қазақстандық жауынгенрлерден кімдерді білесің?

Сағадат Нұрмағанбетов, Х. Қайдауов – «Халық қаһармандары.»

И.Я. Сьянов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, А. Еремеев, Н. Шелихов, Т. Бигельдинов

207. Рехстагқа алғашқылардың бірі болып ту тіккендер кімдер?

Р. Қошқарбаев («Халық қаһарманы»), досы Г. Булатов

208. Орал өңірінен келген жас офицерлер 1008-атқыштар полкінің туын Берлин ратушасының төбесіне тіккен кімдер?

Қ. Мәденов, Р. Қараманов

209. Екі мәрте КОБ атағын алған ұшқыштар кімдер?

Талғат Бигельдинов

Леонид Беда

Иван Павлов

Сергей Луганский (37 ұшақта атып түсірген)

210. Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып КОБ атағын алғандарды ата?

Мәншүк Мәметова100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі

Әлия Молағұлова  — 54-қазақ  атқыштар бригадасының мергені

211. КОБ атағын алған қазақстандықтар саны қанша?          500-ге жуық  (497)

212. Жапондарға қарсы шайқаста даңқы шыққан дивизияны ата?

Ақтөбеде құрылған 74-теңіз атқыштар бригадасы негізінде құрылған

 292-атқыштар дивизиясы

213. «Кореяны азат еткені үшін» медалімен қанша адам марапатталды?   14 адам

214. «Жапонияны жеңгені үшін» медалін алғандар саны?                  234 адам

215. Шығыс Қоңырат молибден кеніші қашан іске қосылды?        1942 ж

216. Соғыс жылдары 38 күн ішінде өнім бере бастаған  кенішті ата?

Жезді марганец кеніші

217. 1941-1945 жж іске қосылған кеніштер саны қанша?

25 кеніш, 11 байыту фабрикалары

218. Қазақстан КСРО-да өндірілетін өнімнің қанша пайызын өндірді?

Қорғасынның  — 85 %, мыстың — 30%, висмуттың – 65%, полиметалл кенінің — 70%

 

219. Қызылорда мен Алматы облыстарында қоныс аударушы корейлерден тұратын қанша ұжымшар құрылды?                  57 ұжымшар

220. Соғыс қарсаңында Қазақстанға әкелінген ұлттар:

102 мың поляк-күштеп әкелінген

360 мың неміс–Еділ бойынан — әкімшілік жолмен

Қалмақтар, қарашайлар, ингуштер, шешендер, балқарлар, қырым татарлары, месхет түріктері  әкелінді.  1945 ж мәлімет бойынша 2 млн. 464 мың  адам әкелінген

 

221. Қалмақ АКСР-і қашан жойылды?            1943 ж желтоқсанда

222. Шешен –Ингуш АКСР-і қашан таратылды?                1944 ж

223. Қазақстанға месхеттік түріктер қайдан көшіріліп әкелінді?

Грузиядан  — 110 мың

224. Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтары қашан көшіріліп әкелінді?

1943-1944 жж — 507 мың

225. Соғыс кезінде республика ғылымы қарыштап дамып, ғылыми қызметкерлер саны қанша болды?

1945 ж – 864 –ке жетті. (1940 ж-152 болған еді)

226. Қ. Сәтбаев  Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін қандай   марапатқа ие болды?

1942 ж Мемлекеттік сыйлық берілді

227. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелген оқу орындарын ата?

Мәскеу авиация институты

Мәскеу түсті металдар мен алтын институты

Киев және Харьков біріккен мемлекеттік университеті

228. Қазақстаннан соғыс майдандарында шайқасқан жазушы мен ақындар саны қанша?                                                        100-ге жуық

229. Соғыс жылдары Қазақстанға келіп еңбек еткен көрнекті жазушылар кімдер?

Ф. Панферов, О. Форш, С. Маршак, К. Паустовский, М. Зощенко

230. А. Толстойдың Қазақстанда жазған дилогиясы.              «Иван Грозный»

231. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген мәдени мекемелер:

23 театр, 146 балалар үйі

23 көркемөнер ұжымы

«Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары (1941 ж қарашада)

232. Партия өзінің жүмысын  қолында күші бар қандай ведомстволарға сүйеніп жүргізді?

Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК), Ішкі істер министрлігі (ІІМ)

233. Ж. Шаяхметов Қазақстан КП Орталық комитетінің І хатшысы болып қашан қайта сайланды?                                1949 ж  (1954 ж дейін басқарды)

234. Республикада коммунистер саны қаншаға жетті?

1950 ж – 58 920 адам,  1960 ж – 345 115 -  ке жетті

235. Республиканың жоғарғы мемлекеттік билігі  Жоғарғы Кеңесте қанша депутат болды?

1947 ж. екінші сайлауында -300 депутат,

Үшінші сайлауында  — 400 депутат

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихДүние жүзі тарихынан сынақ сұрақтары

ТарихҚазақстан тарихынан сынақ сұрақтары (7 сын. оқулығы)

ТарихҚазақстан тарихынан сынақ сұрақтары

Ұстаз үніЭйнштейннің сұрағы (2% ға жатасыз ба әлде 98% ға ма)

ТарихДүние жүзі тарихынан сынақ сұрақтары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141965

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар