Алаштану курсы

26 мамыр 2014 - Нургиза Кульджина

«Алаштану» таңдау курсы бойынша оқу бағдарламасы. 10-11 сынып

(қоғамдық – гуманитарлық бағыт)

1. Түсінік хат

1.Таңдау курсының оқу бағдарламасы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған қолданбалы курс бағдарламасын құру алгоритміне сәйкес әзірленді.

2. Курсты оқытудың мақсаты – оқушылардың Алаш зиялыларының қазақ ұлты үшін атқарған істерін оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.

3. Курсты оқытудың міндеттері:

1) әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы білімін қалыптастыру;

2) оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, ондағы тарихи тұлғалар туралы біле отырып, өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

3) тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;

4) оқушылардың Отаны мен халық алдындағы жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру.

4. Курсты оқыту барысында төмендегі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

1) «Қазақстан тарихымен», тұлғалар белгілі болған оқиғаларды білу;

2) «Географиямен», тарихи оқиғалардың болған территориясы, тарихи тұлғалардың шыққан жері туралы білу;

3) «Қазақ әдебиетімен», Қазақстанның көрнекі ақын-жазушыларының шығармаларының тарихы, шығармашыл зиялы қауым өкілдері туралы білім.

5. Курсты аяқтау формасы: оқу жылының бірінші және екінші жарты жылдығында оқушыларға реферат жаздыру немесе бақылау, тест арқылы оқушы білімін есепке алу.

5. Оқу жүктемесінің көлемі

1) 10 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат;

2) 11 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат.

2. Курстың білім мазмұнының тақырыптар бойынша жіктелуі.

10 сынып

1.Кіріспе (1 сағат)

2.Алаш және Алашорданың зерттелуі жайында (2 сағат)

Алаш және Алашорда тарихына қалам тартқан зерттеушілер және олардың еңбектері.

3.Алғашқы саяси партия құру әрекеті (2 сағат)

Қазақ зиялылары партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында қолға алды. 1906ж сем ей қаласында өткен Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау жиналысы.

4.І Жалпықазақ съезін шақыру туралы (2 сағат)

Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы 1917 ж сәуірдегі Торғай облыстық қазақ съезінің шешімі. «Қазақ» газеті съезд туралы.

5. Көтеріліс және М. Тынышпаев (2 сағат)

Ұлтжанды ғалым Мұхамеджан Тынышпаевтың 1916 жылғы көтеріліс туралы көзқарастары.

6. Қос төңкеріс және алаш қозғалысы. (2 сағат)

Алаш көсемдері Уақытша үкіметті жақтады, Қазақ төңкерісінің ұрандары мен Кеңес өкіметінің іс-әрекетін қабылдамады.

7. Бүкілресейлік Құрылтай және Алаш зиялылары (2 сағат)

Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының күшпен қуып таратылуы.

8. А. Байтұрсынов және «Қазақ» газеті (2 сағат)

Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінің бас редакторы. «Қазақ» газетіне 100 жыл.

9. Қайталау (1 сағат)

10. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы (2 сағат)

Бірінші Жалпықазақ съезінің шешімі, Алаш партиясының көсемі Ә. Бөкейханов. Партияның бағдарламасы.

11. Алашорда ұлттық үкіметінің құрылуы. (2 сағат)

1917 жылғы желтоқсандағы Жалпықазақ екінші съезі. Алашорда үкіметінің мақсаты.

12. Алаш көсемдерінің бірі – Х. Досмұхамедов. (2 сағат)

Қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедовтың ұлт мәселесі жөнінде Ленин мен Сталиннің қабылдауында болуы.

13. Алашорданың таңбасы (1 сағат)

14. Алашорда үкіметінің таратылуы. (2 сағат)

1918 жылғы наурыздағы Қазақ депутаттарын Кеңестерінің ақмола уездік съезі Алашорда автомиясын теріске шығарды.

15. Алаш азаматтарын қудалау және жазықсыз жазалау (4 сағат)

Алаш азаматтарын «халық жауы» деп айыптау Олардың отбасының жағдайы. Ату жазасы.

16. Қорытынды қайталау (1 сағат)

Реферат жаздыру немесе бақылау жұмысын алу арқылы оқушы білімін есепке алу.

3. Курстың білім мазмұнының тақырыптар бойынша жіктелуі.

11 сынып

1.Кіріспе (1 сағат)

2.Қазақ елінде халықтың ұлттық сана сезімін алғашқы оятушылар

(2 сағат)

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтар қазақ халқының ұлттық санасын оятуға жан аямай еңбек етті. «Оян, қазақ!»

3. Алаш қозғалысының ұлттық идея эволюциясы (2 сағат)

Ұлттық идеяның түйінін табуға септігін тигізген оқиғалар. І және ІІ Мемлекеттік Думаға депутат сайлау. 1916 ж көтеріліс, 1917 ж ақпан революциясы.

4. Алашорданың Батыс бөлімі және оны тарату туралы (2 сағат)

Алашорданың Батыс бөлімі жеке ұйым емес. Алашорданың Батыс бөлімін ұйымдастырушылар.

5Мұстафа Шоқай және Алаш (2 сағат)

Азаттық күрестің ең ірі өкілі Мұстафа Шоқай және оның «Жас Түркістан» журналы Алашпен қарым-қатынасы

5.А. Байтұрсынов – халық ағарту комиссары қызметінде. (2 сағат)

1920 ж Ахмет Байтұрсыновтың халық ағарту комиссары қызметін атқарғандығы. Байтұрсынов Әліппесі.

8. Семей – алаш орталығы. (2 сағат)

Алашорданың тұратын жері Семей болды. Төрағасы етіп Әлихан Бөкейхановты сайлады.

6.Х Ғаббасов – «Алаш» қозғалысы басшыларының бірі. (2 сағат)

Халел Ғаббасов (1888 – 1931) Алаштың желтоқсандағы съезінде автономия, милиция һәм ұлт кеңесі жайында баяндама жасаған.

7.Қайталау (1 сағат)

8.Ж. Ақпаев – Қазақ халқынан шыққан тұңғыш право магистрі. (2 сағат)

Ақпаев Жақып (1876-1934)Санкт- Петербург Императорлық университетінің заң факультетін 1902 жылы алтын медальмен бітірген.

9.Ермеков Әлімхан – «Алаш» үкіметінің соғыс министрі (2 сағат)

Ернмеков Әлімхан көрнекті Алаш қайраткері, ғалым, алғашқы математика оқулығы авторларының бірі., соғыс министрі.

10.Бірімжанов А. – Шығыс Алашорда үкіметінің заң министрі. (2 сағат)

Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлы (1872-1927) заң министрі.

11.Мәннан Тұрғанбаев – «Қазақ тілі» газетінің алғашқы редакторы (2сағат)

Мәннан Тұрғанбаевтың қызметі, атқарған жұмыстары, Алашқа тигізген еңбектері.

12.Алаш қайраткерлері – Итбаев Ережеп, Жанайдаров Сейілбек (2сағат)

Алаш қозғалысына қосқан үлестері.

13.Алаш азаматтарының ақталуы (2 сағат)

Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан идеясының қағидаға айналуы. 1930 -1950 жылдардағы қабылданған қаулыларды қайта қарау.

14.Алаш тұлғаларының ұрпақтары (2 сағат)

15.Әдебиет және Алаш. (2 сағат)

Алаш азаматтарының ықпалымен шығып тұрған газет-журналдар. Олардың шығармалары туралы.

16.Алаш қозғалысының 90 жылдығы (2 сағат)атап өтілді.

Алаш қозғалысының 90 жылдығы атап өтілді. Семейдегі «Алаш арыстары» мұражайы.

19. Қорытынды қайталау (2 сағат)

Алаштану

10 сынып

2013 – 2014 оқу жылы

р/с

Тақырып атаулары

Сағат

саны

Мерзімі

1

Кіріспе

1

2-3

Алаш және Алашорданың зерттелуі жайында

2

4-5

Алғашқы саяси партия құру әрекеті

2

6-7

І Жалпықазақ съезін шақыру туралы

2

8-9

Көтеріліс және М. Тынышпаев

2

10-11

Қос төңкеріс және алаш қозғалысы

2

12-13

Бүкілресейлік құрылтай және алаш зиялылары

2

14-16

Ахмет Байтұрсынов және «Қазақ» газеті

3

17

Қайталау

1

18-19

«Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы

2

20-21

Алаштың Әлиханы

2

22-23

Алашорда ұлттық үкіметінің құрылуы

2

24-25

Алаш көсемдерінің бірі – Халел Досмұхамедов

2

26

Алашорданың таңбасы (гербі)

1

27-28

Алашорда үкіметінің таратылуы

2

29-32

Алаш азаматтарын қудалау мен жазықсыз жазалау

4

33-34

Қорытынды қайталау

2

11 сынып

2013 – 2014 оқу жылы

р/с

Тақырып атаулары

Сағат

саны

Мерзімі

1

Кіріспе

1

2-3

Қазақ елінде халықтың ұлттық сана –сезімін алғашқы оятушылар

2

4-5

Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволюциясы

2

6-7

Алашорданың Батыс бөлімі және оны тарату туралы

2

8-9

Мұстафа Шоқай және Алаш

2

10-11

1920 ж А. Байтұрсынов – халық ағарту комиссары қызметінде

2

12-13

Әлихан Бөкейхановтың Семейдегі жылдары

2

14

Семей – Алаш орталығы

1

15-16

Халел Ғаббасов — «Алаш» қозғалысы басшыларының бірі

2

17

Қайталау

1

18-19

Жақып Ақпаев — Қазақ халқынан шыққан тұңғыш право магистрі

2

20-21

Ермеков Әлімхан — «Алаш» үкіметінің соғыс министрі

2

22

Бірімжанов Ахмет – Шығыс Алашорда үкіметінің заң министрі

1

23

Мәннан Тұрғанбаев — –«Қазақ тілі» газетінің алғашқы редакторы

1

24-25

Алаш қайраткерлері — Итбаев Ережеп, Жанайдаров Сейілбек туралы

2

26-27

Алаш азаматтарының ақталуы

2

28

Алаш тұлғаларының ұрпақтары

1

29-30

Әдебиет және Алаш

2

31-32

Алаш қозғалысының 90 жылдығы

2

33-34

Қорытынды қайталау

2

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда А., 1996

2.Әділбаев Ж. Алашорданың батыс бөлігі туралы. Ақиқат.№1. 1994

3.Бәкіров Ә. «Алаштың Әлиханы» Егемен Қазақстан. 23.09. 2008.

4.Жүсіп С.А. Әлихан Бөкейхан толық жинағы. 1-том.

5.Жұртбай Т. «Ұраным- Алаш» 2011

6.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, Атамұра. 2006

7.Қазақстан тарихы. Атамұра, 2007

8.Қойгелдиев М.«Алаш қозғалысы» А., 1995

9.Нүрпейісов К.Н. «Алаш һәм Алашорда» А., 1995

10.Мұстафа Шоқай өмірі, күресі, шығармашылығы. А., 2004

11. Сыдықов Е.Б. «Шәкәрім және Алаш» А, 2006

«Алаштану» таңдау курсы бойынша 2013-2014 оқу жылына арналған жылдық талдау

10 – 11 сыныптар

Пән мұғалімі: Н.Б. Кульджина

«Алаштану» таңдау курсы бойынша авторлық бағдарлама құрастырылып, Семей қалалық білім бөлімі келісімімен бекітілді. Таңдау курсының оқу бағдарламасы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған курс бағдарламасын құру алгоритміне сәйкес әзірленді. Курстың мақсат, міндеттері айқындалып, күнтізбелік жоспар жасалынды. «Алаштану» таңдау курсы оқу жүктемесінің көлемі 10 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат, 11 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат.

10 сыныпта Алаш және Алашорданың зерттелуі жайынан басталып, «Қазақ» газеті, Алаш партиясы, Алашорда үкіметінің құрылуымен жалғасады. 11 сыныпта Алаштың көрнекті тұлғалары және олардың сіңірген еңбектері, Алаш азаматтарының ақталуы, олардың ұрпақтары туралы білім беру жалғасады. Курсты оқыту барысында Қазақстан тарихымен, қазақ әдебиеті және география пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылды. Курсты оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық әдістер мен технологиялар қолданылды. Осы курсты оқытуда қаламыздағы «Алаш арыстары. Мұхтар Әуезов» мұражайымен тікелей байланыс болды. Мұражай қызметкері бірнеше рет келіп оқушыларға танымдық сабақтар берді, слайдтар, бейнетаспалар көрсетті. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің сайтында жарияланды. 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты мұражайда өткізілген конференцияға оқушылар қатысты. Онда алаш туралы зерттеп жүрген ғалымдармен танысып, Шәкәрім университетінің жанынан құрылған «Алаштану» орталығы туралы түсінік алды.

Оқушылардың курсқа қызығушылығы бар.

Сабақ кестесі бойынша «Алаштану» курсы 10, 11 сыныптарда жұма күнге қойылған. Оқу жылының басында жоспарланған тақырыптар толық өтті. Курс талабына сай оқушылар бағаланбайды, бірақ жылдық қорытынды есебінде 10 сынып оқушыларынан бақылау жұмысы алынса, 11 сынып оқушыларынан реферат жаздыру арқылы білімдері есепке алынды.

Осыған ұқсас жазбалар:

Мектеп жоспарыОқу үрдісі бойынша мектепішілік бақылау жоспары

Оқу жоспарыОқу-ісі бойынша жасалынатын айлық жұмыс жоспар

Әдіс бірлестіктерӘдістемелік бірлестік жоспары

Жаратылыстану бағытыАпталық жоспары

Оқу жоспарыДиректорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының 2013-14 оқу жылына жасаған жылдық жұмыс жоспары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119704

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар