Дүние жүзі тарихынан ҰБТ-ға дайындық үшін тест

14 тамыз 2014 - Нургиза Кульджина

Дүние жүзі тарихынан ҰБТ-ға дайындық үшін

§22 Латын Америкасы туралы (8 сынып)

1. Латын Америкасы тұрғындары қай тілде сөйлейді?

А) ағылшын, испан В ) испан, португал С) ағылшын португал

2. Испандықтар мен португалдықтар қашан Америкаға өз үстемдігін орнатты?

А ) ХҮІ ғ В) ХҮІІ ғ С) ХҮІІІ ғ

3. Конкиста бұл…

А ) жаулау В) тонау С) жеңу

4. Испандықтардың Америкадағы иеліктері қалай аталды?

А) Испандық иелік В ) Испандық Америка С) Испандық корольдік

5. Испанияның Америкадыға иеліктері неше вице-корольдікке бөлінді?

А) 2 В) 3 С ) 4

6. Креолдар кім?

А ) еуропалықтардың ұрпақтары В) аралас нәсіл өкілдері С) король мұрагерлері

7. Негрлер мен еуропалықтардың некелерінен туған ұрпақ?

А) креолдар В) самбо С ) мулаттар

8. Негрлер мен үндістердің некелерінен туған ұрпақ?

А) креолдар В ) самбо С) мулаттар

9. Бразилия қай елдің отары болды?

А) Ұлыбритания В) Испания С ) Португалия

10. Еуропалықтардың Бразилияны игеруі қашан басталды?

А) ХҮІ ғ В ) ХҮІІ ғ С) ХҮІІІ ғ

11. ХІХ ғ Латын Америкасындағы ең ірі құл сату орталығы

А) Мексика В ) Бразилия С) Венесуэла

12. Гаити аралы қай елдің отары болды?

А) Ұлыбритания В ) Франция С) Германия

13. Гаитиде отаршылдыққа қарсы негр-құлдардың көтерілісі қашан болды?

А ) 1791 ж В) 1794 ж С) 1804 ж

14. Гаити тәуелсіздігі жарияланды

А) 1791 ж В) 1794 ж С ) 1804 ж

15. Америкадағы құлдық жойылған ең алғашқы ел?

А) Эквадор В ) Гаити С) Колумбия

16.Бразилия тәуелсіздігі қашан жарияланды?

А) 1815 ж В ) 1822 ж С) 1804 ж

17. Венесуэла тәуелсіздігі қашан жарияланды?

А ) 1811 ж В) 1822 ж С ) 1804 ж

18. Мигель Идальго 1810 ж испандықтарға қарсы көтеріліс бастады?

А ) Мексикада В) Бразилияда С) Венесуэлада

19. 1821 жылы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

А ) Мексикада В) Бразилияда С) Венесуэлада

20. Испандық Америка өмір сүруін тоқтатты

А) 1830 ж В) 1822 ж С ) 1826 ж

21. Пеондар, бұл…

А) малшылар В ) шаруалар С) байлар

22. Латын Америкасындағы ірі жер иелері қалай аталды?

А ) латифундистер В) пеондар С) гаучолар

23. Аргентинада 1835-1852 жж диктатура орнатып басқарған кім?

А ) Мануэль Росас В) Симон Боливар С) Хосе Морелос

24. 1826 жылдан бастап Біріккен Ла-Плата провинциясы қалай аталды?

А) Колумбия В ) Аргентина С) Перу

25. АҚШ президенті Джеймс Монро «Монро доетринасын» қашан мәлімдеді?

А ) 1823 ж В) 1822 ж С) 1826 ж

Кілті: 1в, 2а,3а, 4в,5с,6а, 7с, 8в, 9с, 10в, 11в, 12в, 13а, 14с, 15в, 16в, 17а, 18а, 19а, 20с, 21в, 22а, 23а, 24в, 25а

§10, 20 Латын Америкасы туралы (9 сынып)

1. Латын Америкасы елдерінде экономика мен саясатта не тежеу болды?

А) реваншизм В ) латифундизм С) терроризм

2. Саяси өкімет «кофе олигархзиясының» қолына шоғырландырылған елдер

А ) Бразилия, Колумбия В) Аргентина, Перу С) Куба, Чили

3.Мексикада революция болды?

А) 1911-1917жж В) 1910-1920жж С ) 1910-1917жж

4. Генерал Кальес басқарған кезде қай елде каудильизм режімі нығайды?

А ) Мексикада В) Бразилияда С) Венесуэлада

5. 1922 жылы Рио-де-Жанейрода кімдер көтеріліске шықты?

А) латифундистер В ) тенента жастары С) ұлттық буржуазия

6. Көтерілісшілер қанша жер жүргені үшін «жеңілмейтін колонна» деп аталды?

А) 20 мың шақырым В) 23 мың шақырым С ) 25 мың шақырым

7. 1926 ж Никарагуадағы Америкаға қарсы қозғалыс басшысы

А) Кальес В ) Сандино С) Престес

8. Никарагуадағы бұл қозғалыс неше жылға созылды?

А ) 7 В) 4 С) 2

9. 1934 жылы АҚШтың қолдауы арқасында Анастасио Самоса қай елдің президенті болды?

А ) Никарагуа В) Бразилияда С) Аргентина

10. Самоса диктатурасы 1934 жылдан қашанға дейін билік басында болды?

А ) 1973 ж В ) 1979 ж С) 1976 ж

11. Ибаньес дель Кампоның диктатурасы қай елде орнады?

А ) Чили В) Перу С) Гаити

12. Боливия-Парагвай соғысы қашан болды?

А) 1925-1927жж В) 1930-1932жж С ) 1932-1935жж

13. Латын Америкасына «ізгі көрші» саясатын қолданған АҚШ президенті

А ) Рузвельт В) Никсон С) Вашингтон

14.Капитализм жолына ертерек түскен мемлекттің бірі

А ) Чили В) Перу С) Гаити

15. Перонизм қозғалысы қай елде болды?

А) Никарагуа В) Бразилияда С ) Аргентина

16. Латынамерикандық «Даму жолындағы одақ» бағдарламасын кім ұсынды?

А) Рузвельт В ) Кеннеди С) Джефферсон

17. Бұл бағдарлама неше жылға арналған?

А ) 10 В) 14 С) 12

18. Бразилияда әскери төңкеріс қашан болды?

А) 1963 ж В) 1969 ж С ) 1964 ж

19. Куба революциясы қай жылдары болды?

А ) 1953-1959жж В) 1955-1962жж С) 1952-1955жж

20. Анды тобы қашан құрылды?

А) 1963 ж В ) 1969 ж С) 1964 ж

Кілті:1в, 2а, 3с, 4а, 5в, 6с, 7в, 8а, 9а, 10в, 11а, 12с, 13а, 14а, 15с, 16в, 17а, 18с

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліОдағайға байланысты қойылатын үтір

Жаратылыстану бағытыАрифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару.

ИнформатикаИнформатикадан тест (9 сынып)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096931

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар