ДАРЫНДЫ ҰРПАҚ –ЕЛ БОЛАШАҒЫ

1 мамыр 2014 - infust
ДАРЫНДЫ ҰРПАҚ –ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек»,-дейді. Демек, ұстаздар қауымының оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ғылымды насихаттау бағытында интелектуалды дамуына жол ашу, ғылыми-танымдық қызығушылығын қолдау мақсатында дарынды оқушылармен жұмыс жасауына тура келеді.

Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.

Бейнеу ауданындағы дарынды балаларға арналған Бейнеу лицейінде осы бағытта атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді.Жыл сайын дарынды, талантты шәкірттер өсіп келеді. Солардың бірі – Жолбергенов Данияр. Ол негізгі мектепті «Ерекше куәлікпен»аяқтаған еді. Қазір 10-сыныпта оқиды.Оны туған өлкесінің тарихы қатты қызықтырды. Ол жетекшісі тарих пәні мұғалімі Г. Шәудірбаевамен Ұлы Жібек жолындағы Бейнеу өңіріндегі керуен сарайларды зерттемекке бел буды.

Данияр өзінің «Бейнеудің керуен сарайлары» тақырыбындағы ғылыми жұмысын жазу барысында көп ізденді. Үстірттегі Ұлы жолдың бойындағы керуен сарайлары туралы сөз қозғай отырып, кешегі ата-бабаның өркениетті өмір сүргенін көрсетуді мақсат етті.Ол өз өлкесінде ескі керуен сарайларының болғандығын дәлелдеді және оны мақтаныш сезіммен жеткізе білді. Өз ата-бабасының жай жүрмей әлемдік өркениетте үлесі бар екеніне көз жеткізді. Ол 2013 жылдың желтоқсан айында Ақтау қаласында өткен облыстық «Дарын орталығы» ұйымдастырған ғылыми жобалар сайысында жүлделі ІІІ орынға ие болып, онлайн режимдегі тест байқауында жоғары ұпай жинады.

Данияр осы тақырыпты одан әрі жетілдіріп жуырда ғана өткен ҚР КҒА-ң Маңғыстау аймақтық ХІҮ конференциясына ұсынып, жүлделі Іорынға ие болды. Ол осы сапарында мамыр айында Ақтөбе қаласында өтетін ҚР КҒА-ң ХХХХ конференциясына жолдама алды.

Өз замандастарынан оза шапқан Даниярға жеңістеріне құтты болсын айтып, алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152299

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар