Ежелгі Қытай мәдениеті

7 қазан 2014 - Админ
Ежелгі  Қытай   мәдениеті

Исмагулова Г.Ж

Жаңақала  жалпы  орта  білім  беретін мектебі

Жаңақала  ауданы

Батыс  Қазақстан  облысы

 

Сабақтың  тақырыбы:   Ежелгі  Қытай   мәдениеті

Сабақтың  мақсаты: 

 1)Ежелгі  Қытай  мәдениеті, Конфуций  ілімі, Сыма Цяннның  тарихи  еңбегі  және   

     ғылыми  білім мен  өнер  табыстары  туралы  түсінік  беру;

2) Оқушылардың  есте  сақтау, салыстыру қабілеттерін  дамыта  отырып,   өз   ойлары

      мен  пікірлерін жүйелеуге  үйрету;

3)    Конфуций  ілімі  мен  қазақ  халқының   дүниетанымындағы  ұқсастықтарға 

     тоқтала  отырып, оқушылардың  бойында адамгершілік   ұстанымдарын  қалыптастыру.

Сабақтың  әдісі:  сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың түрі :ізденіс  сабағы

Сабақтың  көрнекілігі:   карта, слайд

Сабақтың  жүру  барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ.  Өткен  тақырыпты пысықтау.

Оқушылар  төрт  топқа  топтастырылады.

1-ші  топ «Ұлы  Жібек  жолы»  презентациялау.

2-ші  топ  «Ұлы  Қытай  қорғаны»  презентациясы.

3-ші  топ « Бұл кім?»тақырыбымен  Ежелгі  Қытайдағы  белгілі  есімдер туралы суретті жұмбақтар  береді.

4-ші топ  «Чжан  Цянның  саяхаты»   әңгімесі.

 

ІІІ.  Жаңа  сабақ  жоспары:

 Ежелгі  Қытай  жазуы мен  әдебиеті.Жазу  құралдары:   ағаш  тақтайшалар,  жібек  матаға жазу,  қағаздың  пайда болуы

    Қағаз  жасау  ісі.

 

           Әдеби  шығармалары: дүниенің  жаратылуы  туралы  аңыз.Ақын  Сыма Сянжу.

 

 

1.        Кун-фуцзы(Конфуций)-ежелгі қытай данышпаны:өмірбаяны.шәкірттеріне  айтқан  нақылдары.М.Кемелдің   аударған   Конфуцийдің  нақылдарынан  үзінді.

Кун-фуцзы   б.з.б  551-479 жж  өмір  сүрді.Оның   шын  аты  Кун-Цю.   Ол өз халқының   салт-дәстүрін ,өлең-жырларын   жақсы  біліп өсті. Ол:

 

Балалықты тастадым, білім  қудым  он бесте,

Отыздарға  келгенде кісі  болу түсті еске.

Қырық жасқа  келгенде ойдағы желді тастадым,

Елулердің  кезінде аға бола бастадым.

Өтірікті  шындықтан  ажыраттым  алпыста,

Жетпісімде жетіліп, қария  болдым  расында – деп жазады.

 

 Жастар  оны  өз  ұстазымыз  деп  есептеген.Оның  өсиеттері  «Нақылдар» деп  аталады.Оған  бір  шәкірті  «Жамандыққа  жақсылық жасау  керек  пе?» деп  сұрағанда, ол:  «Онда жақсылықтың  төлемі  қандай? Жамандыққа  әділдігіне  қарай  төлем  жаса,  жақсылыққа  жақсылық  жаса»-деген  екен.

Конфуцийдің  даналығы  қазақ  халқының  дүниетанымына  өте  ұқсас  келеді:

Оның  «Қайрымдылық бар  жерде  береке  бар» немесе «Қайырымы  жоқ  кісі  жарымайды.  Ол қуаныштың  не  екенін  шындап  сезіне  алмайды.Мейірімді  кісі  өзі  де  мейірім  көреді» (М.Кемелдің  аудармасынан) дегені  қазақ  халқының  «Ақкөңілден  армдық шықпас, арамдық  шықса  да  жамандық  шықпас» -деген  мақал-мәтелімен   ұқсастығын  байқауға  болады  немесе  «Білетін  кісі  күмәнданбайды, адамгершілігі  бар  уайымдамайды, батыр  кісі   қорықпайды» (М.Кемелдің  аудармасынан )-деген  Конфуцийдің  нақылы  қазақтың«Білген  кісі  тауып  айтады,  білмеген  кісі  қауіп  айтады» -деген  мақалымен   мағыналас  десе  де  болады.

 

 

 

3.Сыма-Цянь-қытай  тарихының  атасы:  өмірбаяны, «Тарихи жазбалары»   туралы.

Сыма Цянь (шамамен б.з.б. 140 – 86 ж.) — ежелгі қытай тарихшысы, әдебиетші. Қытай тарихнамасында іргелі еңбек саналатын “Ши цзидің” (“Тарихи жазбалар”) авторы. Әкесі Сыма Тань Хань әулеті сарайының басты жылнамашысы болған. Сыма Цянь жас кезінде император сарайында күзетшілік қызмет атқара жүріп, ғылыми жұмыспен айналысты. Б.з.б. 108 ж. әкесі қайтыс болған соң үш жылдан кейін, оның орнына императорлық архивке орналасты. Жаңа қызметте ол әкесі жоспарлап, жазуды бастаған қытай тарихындағы аса іргелі еңбекті әрі қарай жалғастырды. Б.з.б. 104 ж. “Тай чу ли” күнтізбесін жасауға ат салысты. Б.з.б. 99 ж. көшпелі сюннулардан жеңіліс тапқан әскери қолбасшыға ара түскені үшін түрмеге қамалды.

Түрмеден шыққан соң, мемлекеттік кеңсенің хатшысы қызметіне тұрып, өзінің негізгі еңбегін б.з.б. 92 ж. жазып бітірді. Бұл шығармада көне замандағы Аңыздарда ғана айтылатын Хуан-ди императордан бастап, замандасы У-ди император билігінің аяқ кезіне дейінгі 24 ғасырлық тарихи оқиғалар баяндалған. Еңбек 130 тараудан тұрады, 528 мың иероглифті қамтиды. “Ши цзи” бес үлкен бөлімнен: әулеттер, текті отбасылар жылнамасы, генеологиялық тізімдер, сондай-ақ дәстүрлер, күнтізбелер, астрономия, экономика, география, суғару жүйелері туралы трактаттар мен көптеген тарихи тұлғалардың өмірбаяндарынан тұрады. Сондай-ақ шығармада Рим, Жерорта теңіз жағалауы елдері, Иран, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері, т.б. халықтардың тарихи географиялық, этнографиялық, саяси құрылымдары, т.б. туралы мәліметтер мол. Әсіресе, Қытайдың батысындағы көшпелі сюннуларға (ғұндар) айрықша тоқталып өтіп, олардың тұрмысына, салт-дәстүріне, әлеуметтік-саяси, әскери құрылымдарына сипаттама жасайды. Бірақ автор Қытайды қоршап жатқан басқа да халықтармен бірге оларды “жабайылар” етіп көрсетіп, олармен арадағы қарым-қатынасты бұрмалап жазған. Ол Конфуцийдің “Чуньцю” (“Көктем мен күз”) кітабының үлгісімен бүкіл тарихи қолжазбаларды, құжаттарды, мәліметтерді өте мұқият түрде жинақтап отырған. Кейінгі қытай тарихшылары тарихты жазуда Сыма Цянь үлгісін жалғастырды. Сондықтан оны “Қытай тарихының атасы” санайды.

4.  Ғылыми  білімі  мен  өнер  табыстары: аспан  картасы, даосизм,  шайдың  шығуы,құбылнама, сейсмограф, оқ-дәрі жасау.

  IV.  Жаңа  сабақты  бекіту.

«Аукцион»(сұрақтар беріледі және оған  жауап  бергендерге  құбылнама, сейсмограф, шай, жібек  мата, оригами(қағаздан жасалған  желпуіш) беріледі:

1.Құбылнама.Сұрақ:  Аспап  туралы айтып  беріңіз, Ежелгі  Қытай  теңізшілері  осы  аспап  арқылы қай  жерге  дейін  бараалатын  еді?

2. Сейсмограф. Сұрақ:  Бұл  аспап  не үшін  қажет, ол  қалай аталады?

3.   Шай. Сұрақ: Бұл  сусынның  қандай пайдасы бар және  зияндылығы  қандай?

4.  Жібек  мата.Сұрақ:  Бұл мата ежелгі     Қытайда  неге  теңелді?  Қазіргі кезде бұл матаны жасау  сол кездегідей қиындық туғыза ма?

5.Оригами.Сұрақ: Оригами  деген  не, ол  неден жасалады?

V.  Оқушыларды бағалау.

VI.Үйге  тапсырма беру. Конфуцийдің  нақыл  сөздерін  қазақтың  мақал-мәтелдерімен  салыстыру.

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147901

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар