Рефлексивтік есеп

5 мамыр 2014 - Нургиза Кульджина

РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП

Сыныптан тыс жұмыс: Дебат

Тақырыбы:

Мүмкіндігі шектеулі балаларды теңестіріп оқыту

.

Диалогтық оқытуда әңгімелесудің бір түрі әңгіме – дебат. Әңгіме-дебаттың ерекшелігі: орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталады; әр топ өз шешімдерінде қалады; қарым-қатынас көбінесе «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта қалады. Зерттеу тақырыбыма сай сыныптан тыс жұмыста осы әңгіме түрін қолдандым. Әңгіме – дебатта қатысатын топтарды анықтап, оларға тақырыпты алдын – ала беру арқылы олардың өз беттерімен дайындық жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік жасадым. Дебатта қаралатын тақырып өзектілігімен құнды болады, сондықтан мен алып отырған «Мүмкіндігі шектеулі балаларды теңестіріп оқыту» тақырыбы қатысатын оқушыларды да, көрермен ретінде қатысатын жанкүйерлерді де бей-жай қалдырмайды деп ойладым және оным ақталды да. Дебатқа қатысатын екі қарсылас топ тақырып бойынша өз бағдарламаларын жасап, қарсылас топқа қоятын сұрақтарын дайындап, дебат ережесіне сай әр спикер өз міндеттерін орындау үшін дайындалады.

,

Дебатқа қатысу арқылы оқушылар сөз жарыстыруға, ғылыми тілде сөйлеуге, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, құжаттармен жұмыс ітеуге үйренеді. Анық, әсерлі, нақ сөйлеуге дағдыланады. Өз өміріне, қоршаған ортаға сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Дебат кезінде оқушы бір мезгілде жазу және ойлау, айту қабілетін көрсетеді. Ой-пікірлерінде үлкен алшақтықтар болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады. Көбінесе бәсекелестікке құрылады. Осы тақырып бойынша дебатқа қатысқан екі топ: даттаушы «Шың» тобы мен жақтаушы «Оқжетпес» тобының спикерлері өз жұмыстарын атқарып шықты.

,

Мен мектептің тәжірибесінен өту кезеңіндегі зерттеу жұмысына таңдап алған 3 деңгейдегі (жоғары, орта, төменгі) оқушыларды «Дебатта» бір топқа біріктіріп, олардың сөйлеу қабілеттерін бақыладым. Өте ұтымды, өзекті ойлар айтылды. Әр топ өз ұстанған позицияларында қала отырып, ойларының дұрыстығын дәлелдеуге тырысты. Уақыт төрешісі мен ойын төрешісі болған сараптамашы оқушылар да өте мұқият болып, ойын төрелігін даусыз, нақты шешіп бере білді. Ойын соңында оқушыларға мадақтау қағазы берілді. Ойын барысында байқағаным, әлі де болса шешендік дағдыларын шыңдау керек екендігі анықталды. Оқушылар өз ойларын айту кезінде бір сөзді қайта –қайта қайталап айтып («яғни», «жаңағы»), сөздік қорларының әлі де болса аз екендіктерін, дайындықтарында сәл шалалық бар екендіктерін байқатты. Ойында қарсылас болғанымен өмірде дос болып қалатындықтары, ойын соңында бір – бірімен қол алысу арқылы дәлелденді.

,

Дебат арқылы көптеген мақсаттарға жетуге болады: оқушылардың білім деңгейлерін жоғарлату, ауызша сөздік қорын дамыту, сауатты сөйлеу, сын көзбен қарау, шыншылдықпен қарау, ұстамды болу т.б

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіБатыр Баян поэмасы бойынша дебат - пікірталас сабағы

ҰстаздарғаДебат/ Баға туралы (оқушы үні)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141990

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар