Тәуелсіздіктің жариялануы алдында

10 ақпан 2016 - Куат Серибаев

Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Н.Ә.Назарбаев Балалар, бұл сөздерден нені ұғуға болады? Жалпы тәуелсіздік туралы айтылғанын бәріміз түсінген сияқтымыз. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіздіктің жариялануы алдында». Бүгінгі сабақта алға қойған бірнеше мақсатымыз бар. Олар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы алдындағы оқиғалар: КСРО-ның ыдырауы, саяси ахуалы және бүкілхалықтық Президент сайлауы туралы мағлұмат беру, білімдерін кеңейту. Тарихи балама жолдың болу мүмкіндігін қарастыра отырып, қоғам даму диалектикасына ой жүгірту, терең ойлау, зерттеу, өз бетімен іздену қабілетін дамыту. Отаншылдық, демократизм идеяларына баулу, болашақ Қазақстанды өркендететін өздері екенін сезіну. 1991 жылдың желтоқсаны ірі саяси оқиғаларға толы болды. Олардың ең бастысы – КСРО-ның ыдырауы еді. Видео «КСРО ыдырауы» туралыЖелтоқсанның 8-күні Минскіде бас қосқан Беларусь, Ресей, Украина басшылары КСРО-ны құру туралы шарттың өз күшін жойғанын, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының құрылғандығы туралы мәлімдеді.1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақстанның жетекшілері бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді жақтайтындарын айтып, ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізді. Ол мемлекеттер:1. Армения2. Әзірбайжан3. Беларусь4. Грузия5. Қазақстан6. Қырғызстан7. Латвия8. Литва9. Молдава10. Өзбекстан11. Тәжікстан12. Түрікменстан13. Украина14. Эстония15. Ресей 1991ж желтоқсанына дейін бұрынғы КСРО-ның қарамағында болған республикалардың бәрі мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған болатын. Қазақстанның саясатшылары бұл үрдістердің баянды дамуының соңын тосты. 1991ж 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. Бұл да тәуелсіздікке барар жолдағы бір маңызды баспалдақ іспетті. Республиканың егемендігін жариялауға байланысты енді президентті бүкіл халық болып сайлау қажеттігі туды. Осыған орай, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991ж 16 қазанда қаулы қабылдады. Бұл қаулы бойынша президенттікке кандидаттарды тіркеу қарашаның 10-ына дейін, ал сайлау желтоқсанның 1-і күні өтетін болып белгіленді. Бұл кезде енді ғана құрыла бастаған президент сайлауына қатысуға дайын емес болатын. Нәтижеде республиканың президенттігіне жалғыз үміткер болып Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ұсынған Н.Назарбаев тіркелді. Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88,23 пайызы дауыс беруге қатысып, олардың 98,78 пайызы Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, Қазақстан Республикасының халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті. Н.Назарбаевтың Президент ретінде алға қойған міндеттері: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық-өндірушілік бағыты, соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі, өнеркәсіпті қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына ие болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырған қиындықтар, т.б. Президент болып сайланғаннан кейін ол ұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қазақстан жағдайында бұл ең басты нысана еді.

Осыған ұқсас жазбалар:

Биология§ 46 Экологияға кіріспе.

Биология§8 Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі.

БиологияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Биология§35 Антропосоциогенез сатылары. Адамның бейімделуі.

Биология§3 Көмірсулар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141093

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 14 ақпан 2016 в 20:16 0
Тәуелсіздік- халқымыздың мәңгілік құндылығы.Қазақ елі мәңгілік жасай берсін!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар