топтық жұмыстың ерекшелігі

20 сәуір 2014 - Нургиза Кульджина

Кульджина Нургиза Бекзуркановна

Тарих мұғалімі № 13 ЖОББМ

ШҚО, Семей қаласы

Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру тәжірибемнен

(Кембридж әдісі)

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісімен қоса орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында кең тараған сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл де енгізіліуде. Мен биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің ІІІ (үшінші) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын оқып аяқтап, сертификат алып, өз тәжірибемде қолдана бастадым. Өзім сабақ беріп жүрген сыныптарда Кембридж тәсілі бойынша мектеп ішінде бірнеше ашық сабақтар беріп, педагогикалық кеңесте мұғалімдермен тәжірибе бөлістім. Сындарлы оқыту мүғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттемелер қояды. Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратындығын көрсеткен. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.

<img width=«144» height=«144» src=«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image004.jpg» align=«left» hspace=«12» v:shapes="_x0000_s1026"><img width=«156» height=«144» src=«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image006.jpg» align=«left» hspace=«12» v:shapes="_x0000_s1027">Мұғалім оқу жылы басында әр сыныпта топта жұмыс жасау ережесін құрастыртады. Топта жұмыс жасаудың ережелерін оқушылардың өздеріне плакатқа ойластырып жазуларын сұрайды. Барлық сабақтың кезінде бұл ереже көрінетін жерге ілулі тұрады. Ережені өздері жасағандықтан оқушылар оның бұзылмауына ерекше назар аударатын болады. Мысалы, мынадай ереже тізімі:

1.Бір-бірін мұқият тыңдау;

2.Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;

3.Бір-бірінің пікірін құрметтеу;

4.Мен – пікір;

5.«Тоқта» ережесі;

6.Ортақ пікірге келу;

7.Құпиялылық т.б.

<img width=«156» height=«144» src=«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image002.jpg» align=«left» hspace=«12» v:shapes="_x0000_s1026">

Жалпы сыныпқа арналған тәртіп ережесін жасатуға да болады.

Мұғалімдер жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көмегімен осы салада оқушының қабілеттерін дамыту арқылы алғыр оқушы болу ықтималдығынабарынша мол үлес қоса алады.

Топтық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Талап бойынша топтық жұмыста жеке тапсырма, жұптық тапсырма, топтық тапсырмалар беріліп отырады.

Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыста оқушылар:

Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен өз пікірін бөліседі, алмасады

Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады

Өз мүмкіндігін біледі

Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады

Назарын бақылай алады және алаңдамайды

Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады

Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады

Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады

Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады

Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді

Проблеманы шешуден ләззат алады

Өзінің оқуын түйсіне бастайды

Ойластырып таңдау жасайды және шешім қабылдайды

Қалай оқу керек екенін ұғынады

Өз міндеттері мен мақсатын жоспарлайды

Қиындыққа тап болғанда табанды бола алады

Тапсырманы орындаудың өз жолдарын іздейді

Ересектердің көмегінсіз өз ісінің көзін табады

Тапсырманы қашан әрі қалай орындау қажеттігін талқылайды

Сұрақ қояды және жауап ұсынады

Алға басуды қадағалайды және қажет кезде көмек сұрайды

Жеке және құрдастарымен бірлескен тапсырмаға қатысады

Бұрын естіген сөзді өз мақсатында пайдаланады

Құрдастарымен әлеуметтік мәселелерді шеше алады

Тапсырмалар ұсынады

Сабақта зерікпейді, басқа оймен, іске уақыты болмайды

Жинақылық, білімге деген бәсекелестік қабілеті дамиды

Бір-бірін сыйлайды, бір-бірімен тез тіл табысады

Бар ынтасымен жұмыс жасайды, бір-біріне талапшыл

Өз көзқарасын ұжым көзқарасына бағындырады

Жұмыстағы кемшіліктерді өз бетімен анықтап, жояды. т.б.

<img width=«144» height=«108» src=«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image008.jpg» align=«left» hspace=«12» v:shapes="_x0000_s1030"><img width=«144» height=«110» src=«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image010.jpg» align=«left» hspace=«12» v:shapes="_x0000_s1029"><img width=«132» height=«107» src=«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image012.jpg» align=«left» hspace=«12» v:shapes="_x0000_s1028">

<img width=«48» height=«17» src=«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image013.gif» v:shapes="_x0000_s1033"><img width=«50» height=«15» src=«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image014.gif» v:shapes="_x0000_s1032"><img width=«50» height=«15» src=«file:///C:/WINDOWS/TEMP/msohtml1/01/clip_image014.gif» v:shapes="_x0000_s1031">

Оқушылар үнемі топтық жұмысқа дағдыланған болса, өзін-өзі реттеуге қол жеткізеді. Марта Бронсон (2002) баланың өзін-өзі реттеуінің төрт саласын айқындаған:

·когнитивті өзін-өзі реттеу, метатаным

Балалардың өз оқуы туралы білімі мен өзін-өзі тану деңгейін арттырумен байланысты. Барлық балалар дербес болуды қалайды деп есептелді.

·эмоциялық өзін-өзі реттеу: «эмоциялық зият»

Эмоция саласында балалар өз әсері мен өзгелердің әсері туралы көбірек хабардар болады; бұның эмоциялық өзін өзі бақылауын және басқа адамдар үшін қам жеуді дамыту үшін негізгі мәні бар.

·әлеуметтік өзін өзі реттеу: «ақыл-ой теориясы»

Балалар достық орнатуға, өзге адамдармен ынтымақтасып жұмыс істеуге және ересектердің көмегінсіз әлеуметтік мәселені шешуге біртіндеп үйренетін әлеуметтік саламен байланысты. Заманауи зерттеулер осы әлеуметтік қабілеттің шешуші деңгейде балалардың дамушы «ақыл-ой теориясына», яғни басқа адамдарда оның өзінікіне ұқсас ақылы бар екенін түсінуіне байланысты болатынын көрсетті.

·ынталандырушылық өзін-өзі реттеу: игеру бағдары

Ынталандыру саласындағы зерттеулер балаларда бақылау сезімі мен өз күшіне деген сенімділік сезімінің түйінді дамуын немесе ғылыми әдебиетте «игеру бағдарын» дамыту деп аталатынды көрсетті, бұл қауіп-қатермен байланысты жағдайда төзімділікті; қателіктен сабақ алуын және күрделі міндеттерді шешуден ләззат алуын дамытуға алып келеді.

Мұғалiм балалармен жұмыс iстегенде, оқушының жеке қажеттiктерiн ғана емес, сонымен бiрге әрбiр адамның қажеттiліктерiне бейiмделе отырып, оқудағы ортақ жолдарды да есепке алуы керек. Сабақ беруде өз стилін өзгерткісі келмеген мұғалімдердің салдарынан кейбір оқушылар бағдарламалық материалды меңгере алмағандықтан, оқушылардың жекелеген санаттарында қиындықтар туындап жатады. Солар басқа қызығушылықтары бойынша топтарға бірігуі мүмкін.

Сындарлы оқытуда пайдаланылатын жеті модуль өзара байланыста болады.

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.АКТ –ны пайдалану.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың 3-деңгейлі курсынан өткеннен кейін мен (2012 жылы желтоқсан) өзіндік кәсіби даму жоспарын жасадым. Онда курстан алған білімімді тәжірибеде қолдану үшін, алда не істеу керектігін айқындап алдым.

Мен нені өзгерте аламын?

Өз сабағымда дәстүрлі білім беруді, сындарлы оқытумен алмастырамын.

Осы өзгешелікті енгізу барысында қандай іс-әрекеттерді орындауым қажет?

Қашанға дейін?

1.Сабақ жоспарларын жаңа форматта жасауды үйрендім, оны әрі қарай толықтырамын, жетілдіремін (жұмыстың белсенді формалары — топтық, жұптық, жеке жұмыстар)

үнемі

2. Жеті модульді терең меңгеріп, оларды сабақтарымда ықпалдастырамын.

үнемі

3. Оқытудағы “Кембридж тәсілі” туралы алған біліміммен мектептегі мұғалімдерге педагогикалық кеңесте, әдістемелік бірлестікте тәжірибе алмасамын.

Желтоқсан айы

4. ІІІ –ші деңгейлі біліктілігін арттыру курсынан өткен басқа мектеп мұғалімдерімен кеңес алуды, тәжірибе алмасуды жалғастырамын.

үнемі

5. Жаңа тәсілді пайдаланып ашық сабақ беремін.

Қаңтар айы

6. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыстық біліктілікті арттыру институтымен байланыста боламын. (семинар, интернет)

Үнемі

7. Мұғалімнің өсу динамикасы – қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысу.

Жыл бойы

Дамыту жөніндегі жұмыс мұғалімнің жеке іс-тәжірибесін ғана емес, сондай-ақ мектептің басқа педагогтарының да практикасына әсер ете алады.

Топтық жұмыстарды дамыту арқылы мұғалімнің басшылық жасауы қалыптасады

Мұғалімнің алдында тұрған негізгі идея:

Оқушылардың ынтасын анықтай және басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ ол қазір қызу қалыптастырылады. Қазіргі кезде не істеліп жатса да, оқушылардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Қазіргі кезде оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, мұғалім белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, балаларға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс.

Оқудағы қиындықтарды анықтау:

Құрмет: егер балалар жұптасып, топтасып атқарылатын жұмыстарда өздерін еркін сезіне алмайтын болса, оларды мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Осы мақсатта сыныптағы балалардың кімдермен қарым-қатынас жасайтынын білу керек. Бұған «Достар ортасы» немесе «әлеуметтік тарих» сияқты жаттығулар көмектесе алады.

Мадақтама: баланың қарым –қатынас жасау үшін қабылдаған барлық әрекеттерін марапаттап отыру қажет. Баланың ауызекі тілін жөндеуден аулақ болу, одан да сөйлеуді дамытатын жақсы модельдермен және мүмкіндіктермен қамтамасыз ету керек. Баланың әлеуметтік дағдыларын, тіл қолданысын арттыруды баланың қызығушылық танытатын істері арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалім әрекеттері оқушыға:

● пәнді түсінуін дамытуға;

● ақпаратты есте сақтауға және толықтыруға;

● мәтінді оқудағы, жазудағы және ойлау қабілеттеріндегі қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беруге тиісті.

Саналы түрде ұғынып оқу оқушылар орындауға тиісті әрекеттермен және олардың өзіндік білім алуын дамыту үшін біздің қолайлы жағдай жасауымызбен ғана шектелмейтіндігін түсіну керек.

Шульман «Мұғалімнің үш көмекшісі» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады: 1. Құзырлы мұғалімге тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. 2. Бұл ілім жұмыс жүргізу, демонстрациялау, түзету және оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.

3. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адам болу.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының тиімді жақтары

БастауышӘдебиеттік оқу. 4 сынып. "Күріш туралы сыр"

КембриджҮш бәйтерек (сыныптан тыс шара, кембридж тәсілімен)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103630

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар