Тың және тыңайған жерлерді игеру

12 сәуір 2014 - Админ

Алматы облысы Кербұлақ ауданы

Архарлы орта мектебі Мемлекеттік мекемесі

Абдымолдаев Мейрқұл Қалимолдаұлы

Мектеп директоры, тарих пәні мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тың және тыңайған жерлердің игерілуінің мәнін ашып көрсету.
Тәрбиелік: Тарихи оқиғалар арқылы оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша танымды дамыту, талдау, жинақтау, қорыту, салыстыру, жіктеу және жүйелеу.

Сабақ типі: жаңа тақырыпты игеру сабағы

Сабақ түрі: лекция

Сабақ жабдығы: Қазақстанның картасы

Дәрістің барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы:

-Неге біздің Елтаңбада және Туымызда бидай символы бейнеленген?

Мағына тану. 1. «Түртіп алу» стратегиясы

Осы сабақ барысында кездескен, бірақ сіз түсінбеген жаңа сөздерді, ұғымдарды өзіңіз белгілеп отырыңыз, «білемін», яғни +; «білмеймін», яғни -; қойып. Кейін сіздер бір-бірлеріңізге бұл сөздерді түсіндіресіздер, егер ешқайсыларыңыз білмеген жағдайда мен түсіндіремін.

-Мысалы: сабағымыздың тақырыбы сіздерге түсінікті ме?

-Тың жерлер деп ғасырлар бойы жыртылмаған, ал тыңайған жер деп жыртылған, бірақ, бірнеше жылдар бойы пайдаланбай жатқан жерлерді айтамыз.

2. «Топтастыру» стратегиясы

Осы тың жерлерді игеру бұдан бұрын да Қазақстанда болған. Қазақстандағы тың игерудің осы кезге дейінгі кезеңдері болды ма? Бұрынғы өтіп кеткен тақырыптарды еске түсіріп, тың игеру туралы білімімізді топтастырамыз.

Бір оқушы тақтаға шығып, топтау элментін сызып береді.

Қалғандарымыз көмектесеміз.

                      1954-1960 ж.ж.                                  Патшалы Ресей (1585ж)

Тың игеру

 

 

 

 

 

 

Совет өкіметі кезі                  Столыпиннің реформасы          1893ж  Қазақ жері

1920-1930 ж.ж. колхоз,                     1906-1916 ж.ж.          Ресей империясының

совхоздар құру                                                                                    меншігі

 

 

3.Жаңа сабақты тірек конспект бойынша түсіндіру:

а) Тың жерлер 1954-1960ж

1.Солтүстік Қазақстан

2.Қостанай

3.Көкшетау

4.Павлодар

5.Ақмола

6.Қарағанды

КСРО-41 млн. Оңтүстік Сібір, Солтүстік, Кавказ, Қазақстан. Қазақстан-25 млн.

ә) 1954-1955 ж КСРО-13 млн,. Қазақстан-6,5 млн.

б) Ж.Шаяхметов –П.Пономаренко

в)Жаппай тыңға шабуыл!» ұраны.

г)Жеңілдіктер: 500-100сом отбасы басшысына. Әрбір мүшесіне 150-200 сом. Үй-10 мың, 10 жылға (35%-мемлекет мойнына алды), несие.

д)Нағыз патриоттар. (Карнаухов, Иванов, Н.Алдабергенов)

с)Кездейсоқ адамдар. «Қаңбақ адамдар».

ж)Берілген бағыт: «Жабайы жер..».

з)Тың жерлерді игерудің салдары.

Ой –толғаныс сатысы

1.»Түртіп алу» әдісінің нәтижесін тексеру.

а)Экстенсивті

ә)Интенсивті

б)Экология

в)Демография

г)Рицедивист

Осы ұғымдарды оқушылар түртіп алыпты және бір-біріне «экология», «демография» деген ұғымдарды түсіндірді. Ал қалған үғымдарды оқушыларға өзім түсіндірдім, себебі бұл ұғымдарды оқушылар өздері бір-біріне түсіндіре алмады.

2.Венн диаграммасы

Столыпиннің реформасы                                              Тың игеру

1906-1926ж.ж                                                                 1954-1960ж.ж

             Айырмашылығы:

1.Кеңес өкіметі

тұсында.

2.Науқандық сипат.

3.Келімсектердің

ағылып келуі.

4.25млн-ға.

5. 2млн. адам

6.Азық-түлік

мәселесінің

шешілуі

 

 

 

 

Ұқсастығы:

1.Қазақтың шұрайлы жерлерін алуы.

2.Келімсектердің ағылып келуі

3.Әкімшілдік-әміршілдік әдіспен жүргізілуі

4.Мемлекет тарапынан қолдау болуы

5.Ғылымға сүйенбеген

6.Қазақ ауылдарының тозуы

7.Жаман әдеттердің тез тарауы

 

Айырмашылығы:

1.Патшалы Ресей

кезінде

2.Мақсатты түрде жүргізілді.

3.Шаруалар қауымын

 тарату үшін

4. 45млн. десятин.

5. 1,5млн. адам.

6.Азық-түлік

мәселесінің

шешілмеуі

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. «Уақыт ағысы» (Болжам стратегиясы).

1.1954-1960 жылғы ауыл шаруашылығы туралы білдік.

2.Енді қазіргі күнгі ауыл шаруашылығы туралы айтайық.

3.Болашақтағы ауыл шаруашылығы туралы ой толғайық.

 

ІІІ. Бағалау.

ІV. Үй тапсырмасы. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

БҮҮ (білетінім, үйренгенім, үйренгім келеді) стратегиясын орындап келу.

1-бөлімінде «Қазақстан тарихы» атласымен жұмыс, онда қазіргі 9 облыс көрсетілген, солардың ішінен тың игерілген 6 облысты сары түспен бояп келу.

 

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

 

 

 

 

2-бөлімінде Н.Ә.Назарбаевтың тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына арналған мәжілісті баяндамасымен, оқулықпен, қосымша әдебиетпен, тыңның 50 жылдығына арналған баспасөз материалдарымен, сабақтағы тірек конспектімен жұмыс жасап, оларды оқып отырып, нені үйренгенін жазады.

3-бөлімінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығының болашағы туралы не білгісі келетінін жазады.

Мысалы, бір оқушы 3-бөлімге: «Жер шарының ғаламдық жылынуы даусыз шындыққа айналды. Бұл жағдай америка мен Еуропаға үлкен қолайсыздықтар  әкелуде. Ал қазақстанда осы жағдай оның ауыл шаруашылығына қалай әсер етеді екен? Осы тақырыпты зерттесем деймін», -деп жазған.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124321

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар