Тарих пәні мұғалімдеріне шебер-класс

1 қазан 2014 - Нургиза Кульджина

 

 Кульджина Нургиза Бекзуркановна

жоғары санатты, ІІІ деңгейлік бағдарлама

бойынша сертификатталған,

Тарих мұғалімі 

ШҚО Семей қаласы «№ 13 ЖОББМ» КММ

 

Қаламыздағы тарих мұғалімдерінің тамыз секциялық

отырысына арналған шебер — класс

 

Өлке тарихына байланысты

Күні    .27.09.2014

Қала мектептерінің мұғалімдеріне

Сабақтың атауы

   Бекжан батыр 

 (Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы   азаттық күресінің өлкеміздегі  жеңісінен тарихи дерек  )

Сілтеме

С. Берденов «Бекжан батыр. Ақбикеш»; Т. Салимбаев «Алғадай»; өлкетану мұражай материалдары т.б.

Жалпы мақсаты

 

 Оқушыларды туған өлкенің тарихында орын алған шынайы оқиғалармен таныстыру.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

 

Диалог әңгіме жүргізілуі кезінде оқушылардың оқиға туралы мәлімет ұсынуы, топтағы оқушылардың бір-бірі толықтыруы, келісімге жетуге тырысуы.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

 

 

 

·          Бекжан батыр, оның ерліктері  жайлы  материалдарды пайдалану  арқылы ұғындыру;

·         Туған өлкенің батырлары туралы  өз көзқарастарын білдіруіне жағдай жасау;

·         Өз еліне, халқына деген сүйіспеншілікті сезіне білуді тәрбиелеуді жалғастыру 

Тапсырмалар

 

   4 топқа бөлу.

1-тапсырма.  Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте көзге түскен Орта жүз  батырларынан кімдерді білесіңдер?

Топпен жұмыс. (осы уақытқа дейін не білетіндерін білу үшін)

 

Слайдтар көрсетіледі.

 

2 — тапсырма   топтық жұмыс    

  Бекжан батырдың өмірі туралы таратпа материал.

  3 тапсырма:

Семейдегі тарихи өлкетану мұражайындағы батырдың сауыты-Ақбикеш туралы материал.(жеке, топтық)

  Сергіту сәті

4 — тапсырма  Бекжан батырдың 300 жылдығы туралы, батырдың ұрпақтары жайлыәңгіме (бейне таспа)

 

 

 

 

 

 

5 -тапсырмаментальды карта жасау. 

«Бекжан батыр — тарихи тұлға»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:Мұғалім немен айналысады, оқушы немен айналысады.

  Топқа біріктіру.   

1-топ.  «Қазақ» тобы, 

2-топ.  «Батырлар» тобы,

3-топ. «Егемен ел» тобы

3-топ. «Тәуелсіздік»  тобы

1 – тапсырма. Тақырыптың атын айтып, мақсатымен таныстыру

 Бұрыннан не білеміз?  Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте көзге түскен Орта жүз батырларынан кімдерді білесіңдер?  Топпен жұмыс. (осы уақытқа дейін не білетіндерін білу үшін)

(Қабанбай, Жауғашар, Бөгенбай, Шыңғожа, Жәнібек, Абылай т.б)

 

   2 — тапсырма   топтық жұмыс    

  Бекжан батырдың өмірі туралы таратпа материал.

 Бекжан  бұрынғы Семей облысы  Шар ауданындағы Делбегетей тауының солтүстік баурайында орналасқан «Қарасу» ауылы маңында 1709 жылы дүниеге келген. Руы Найман, оның ішінде –Матай, оның ішінде – Тілес. Бекжанның арғы аталары да қазақ жерінің шығысы мен солтүстік-шығыс аймақтарын жаудан қорғаған айтулы батыр, өз дәуірінің қоғам қайраткерлері болған адамдар. Бекжан Құттымбет батырдың немересі… Құттымбеттің  Бірназар, Ерназар деген екі ұлы болады. Бекжан Ерназардың баласы.

Бекжан жоңғарлармен 6 жыл соғысады. Жауды жеңіп, жоңғарларды Қара Ертістен асыра қуып, соғысты бітірдік деп, елге қайтар алдында Бекжан бір топ жолдастарын алып, Алтайдың бір биігіне шығып, басындағы дуылғасын шешіп, терін сүртіп, желпіне бергенде аңдып жатқан жау оғы дәл маңдайынан тиіп, тілге келмей қайтыс болады. Бұл  1730 жылы шілде айы еді, сөйтіп Бекжан батыр 21 жасында  Алтай тауының бір жотасында мәңгіге қала береді. 

Мәтінді оқып, топта талдайды, сұрақтар дайындайды. (қосымша не білгілері келеді)

  3 тапсырма: Семейдегі тарихи өлкетану мұражайындағы батырдың сауыты туралы материал.(жеке, топтық) Слайд көрсету.

 «Музейде тұрған Бекжан батыр киген сауыт он атаның қолынан өтіп, қасиетті мұра ретінде сақталып келіпті. Оның ақырғы иесі Боқбасаров Әміре қарт ақсауытты 1965 жылы өлкетану мұражайына сыйға тартты. Бұған Боқбасардан тараған 56 ұрпақтың бәрі де келісімін берді. Сауыттың «Ақбикеш» атануының да өзіндік сыры бар. Көпті көрген қариялармен пікірлесіп, әңгімелескенімізде: Матай руында Ақшахан деген беделді адам болыпты. Ол елінің намысын қорғап, арман мүддесін жоқтай білген ер көңілді жігіттерді қатты сыйлап, құрмет тұтқан екен. Ел іргесіне жау келгенде ерлігімен танылған Құттымбет батырға батылдығына риза болып, Ақшахан өз үстіндегі сауытын шешіп оған сыйға тартыпты. — деп жазады сол кездегі мұражайдың аға ғылыми қызметкері Нұрбану Жолдыбаева. Ал ақын С. Берденов сауытты Құттымбетке Тәуке ханның бергенін, оның аты ханның қызы Бикешке байланысты қойлғанын жазады. Сауыт 9 қабаттан тұрған делінеді. Мұражайдағы соның бір қабаты ғана.

Слайд көрсету арқылы мәтінді толықтырамын.

.   Сергіту сәті

 4 — тапсырма   Бекжан батырдың 300 жылдығы туралы және батырдың ұрпақтары жайлыәңгіме (бейне таспа)

Қаладағы достық үйінде 20-22 мамыр күндері 2009 жылы «Айша Бибі» қалалық қазақ мәдени орталық қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен Бірінші аймақтық көрме-жәрмеңкесі Бекжан батырдың 300 жыл толуына орай өткізілді. Көрменің ашылу салтанаты орталықтың төрайымы- батырдың ұрпағы Айман Ыбырайқызы Боқбасарованың сөзімен,   батырдың сауыты сақталып тұрған өлкетану мұражай үйінен басталды. Ол өз тарапынан көрме-жәрмеңкеге қала жұртшылығы ғана емес, алыс – жақыннан Өскемен, Зырян, Катонқарағай аудандары және Ресейдің Алтай өңірінен де қатысып отырғанын мақанышпен айтты.

Қара Ертіс төмен аққан сарқырап тұр,

Елінің дәулеті асып арқырап тұр.

Үш ғасыр өтсе дағы Бекжан тірі,

Музейде ақ сауыты жарқырап тұр. – деп жырлаған ақын С. Берденов.

Ақын С. Берденовтың «Бекжан батыр. Ақбикеш»кітабының  қысқаша шығу тарихы, кітаптың тұсаукесері  туралы айтылады.

5 –тапсырма ментальды карта жасау. 

«Бекжан батыр — тарихи тұлға»
 

 «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс орнату

Оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру

 

Дереккөздер және жабдықтар: бейне таспа, суреттер, интерактивті тақта, слайд, А4 қағаз, фломастерлер, карта, т.б.

Кейінгі тапсырмалар

  

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. С. Берденов «Бекжан батыр. Ақбикеш» -  Семей, 2011.

2. Т. Салимбаев «Алғадай» тарихи-дастан// Семей таңы. 2009

3. Н. Кульджина «Найманның құбаша ұлы – Бекжан батыр» // Оқыту-тәрбиелеу технологиясы. 2010. №6

4. М. Зүкенов Ұлттық қолөнердің дамуына үлес. // Ертіс өңірі. 27.05.2009.

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115530

Пікірлер (1)
Тәрбие # 15 желтоқсан 2015 в 18:45 0
Шеберлік сабағы жоспары өте жақсы құрылған.Маған ұнады.Шығармашылық табыс тілеймін.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар