Шумер-Түрік-Алаш-Қазақ

24 шілде 2014 - Нургиза Кульджина

Шумер (car-rиr) – Тәңір діні – Түрік — Алты Алаш – Қазақ ұлты арасындағы табиғи байланыс туралы сөз қозғай отырып мынадай мәселеге ден қоя кеткен дұрыс деп ойлаймын.Қазақтың киелі жері қасиетті үшбұрышта (мұсылман, христиан, будда діндерінің тең ортасы) орналасуы, Көк Түріктің алтын бесігі Алтай тауының баурайы, ұлтымыздың Ұлы ғұламалары Абай, Шәкәрім, Мұхтардың Еуразия кіндігінде дүниеге келуі, Семей жері Алаштың Ордасы ,Қазақстан АстанасыМұсылман Ұйымдарының құрылтайорталығы болып таңдалуы зейінқойған адам тегін құбылыс емес екендігін аңғарары аңық. Сырлы сандықтың кілтін тапсам деген ғылыми зерттеу нәтижелері көбіне тұйыққа тіреліп, жорамал шеңберінен аспай қала береді. Өйткені мұнда адамзат баласының ой өрісі жетпейтін галактикалық синхронды үндесу құбылысының сыртқы тылсым әсері бар екендігі хақ.Оның сырын төмендегі тарихи жанрда жазылған шығармадан анық аңғаруға болады.

Автор.

Шумер үшін бүйірден ұрса,

сен оны Отаныңдай қорғайсың.

Отан үшін жауап беретіндей боласың.

Олжас Сүлейменов.

Ғалам тарихының дамуы бойында жер жаһанда тіршілік іздері айшықты таңбаланғанымен із-тұзсыз жоғалып кеткен таңғажайып өркениетті елдер өмір сүрген.Әлем ғалымдары зерттеу барысында өркениет заттары мен жазбалары, тіршілік еткен дүние көздері қолдарында бола тұра, бұл елдердің ғайыпқа кеткендіктеріне жауап таба алмай тұйыққа тіреліп, дүниенің ғажайыптығына таң тамаша күйде қала берген.Ғылымның толық жауап бере алмаған өркениетті елдері Шумер, Атлантида т.с.с..Ғажабына толық жауап табылған күні адамзаттың даму тарихы парақтарына көптеген түзетулер енетіндігіне әлемнің алпауыт дүниетанушылары бағзы заманнан тілге тиек етіп келе жатқандығы белгілі. Шумерлер жөнінде не білеміз соған тоқталайық.

Шумерлер туралы тұңғыш деректер Ассирия патшасы Ашшурбанипал жазбаларында кездескен.Тасқа қашалған жазбалар негізінде1927 жылы археологтар Тигр-Ефрат өзендері аралығында осыдан алты мың жыл бұрын өмір сүрген өркениет бесігі Ур қаласының іргесінде қазба-зерттеу жұмыстарын қолға алады. Шахтаның тереңдігі 14 метрге жеткенде зерттеушілер б.д.д. төрт мың жылдан астам уақыт бұрынғы қала орнын анықтап, шумер патшаларының жерленген жерін, олармен біргеқойылған баға жетпесқұнды қазынаға тап болады. Ал ғалымдар үшін ең құндылық көзі астрономия, философия, математика, физика, химия, медицина, әдебиет, тарихи деректер, патша жарлықтары, сарай жазбалары сақталған отыз мың кітап қоры бар кітапхана, яғни сына жазумен жазылып, одан соң күйдірілген 30 000 дана қыш кітаптарға тап болады.Тарихта тұңғыш ойлап табылған шумерлердің сына жазуы адамзаттың дүниежүзілік мәдениет тарихының даму көздерінің ұлы жетістігі болып табылады.Ол фатостық (адамзаттың алғашқы үндесу арқылы қарым қатынасы) белгішарт құбылыстарынан кейінгі адамзаттың өркениетке бет алуының көрінісі.Уақыт тезімен жазу үлгісін Кіші Азия, Элам, Парсы, Кавказ сыртының,Қытай, Түркі халықтары үйренген.Мысыр.Қытай, Маньчжур халықтарының қыш керішке қашалған табиғат суреттері (құс, шөп, аң т.с.с.)мен иероглифтері, Түріктің руналық жазулары,1204жылдан моңғолдарға жазу үйреткен Шыңғысхан тұтқыны, ұйғыр Тата-тұнғаның найман жазуы шумер жазуының сыңары екендігіне шүбә келтіру қиын (Ғалымдар жазудың граматикалық форманттарының туыстығындағы айырмашылықтарды желеу етіп, шумер мен түріктің біртекті табиғатына күмән келтіреді.Солай бола түра олар жүздеген жылдарда жазу граматикасының түрлі варианттары ауысып отыру мүмкіндігін де теріске шығармай, кейде өз көзқарастарына қарсы тұратын жағдайлары кездеседі).Күллі әлем мифологиясы аңыз ететін, одан Тауратқа көшірілген,әлемді топан су басқан заманды шумерлер шынайылықпен суреттеп келтіреді.Осыған сүйенген бірқатар ғалымдар топан суды бастан кешкен шумерлер ғалам пайда болған заманнан бастап өмір сүрген деп топшылауда. Тіпті Самуюэл Крэмер мен оның жақтастары «Тарих шумерлерден бастау алады»-деген ой тұжырымын алға тартқан.Себебі, шумерлер өркениеті дамып тұрған заманда Еуропа халықтары әлі үңгірлерді паналап, фатостық глоттогенезге (тілдің шығу тегі) енді қалыптаса бастаған шағында өмір сүріп жатқан.Әлемнің беделді тарихшылары бұл құбылыстарды терең зерттеп «Азия күллі адамзаттың Отаны болған»-деген тұжырымды ХХ ғасырдың басында ғалам халықтарының алдында мойындаған.

Шумерлердің сына жазуында көрсетілгендей, оларда сол заманның өзінде дамыған мемлекеттерге тән сот алқасы, сайланбалы депутаттардан тұратын екі палаталы парламент, азаматтық кеңестер (өзін-өзі басқару комитеттері іспеттес), дамыған ауылшаруашылық саласы, жеңіл өнеркәсіп, білім беру абыздық мектептері т.с.с. жұмыс атқарып, билік басшылары қоғамның саяси тұрақтылығына басты назар аударып отырған.Саудада күміс ақша пайдаланылып, салық жүйесі орныққан. Медицинада фитотерапияны (шөппен емдеу) жетік меңгерген, түрлі хирургиялық, оның ішінде көздің катарактысына дейін операциялар жасап, дезинфекцияға спиртті пайдаланған. Фундаменталды математика амалдарын, алгебраның төменгі дәрежелі теңдеулерің жетік меңгерген, тіпті кейінгі кезде тек компьютердің көмегімен ғана шығаруға қол жеткен күрделі есептердің алпыстық жүйесін қолданып есептерді шығару, күрделі геометриялық фигуралардың алаңдарын нақтылау шумерлер меңгерген ғылым болған.Абыздары сағатты ойлап тауып, бір жылда 365 күн 15 минут 41 секунд болатынын есептеп күнтізбе пайдалана білген.Астрономияны жетік меңгергендері сонша, олар ай, күн, жұллдыздар қозғалысын дәлме дәл суреттеп, күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың орнын, арақашықтығын нақты анықтаған, тек Плутонды Сатурнның серіктесі деп көрсеткен (заманымыздың астронавтары Плутонды ғаламшар санап, тек ХХ ғасыр соңында ғана Сатурн серіктесі екендігіне көздері жеткен). Ал Марс пен Юпитердің екі арасында біздің ғылымға беймәлім сопақша келген Нибиру атты ғаламшар белгіленген.Олардың жазуы бойынша Нибиру ғаламшары әлемдік тартылыс күшінен тыс үнемі жеке орбита бойынша қозғалыста болып, тек 3600 жылда бір рет осы орынға келеді екен. Қазіргі НАСА ғалымдары Нибиру ғаламшарының жер орбитасына бағыт түзегенін жоққа шығармайды.

Шумер архитектурасы көне Үндінің, Америка жеріндегі майя, инк, ацтек халықтарының, Мысыр пирамидаларының құрылыстарында көрініс табады және шумер жазбаларында Ұлы пирамида туралы сөз етіледі.Шумер өркениеті Мысырлықтардан әлдеқайда бұрын орныққан.Ғибадатханалары бірнеше ярусты (зиккурат-деп аталған) жоғарыға қарай көтерілетін көп баспалдақты, терезесіз, күн сәулесі шаңырақтан ғана түсетін,қабырғаларында қоғамның тұрмыс-тіршілігі бейнеленіп салынған, маңдайшасына алтын ай орағы (жарты ай) орнатылған пирамида тәріздес.Кіші АзиядағыУр, Урук, Киш, Ниппур, Бабыл, Аккад, Хурсагкаламма, Ашшур, Арбел, Ниневия қалаларындағы ғибадатханалар өркениеттің алғашқы үлгілері. Қабырғаларындағы суреттерде халықтың бойлары біркелкі, тек патша тұлғалары ірі етіп бейнеленген.Храмдарды салуға әр түсті керіштер пайдаланылған, соның нәтижесінде төменгі ярустары қара, ортаңғылары қызыл, жоғарғылары ақ түске боялғандай көрініс берген.Ур қаласындағы үш ярусты зиккураттың биіктігі 21 метр болған, кейіннен оның қабаттары жетіге дейін көтерілген.Ұлы Абыздарға ғана кіруге болатынжетінші қабатта ең үлкен құдай Мардуктіңсаф алтыннан құйылған мүсіні, патша тағы, стол, орындықтары, т.с.с жиыны 800 талант (40 тонна) шамасында болатын алтын бұйымдарын тарих атасы Геродот өз көзімен көріп, жазып кеткен.Шумерлер сол замандарда қазбалы кен өндіріп, қоланы пайдалану, алтын мен күмісті, қола мен сүйекті араластыруды, түрлі-түсті әйнек әзірлеуді шебер меңгеріп, шаруашылықта доңғалақтарды пайдалана білген.Темірдей тәртіп орныққан кәсіби қарулы күштері дұшпанмен айқасуға әрқашан әзірлікте болған.Мұхиттар айдынындағы шумерлер кемелерінің саяхаттары туралы әр елдің көне заман тарихшылары жазбаларында келтірілген небір қиял ғажайыпқа ұксас деректері әлі күнге мұрағаттарда сақталған.Тіпті шумерлік бір абыздың храм салу үшін мың мильден артық қашықтықтан әкелінетін алтын, күміс, мыс, диорит, сердолик т.с.с. құндылықтарды тіркеген тізбесі сақталса, енді бір жерінде жүк тасымалдауға арналған 105 су кемесінің түрлері келтірілген.Көне заманда бүгінгідей электронды технологиясыз-ақ ғылым мен білімнің, архитектураның шыңына жетіп, аспан денелерінің сан қилы циклдарын өздері қолмен қойғандай баяндап, уақыт пен космостың сырын терең ашқан, заманында әлемде теңдесі жоқ өркениет иелері, шумерлер кім және қайдан келген?

ШУМЕРЛЕР ӨЗДЕРІ ТУРАЛЫ.

Шумер жазбалары бойынша олардың арғы тегі- Анунакилер мөлшермен 445 мың жыл бұрын Нибиру планетасынан — «аспаннан» жерге түскен. Нибиру ғаламшары экологиялық апатқа ұшырап, атмосфера қабаты қауіпті түрде жұқаруы себепті ғаламшарларын аман сақтап қалу үшін алтынды бөлшектерден жасалған шілдер тор (космонавтикада радиациядан қорғану үшін космос корабльдерінде осы тәсіл пайдаланылады) құтқарарын білген анунакилер өздерінің обсерваторияларынан ғаламшарларды толық зерттеген.Күн жүйесінен сырт жетінші ғаламшардан қажетті алтын өндіруге болатындығына көздері жеткен соң алғашқы экспедициясын Жер ғаламшарына аттандырады және алтын алушылар жерге ұдайы 3600 жылда бір рет келіп-кетіп отырған. Бастапқыда парсы шығанағынан, кейіннен Оңтүстік-Шығыс Африка жерінен алтын өндіруді (Археологиялық зерттеулер Оңтүстік Африка жерінде осыдан 100-300 мың жыл бұрын, яғни тас дәуірі кезеңінде, тереңдігі 20 метр болатын алтын өндіру шахталары болғандығына көз жеткізіп отыр

) қолға алады.Мөлшермен 300 мың жыл бұрын алтын өндірушілер ауыр жұмыстан қажып наразылық танытады.Осыны ескерген анунакилердің ғалымдары генетикалық тәсілдер жолымен жұмысшы күші ретінде өздеріне ұқсас етіп-гомо сапиенстерді дүниеге келтіреді және өздерінің білімдері мен қабілеттерін олардың бойларына сіңіріп алтын өндіруге пайдаланады.(«Қара құрлық» елдерінің аңыздарында жоғарыда айтылған шахталарда жасанды түрде дүниеге келтірілген «алғашқы адамдар» жұмыс жасағандары туралы айтылады).Уақыт өте келе аспан мен жердің тіршілік иелері арасында аралас неке орнығып, нәтижесінде дүниеге келген пенделер әлемге тарала бастайды.

Шумерліктер анунакилерді-құдайлар, ал абыздарын «саф таза қасиет иелері» деп таныған.АнунакилерЖер бетіне келтірілген пенделер арасынан ең алғашқы абыз ретінде Энмедуранки деген адамды таңдап,қастарына алып, оны өздерінің «ерекше кеңестеріне» қатыстыру арқылы Аспан мен Жер құпияларының сырын, жазу үлгілерін үйретіп,ғылымның шексіз дүниесіне көзін ашып білімдар етеді.Ақыр соңында қабылдаған білім құпиясын басқалардан жасырын ұстайтындығына ант қабылдатып адамдар арасына абыз етіп жібереді.

Шумерлердің сына жазуы ертегіге ұқсас өздерінің тарихын бізге осылай жеткізеді.

Шумерліктер өздерін Саr-rиr– «қарабастылар»- деп атаса, көрші отырған Аккадтықтар оларды Суйер (Су-су, йер-жер)-яғни сулы жердің тұрғындары атауымен атаған, ал вавилондықтар оны естілуіне қарай Шубер немесе Шумер деп тасқа қашап жазып кеткен.Ресми тарих деректері бойынша б.д.д. бірінші мыңжылдық шеңберінде шығыстан шыққан элам мен аморей тайпалары шумерлерді талқандап олардың Кадингир (құдай қақпасы) қаласының орнына аморейлер Вавилон (Бабыл-оның аудармасы да құдай қақпасы) қаласын салып оны бас қала етті.

Анунакилер іздері сақталған ба?

Шумерліктер анунакилерді алып дәулер (циклоп) ретінде суреттейді.Әлем антропологтары олардан қалған ізді іздеп бас қатыруда.Осыдан 90 жыл бұрын оңтүстік африкалық фермер адам аяғы баспаған Трансвааль провинциясында 1 м.28 см. болатын алыптың 12 сантиметрге батып гранитке сіңіп-қатқан аяғының ізіне тап болады.Қырық жыл өткен соң Дэвид Барит атты журналист Велд платосына жетіп, дәудің аяқ ізін суретке түсіріп, айғақты дәлелін әлем ғалымдарына жеткізеді. «Ніл жағалауындағы алғашқы адам ізі»-деп ғылымға енген тарих куәсінің суреті осындай. Ал Цицеронның өзі «тарих атасы»-деп айдар таққан Геродоттың «Мельпомена» атты төртінші кітабінда: «Тирас өзені бойындағы жартастан жергілікті тұрғындар Геракл табанының ізін көрсетті, бұл ұзындығы 2 шынтақ болатын адам табанының ізі» деген тарихи деректі оқуға болады.Сонда бұл іздің де 1 м.артық екендігі ешкімге дау тудырмаса керекті. Егерде ондай алыптар жер бетінде болғаны рас болса Мысыр пирамидаларын, Стоунхэндж,қола дәуірінде Орталық Қазақстанның Беғазы тауында алып граниттерден мұнара қалаушыларды т.с.с. «циклоп құрылысшыларды» алыстан іздемей адаспай табуға болады.Ал дәуірі өтіп көзден ғайып болсада халық санасында сақталып, кейіннен аңыз-ертегілер персонажына айналған таусоғар, тау көтерген Толағай, алып дәулер, тағысын тағы-Ұлы Даланы мекендеген анунакилер емес пе екен деген ой қылаң берері анық.Бұған қоса қазіргі Оңтүстік Қазақстанның Сайрам қаласынан 7 шақырым жерде Нұх пайғамбардың үш ұлының біреуінің жерленген 40 метр қабірін кәрі көз қариялар жыр етіп айтып нақты орнын көрсете алады.

Шумер-Түрік-Алты Алаш-Қазақ халқының байланысы.

Қосөзен аралығында айшықты іздері қалған шумерлер көрші тайпаларға еніп, сіңісіп кетті деген ресми тарихи жауап көп күмән тудырары сөзсіз.Бірқатар тарих саңлақтары мен лингвистер олардың іздері Сібір (Шумер-Субер-Сібір) жеріне апарады десе, енді бірі полинезия халықтары емес пе екен деген күмәнді ойға бас қатырады.Қалай болған күннің өзінде логика бойынша элам, аморей тайпаларының шабуыл қыспағына түскен өркениетті халық толығымен көршілес, бақталасты және зор қуатқа ие бола бастаған Мысыр перғаундарының жеріне бара қоймасы, немесе Еуропаға кете қоймасы анық. Көкпектілік көкірегі ашық жазушы Рәтбек Аринов «Шумерлердің тілі, салт-дәстүрлері түрік тілдес халықтарда орныққандығы сонша, кейде біздің көне ғасырлардағы ата тегіміз осылар емес пе екен, тіпті сақ (скиф) атауының синонимі осы шумерлер емес пе екен деген де ойға қаламын»-деген сөзінде ақиқатқа таяғандық байқалады. Ойды ой қозғайды. Шындығында әлем қартасын бессаусағындай білетін, теңіз кемесі шеберлерінің (Нұх кемесінің үлгісі) бір бөлігі Каспий,Қара теңіздер арқылы кең байтақ Ұлы даланың қарашашты автохтондары арасына сіңісіп кеткен болар деген болжам әлдеқайда дұрысырақ сияқты.Әйтпегенде көрші отырған аккадтықтар сулы жерде отырған жұртты «Шумер» атандырғаны болмаса, тектері беймәлім тәңірге табынған халық қайдан шығып,із түзсіз қайда ғайып болған? Рашид-ад-Диннің шежіресі бойынша топан судан аман қалған Нұх пайғамбар кемесін Қазығұрт (Арарат?) тауының басында қалдырып, Хам атты ұлына қара нәсілді елді, Сам атты ұлына араб.парсы жұртын, ал кенжесі Яфетке шығыс жерлерін иелікке қарауларына берген.Ал Яфет өз кезегінде Бүрсүн, Какиян, Каракорүм (Талас пен Кәрі Сайрам қалаларының маңы) деген жерлерге тұрақтап, ұлдарын (Түрік, Хазар (Хазар даласын, теңізін еске алыңыз), Сақлаб (Сақ?), Рүс, Меңгі, Шын, Кимар (Кимер жері,Амударияжағалауы!), Тарих) шығыстың тау-даласына, адам аяғы жетер жерлерді басқаруға және ол жерлерді үлкен ұлының билігі етіп Түрік империясын құрған десе,Әбілғазы хан шежіресінде «Нұх пайғамбардан Яфет-Түрік-Елше хан-Дебақұй-Киік хан-Алаша хан- деп, және Нұх пайғамбардан Алаша ханға дейінгі тараған барлық ұрпақ мұсылман болған, Татар мен Моңғол Алаштың егіз туылған ұлдары»-деген жазбалар келтірілген.Ш.Уалиханов та аңыздарға сүйене отырып «қазақлық Алаш тұсында басталған»-деп тұжырымдаған.Шығыс тарихшылары арасында көрнекті ірі тұлға, академик Әлкей Марғұлан «…скиф-сақ мәдениеттінің тегі біздің заманымызға дейінгі ІІІ мыңжылдық тұсындағы энеолиттен басталған» деген ғылыми тұжырым жасаған (б.д.д. ІІІ-ші мыңжылдық қайда, Геродот айтқан біздің дәуірдің Ү ғасыры қайда?-жаңсақтықтың арасы жер мен көктей екендігі ешкімге дау тудырмаса керек).Тарих атасы деп танылған Геродоттың аяқ ізі сақ даласын еркін аралап зерттеп көрмей, көбіне елдің айтқандарын қағазға аңыз ретінде («скифия тауларында жалғыз көзді дәулер, ешкі аяқты пенделер мекендейді.Скифтердің айтуынша әуе ұлпа жүнге толып кететіндіктен, ештеңе көрінбей кетеді.Менің ойымша ол жақта мүйізсіз бұқа тұқымы өсірілетін болса керек»-дегендерін еске алар болсақ та жеткілікті) түсіріп келген болса, алаш ғалымдары сақ даласын инемен құдық қазғандай зерттеп, тұжырымдарын әлем ғалымдарының таразысына тарқан.Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, археолог, тарихшы ғалым Ж.О.Артықбаев зерттеу нәтижелерінің қорытындысымен: «…түріктер Яфетті Абылджа хан (Алаша хан)- деп атаған.Алаша хан көшпенділік тұрмыс кешіп мал өсірумен айналысқан халықтардың көсемі, дәуірі энеолит, неолитке жатады.… Ең қызықты жері қазақтың тұңғыш билеушілері болып Жәнібек пен Керей емес Алаш хан, Оғыз хандар саналған»-деп қазақтың тарихын тереңнен тартады.Аңыз түбі-ақиқат, бұл тарихи жайдың орын алуын басқа ғалымдар да теріске шығармайды.«Яфет теориясының» авторы ғұлама академик Н.Я.Маардың «Тілдер тарихының негізгі мәселелері» атты еңбегінде яфеттік бөліністен ең алғаш түркі және финн (орал-алтай тілдер тобы) тілдері бөлініп шықты дегенді алға тартса, И.М.Дъяконов, В.Д.Неронов, И.С.Свеницкаялар «Ежелгі дүние тарихы » атты үш томдық тарихи жинақтарында: Шығыстың құнарлы жерлеріне ең алғаш шумерліктер ие болып ежелгі Шумер, Египет,Үнді (Хараппа, Мохенджо-Даро),Қытай елдерінің өркениетін (б.д.д. ІҮ-ші мыңжылдық шамасында ) орнықтырды — деп жазған.Ол замандарда солтүстік Үнді, Хуанхэ өзенінің жағалауын, Месопотамия жеріне дейінгі аралық түрік қағанатының билігінде болғандығын тарих жоққа шығармайды.Әбурайхан Бируни ескі аңыздар мен жазба мұраларды талдай отырып «б.з.б.ІІ-І мыңжылдық қоныстану заманы кезеңінде Орта Азияның бұрынғы аз халқының үстіне қалың ел келіп орналасқан»-деген тарихи тұжырым келтіреді. Жапония тарихының іргетасын қалап архипелагты тұңғыш игерген өркениет иелері,қазақпен генетикалық бауырластығы ғылыми түрде дәлелденген, көшпенді Эдзо мемлекеті туралы Жапония тарихында: «20 мың жыл бұрын олар аралдарға (көшіп келгендер) қоныстанып, металдан, саздан заттар жасай бастаған.Содан соң 10 мың жылдан кейін Дэйомон дәуірі басталды»-деп келтіреді.Шумерлердің архаикалық іздерінің бірі осы болуы да ықтимал.

Шумерлерліктер қосөзен аймағында көршілес тірлік еткен аккадтық, урартулық, хуррит, арамей, көне еврейлерге мүлде ұқсамайтын тілде сөйлегені анықталған (Аңыз бойынша Вавилон мұнарасы құлаған соң сондағы бар халық түрлі тілдерде сөйлеуге көшкен дегенді еске түсірейік).Лингвистердің зерттеу нәтижесінің қорытындысында шумерлер прототүрік (ежелгі түрік) тілдес болған деген тұжырымға келген.Ал алты Алаш (Қазақ, қырғыз,өзбек, түркімен,қарақалпақ, башқұрт) халықтарының тілдері түркі тобына жататынын, бұған Сібір халықтарының түркі тілдестігін ескере отырып мына кестеге зер салайық.

Шумер тілі

Түрік тілі

Алты алаш тілі

Ада

Ата

Ата, Ада, Баба

Ама

Ама, Аба, АпаАна

Ана, Апа,

Бильга

Бильга

Білге, Білім, Дана,Әз

Еш

Ешик

Есік, Ешик

Ме

Мен

Мен

Зе

Сен, Син

Сен, Син

Уш

Уш, Уч

Үш, Уч

Уд

Ут

От, Ут

Дінгір

Тенгір

Тәңір, Тенгір

Кир

Кир

Кір, Кир

Еден

Еден

Еден

Йузу

Иузу

Жүзу, Иузу

Тир

Тири

Тірі

Шуба

Шупан, Чобан, Чабан

Шопан, Чабан

Алдыңғы Азияның ұмыт болған (өлі) тілдерінің жетекші маманы И.М.Дьяконов кестеде көрсетілгендей жүзден астам шумер-түрік сөздерін салғастырып ұқсастығын анықтаған.Өкінішке орай шумер-түрік сөздерінің байланысын зерттеуші лингвистер тазақанды түркі тілдес халықтар перзенттері емес, басқа жұрт өкілдерінен шығып отырған.Ал түркі тілін зерттеуге келер болсаққаншалықты ғалым, түркітанушы маман болғанымен,өзге ұлт өкілі лингвистикалық зерттеумен айналысқанда түрік тілі қанына дейін сіңген Алаш ұлындай меңгере алмасы, және бұған қоса қос параққа сыятындай тасқа қашалып жазылған Орхон жазуларынан күллі Түрік сөздігін анықтадық деген ғылыми тұжырымда үлкен әбестік жатқаны ақиқат.Қазіргі кириллицамен жазылған бір кітаптағы сөздерді теріп алып бүкіл қазақ сөздігін құрай алмасымыз және оның сыртында пайдалануда бар, бірақ жазушы қолданбайтын жүздеген сөздер болары анық.Міне осы екі мысалдан-ақ шумерлер мен түрік сөздіктерін жеткілікті арнасына келтіре зерттеудің ауылы әлі де алыс жатқандығын аңғаруға болады.Зерттеулер бойынша қосөзендік шумерлер мен алаш халықтарының тіл мәдениетімен қатар адамдарды жерлеу рәсімдері, салт дәстүрлерінде де ұқсастықтар көзге ұрып тұратындығы ерекше байқалады.Бақилық болғандардың мүрделерін өртеу,құстарға азық ету т.с.с жолдарды пайдаланбай, мұсылмандарша қастерлеп жер ананың бауырына беріп отырған.Шумер мәдениетінің көшірмесін Ұлы Дала халықтарының Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінен анық аңғаруға болады.Ол туралы Олжас Сүлейменов «АЗиЯ» атты кітабында мынадай дәйектер келтіреді:

« … метал тостағанға жазу жазып, моншақ шашып жерлеу Шумерден басталып Орта Азияда (Есік қорғаны, б.д.д.Ү ғасыр) және Алтайда жалғасын тапқан дәстүр.

… Археолог Вулли қосөзен аралығындағы шумерлердің жерлеу қорымынан жазылғанметал тостағанды табады.

… Евтюхов пен Киселев Алтай қорғандарынан жазулыметал ыдыстарын қазып тапқан.

… Акишев Алатау маңындағы қорғаннан жазуы бар метал табақша тапқан.

… Қайтыс болған адамдар бір қырына жатқызылып жерленген ». Ур қаласының және Дешті Қыпшақтың жерлеу рәсімдерінде моншақ шашу, ыдыс қою дәстүрлерінің айнымауы әлемдік мәдениет тарихындағы ғажайып ұқсас құбылыс.Қазақтың «Шашсамда моншақ артыңнан, келмессің маған қайтадан»-деген жоқтау сөзі сол замандардан қеле жатқан көне сөз екендігін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Осыдан алты мың жыл бұрын әлем діндерінің бастау көзі, тәңірге табынған шумерлердің құдай үйлерінің (ғибадатхана) маңдайшасында мұсылмандық символы алтыннан құйылған ай орағы орналастырылған. Тәңір діні туралы деректерге әлем ғалымдары әлі күнге дейін жете мән бермеуде. Тұңғыш Шумер, Орхон жазуларын шешуде ғалымдар оқу кілті «Тәңір» сөзін оқудан бастаған.Тәңір-һомо sapienstің ең алғаш табынған діні.Мұхиттың арғы бетіндегі майя, инк, ацтек халықтары да басқа дінді білмеген. «Көк Түрік»- дегендегі «Көк» сөзі «Көк бөріден» шыққандығында емес, түрік халықтарының Көк Тәңірге табынғандығында жатыр.Шыңғысхан Хорезмшахқа соғыс жариялау алдында бірнеше күн қатарынан көк аспанға қарап жалбарынуы, немесе Күйікханның (1205-1248) Ватикан мұрағатында сақталған Иннокентий ІҮ папаға жолдаған хатында «Көктегі мәңгілік тәңірге сыйынып,ұлы халықтың ұлы ханы-Далайхан, бұйырамыз…»дегені, немесе Мағжан Жұмабаевтың «Темірлан» жырындағы:

…Көк аспан тәңірінің тұқымы жоқ, заты жоқ,

Жер тәңірісі Темірдің тұқымы түрік, заты от

деп жырлауы осының бұлтартпас дәлелі.Абыздар мен шамандар тәңір дінінің діңгегі болса, диуаналар осы дінді уағыздаушылар (миссионер) ретінде танылғандар.Оның қызықты бір мысалына тоқталайық: ежелгі Римде Ғайса (Христос) пайғамбардың дүниеге келгенін анықтауға жиналған бір жиында нақты дерегін білмейтін абыздар тығырыққа тіреледі.Сонда араларында жеті елдің тілін білетін скиф даласынан келген диуана (римдіктер кішкене Дионисий деп атап кеткен) дала күнтізбесін пайдаланып шешімін көрсетіп отырғандарды риза еткен.Ал Қытай дерегі бойынша Сайрам жеріндегі Мөртөбеде (Вәйшу-қыт.) біздің дәуіріміздің басында тәңір, зороастризм діндерінің орталығы саналып діни рәсімдер өткізіліп келгендігі белгілі, оның жалғасы болып кейіннен Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда өткізілетін мұсылман, будда, манихей, христиан діндерінің тоғысуы тәңір дінінің доминанттығын аңғартады.Мынадай бір маңызды ақиқатқа да көңіл аудара кеткен артық болмас.Шумерлерде абыздық пен халықты басқару бір қолда болып, олар елбасыларын «қасиет қонған тәңір ұлы» -деп санаған.Гендік қасиет қону, тұқым қуалау құбылысын біздің бабаларымыз ежелгі дүниелерден бері білген.Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Елордамызда әлемдік және дәстүрлі діндер ынтымақтастық орталығының ашылуы, Бейбітшілік пен келісім сарайында әлемдік ірі конфессия басшылары, танымал саясаткерлер, халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен үш жылда бір рет әлемдік діндер жетекшілерінің құрылтайлары өтіп отырғандығы,үстіміздегі жылы еліміздің Мұсылман Ұйымдарының Конференциясына жетекшілік етуі жөніндегі үйғарым, елімізде саяси тұрақтылықтың сақталуы тәңірлік тарихтың сабақтасуы, яғни табиғи заңдылық құбылысының жалғасы.

Әлемдік діндер тарихнамасы мен Рашид-ад-Дин,Әбілғазы баһадүр хан шежірелерін бағамдасақ шумерлер ешқандай көрші тайпалар қыспағынан емес, ықылым замандарда әке (Нұқ) өсиетін орындау ниетімен қосөзеннен 20-70º шығыс географиялық ендік бойынша Ұлы Далаға бет алып, одан жапон аралдарын, Беринг бұғазы арқылы Америка құрылығына дейін өткен халық болуы ықтимал.Үнді халқының бағына туған саяси кемеңгері Дж.Нерудің «Дүниежүзілік тарихқа көзқарас» атты еңбегінде: «Түйелері мен доңғалақты арбаларына жүк артып соғыс емес, бейбіт миссиямен өркениеттерін елге орнықтыру үшін қосөзеннен Үнді тауын асып келген сол көне заманның өркениет иелеріне қарыздар сияқтымыз »-деген сөзінің өзі көп дүниенің бетін ашып көрсетеді.Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үнді жеріне жеткен арбалы халық өздерін арийлер (таза қанды) -деп атаған. «Арийлер заманы» – деп жүргеніміз осыдан шығады. Арий сөзі — Саr-rиr (шумер) сөзінен шықпағандығына кім кепілдік береді, екі сөздің байланысын зерттеген лингвист ғалымды ести алмай келеміз.Менің ойымша Арий- Саr-rиr-Тәңір сөздерінің түп тамыры да, мағынасы да біртекті.Тарих атасы Геродоттың сақ, массагет, дай,қаңлы, аргипей, аримасп, исседон, т.с.с.- деп б.д.д. Ү ғасырда атап жазып кеткен тайпалары вавилондықтар «шумер»- деп айдар таққан Яфет ұрпақтары екендігі соқырға таяқ ұстатқандай айқындалып тұр.Андрондықтар үнді-иран тектес, түркі тілдес халық болған — деген пікірдің де сыры осында жатыр. Марқұм Ақселеу Сейдімбеков ағамыз «…сақтар Қара теңіз жағасына әлдеқашан ерте орналасқан халық.Тарихшылар Геродот заманынан суырыла сөйлейді.Егер Геродот сегіз ғасыр кейін өмір сүрсе, онда тарихшылардың скифтерді Қара теңіз жағалауына І ғ. келді деуі де кәдік.»-деген сыны ғалымдардың дала тарихын зерттеулерінде шалағайлықтардың басым екендігін аңғартады.Тарихта сақтардың архаикалық кезеңдегі «Аң стилі», «иран-сақ мәдениеті»- деп айтылып жүргендердің барлығы осы шумерлер өркениетімен тығыз байланысы бар дүниелер екендігі айқын.Ур қаласынан алынған шумер қазбалары ішінде алтыннан құйылып жасалған қанатты малдар мен аңдар бейнелері көптеп шыққан, сондай-ақ қобызға ұқсас музыкалық аспап, киіз үй іспетті жиналмалы шатырлар табылған. Шумерлер дөңгелекті тұрмысқа пайдаланған халық екенін ескерсек тұрмыстық тіршілік көзі- көшпенді мал бағу технологиясын өмірге енгізген дала өркениетінің айшықты ізінің бірі осы емес пе.Қосөзен жерінде Шубари атты көшпелі малшаруашылығымен айналысқа тайпаның ізі б.д.д. 1-ші мыңжылдыққа дейін сакталған.Ал «сақ-арий заманы»-деген тарихи термин «сақ» ұғымын шумерлерге апаратын төте жол екендігін ашық көрсетіп тұрған жоқ па. Алтай өңірінде арийлердің іздері әлі күнге айшықталуда.Тарихи деректерге сілтеме жасайтын болсақ, күнгірт замандардың бетқаймағы алынып ақиқаттың сара жолдары тақырыптың шынайылығына бір табан жақындата түседі. «Среди индоиранцев (и только среди них) был широко распространен термин – арья — благородный» («История древнего мира.Раняя древность», М. 1983, 330-бет). «С мидийско-ахеменидской эпохи ираноязычное население уже преобладало в Иране.Само его название происходит от слова – арий – как называли себя ираноязычные племена (мидяне, персы и др. В Иране, скифы и сарматы, древние народности Средней Азии и т.д.)» («История Востока.І.Восток в древности». М…, 1997, 275 бет.) Иран (негізгі атауы- ирани) елінің аты да осы ежелгі – Арий – сөзінен шыққан. Арийанам-яғни «арийлер елі».Страбон еңбектерінде Ария сөзі қолданылған.Алаштың «Арыс» сөзі осы «Арий» сөзінің баламасы екендігіне зерттеуші лингвист ғалымдар көз жеткізген.Ал шежіреге тоқталатын болсақ қазақтың Үш Жүзі — Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс бабалардан тарайтыныдығын көне заманнан айтылып келеді. Капрал Адольф Шикльгрубер «шығыс варварлары»-деп жүргенде далалықтар дойчлерден әлдеқайда жоғары сатыда тұрған арийлер ұрпағы екендігін білмеген ғой.

Осының барлығын зерделей отырып тарихқа «шумер» деген атпен еніп, ежелгі дәуірде қосөзенді мекендеген халық тәңір дініне табынған Нұх пайғамбардың ұрпақтары екендігіне және түрік тектес халықтардың этногенезі осында жатқандығына көз жеткізу қиын емес.Алтын Орданың сұңғыла ойлы ханы Бердібек билік еткен өз заманында ислам діні қабылданғанымен, Сырдария өзенінен бері шығысқа қарай Мұхамед пайғамбардың, не сахабалардың ат тұяғы тимеген.Сарыарқаны жайлаған автохтондар мұсылман дінін өз беттерімен, еш зорлықсыз ерікті түрде қабылдағаны белгілі.Оның сырына үңілер болсаңыз шумер-түрік, тәңір-ислам діндерінің байланысын анық аңғаруыңызға болады. Тәңір дініне табынған халық мұсылман дінін өз нанымдарының сыңары ретінде қабылдаған және олардың наным сеніміне еш кедергі келтірілмейтініне,қайта жағымды толықтырулар бар екендігіне көздері жетіп қуаттаған.Бұдда дініндегі қытай,үнді, жапон, моңғоп, маньчжур халықтары туралы мұндай кереметті айту қисынға келмейді.Тақырыпқа эпиграф етіп алынған ақиық ақын О.Сүлейменовтың сөзіне байсалды түрде зер салатын болсаңыз «Шумер сенің шыққан тегің, отаның» дегенді айғайлап айтып тұрғанын ұғасыз.Біздің сылбырлығымызды басқалар оңай пайдалануға тырысады.Мысалы мақтаулы Н.Я.Маар орыстың «сумерки» сөзін «шумер» сөзімен байланыстыруға тырысса, фин ғалымы Томсен оқу кілтін тапқанға дейінКүлтегін жазуын көрген А.Н.Семенов: «бұл ескі славян жазуы»-деп келте қайырып «көрпені өздеріне қарай тартуға» әрекеттенген.

Месопотамияда негізі қаланған өркениет, салынған обсерваториялар, жазылған «Бильгамеш», «Алтын ғасыр туралы» дастандар жалғасы Ұлы далада жаңғырды.Абыздардың тәлім нәрінен сусындап,әлем өркениетін орнықтыруға өмірлерін арнап Ұлы Даланы ғылым бесігіне айналдырған ғалымдар Мұхаммед Фараби (870-950), Әбуали Ибн Сина (980-1037),Әбурайхан Бируни (973-1048), Омар Хайям,Ұлықбек еңбектерін, оған қоса галактикалық кеңістік (тәңірлік) материядан қуат алып, бойларына қасиет қонған аузы дуалы, сөз рухының құдіреттері Абай, Шәкәрім, Мұхтар, олардың сара жолымен жүрген Олжас, Шыңғыс, Ақселеулерді қоссаңыз, негізгі тақырыпқа да, көптеген тарихи сұрақтардың да дұрыс жауаптары қылаң берері сөзсіз.

Тақырыпқа алынған Шумер-Түрік-Алаш-Қазақ сөздерінің арасындағы таңба сызықша емес, ол ежелгі өркениет пен бүгінгі ұлтымыздың арасына ғайыптан тартылған көзге көрінбес алтын көпір.Мұхиттағы таңғажайып Бермунд ұшбұрышы тәріздес құрлықта әлемдік діндер ұшбұрышында орын тепкен киелі жеріміздің ғажайыптығының бір сыры, шынайы тарихы өте тұңғиық тереңде тәңір дінімен, шумерліктермен байланыстылығында жатыр. Заманында шумерлердің ғажайып мұрасына ие болып Ұлы далаға қожалық еткен Түрік қағанатының өркениетті айшықты іздері түнек ғасырға айналғанымен, артында белгі болып Алты Алаш елдері қалды.Тәңір де сүйіктісін әр кез қолдар-дегендей ұраны «Алаш», мұрасы алаш жері, яғни алаштың түп қазығы-қазақта.Абай, Шәкәрімдердің философиялық әлемін, діни ғылым әлемін, түрік тілінің шығу тегін шумер (сar-rиr) әлемімен байланыстыра зерттеген ғылым көздері болса сөз жоқ, көк пен жердің синхронды ғайыптық үндестік байланыстарының кереметтеріне қол жетері анық… Ол үшін Ұлы Абай қарасөздерінің жұмбақ сырын ашып, талдай білетін сұңғыла дана абыз тарихтан өз орнын алуы қажет.

,

Тілекқали Сәлімбаев — тарихшы — Семей қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096906

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар