«Hello. Greeting. Letter Aa»

6 қаңтар 2016 - Айгерім Қойшыбек
«Hello. Greeting. Letter Aa»

 

 Технологиялық карта.

 Білім беру саласы:   Қатынас        

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет:Ағылшын тілі    

Тақырыбы:  «Hello. Greeting. Letter Aa»

Мақсаты:

  • Қарым-қатынас дағдылары мен білімін қалыптастыру.

  • Жаңа: «Hello. I`m, mum, dad, Foxy» лексикалық бірліктерін беру, жаңа Аа әрпін және осы әріптен басталатын жаңа alligator сөзін үйрену. Тыңдау, сөйлеу, сәлемдесу және өзін-өзі таныстыру дағдыларын дамыту.

  • Шет тіліне қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:карточкалар, қайшы, желім, түрлі түсті қарындаштар, CD диск.

 

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балалармен амандасады:

Hello, children.

Қараңдаршы, бүгінгі күн қандай тамаша. Бұл ерекше күн. Біз ағылшын тілі еліне саяхатқа аттанамыз. Бірімізге-біріміз күлімсірей қарап, сәтті сапар тілейік.

Sit down,please. (педагог қолымен ишарат білдіріп, балаларды өз орындарына отыруға шақырады).

Балалар бір-біріне сапарлары сәтті болуын тілейді.   

Ұйымдастырушылық – ізденістік

1.                Әңгіме жүргізу.    

-         Ағылшын тілі қазіргі заманның адамына өте қажет. Ағылшын тілін не үшін білу керек деп ойлайсыңдар?

-         Foxy есімді түлкішек, оның жанұясы, Батыр, Дана, Дима, Ира деген балалар бізге ағылшын тілін үйренуге көмекте-седі.

1-тапсырма.  Track 1

Түлкі – ана: Hello. Iam Mum.

Түлкі-әке:Hello. I am Dad.

Түлкішек:Hello. I am Foxy.

2-тапсырма.  Track 2

Педагог балаларға тың-дауды ұсынады.

Hello. I am Batyr.

Hello. I am Dana.

Hello. I am Dima.

Hello. I am Ira.

 

Hello I am …. сөзін айтып, жаттығуды ұсынады.

3-тапсырма.

Балаларға әнін тыңдауды ұсынады.

Track 3:

I say hello,hello,hello.

I say hello, hello, hello.

 

3.Сергіту сәті.

Foxy шапалақтайды!

Clap! Clap! Clap!

Foxy

Stamp! Stamp! Stamp!

Foxy

Hop! Hop! Hop!

Foxy

Step! Step! Step!

4-5 тапсырмалар

Педагог балаларды Аа әріпімен таныстырады, әріпті дауыстап айтып, балалардан тақпақты қайталауын сұрайды. Осы әріптен басталатын alligator сөзін дауыстап айтады. Әріпті бояуды тапсырады.

 

Балалар ағылшын тілі қарым-қатынас, саяхат жасау, болашақта жұмыс істеу және шет елде оқу үшін керек екенін айтады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар алдағы уақытта ағылшын тілін үйрену-ге көмек көрсететін түлкішекпен оның жанұясымен және балалармен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар педагогтің көрсеткен қимылдарын қайталайды.

 

 

 

 

 

 

Аа әрпімен танысады.  

 

 

Рефлексиялық – түзетушілік

Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Түлкішекті, оның анасы мен әкесін атайды.

Балалар педагог атаған кейіпкерлерді саусаққа кигізген кейіпкерлерді кезек-кезек көрсетеді.     

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115475

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар