Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары

9 маусым 2016 - Сауле Жахина

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті — жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту” деп атап көрсетеді. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты. Қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту.Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдармен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды — тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды, өйткені шығармашылық іс- әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді [1].

Шығармашылық деген не? Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығаруын ойлап табуын дегенге келіп тоқталады. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіріледі. Атақты психолог Л.С.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті  атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оның дамуын ұғымымен қатар қояды. Өткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептеді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сай келуімен көңілге қонымды.

«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» дей келе, шығармашылықтың нәтижесінде бала үшін жаңалық болса жеткілікті екендігін айтады. Яғни, баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәрбиесімен салыстырылады [2].

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады, соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалық пен қатар бастамалық, белсенділіктің ұғымдары астарлас қолданып жүр. 

Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс.

Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді:

-дайындық;

-ізденіс,;

-орындау.

Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруда ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады.  Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде [3].

          Қазіргі талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады.

Шығармашылықпен істелетін жұмыстың мазмұны:
— өлең жаттау, аудару, әңгіме жазу, сурет салу, екеуара сөйлеуге мүмкіндік беру, мазмұндама жазу, қосымша оқулықтармен жұмыс, ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білу;
— пәндік олимпиадаларға, Кенгуру – лингвист, Бритиш Булдог, Қазақстан интернет  сайыстарына қатыстыру;

— кәсіптік бағдар беру.
         Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.

1.     Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2.     Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайда болу;

3.     Шығармашылық іс-әрекет туғызу.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсрымаларды шешу (ребус, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б.).
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру, т.б.).
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.



Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлерін атап -өтсек:
1.Әр түрлі мерекелік кештер өткізу.

2.Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.

3.Сахналық қойылымдар(Ертегілер әлемінде, Мектеп таланттары).
4.Жоба қорғау, презентация жасау, реферат жазу.
5.Бейне фильмдер көрсетіп алған әсерлері бойынша пікіралмасу[4].
         Бұндай жұмыспен өздігінен ғылыми-бұқаралақ әдебиеттер оқуға және әдістемелік журналдармен жұмыстар жасауға жаттығады, зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.

         Ағылшын тілі пәнінде де шығармашылыққа, интеллектіні дамытуға берілетін тапсырмаларды қолдану қажет. Шығармашлыққа бағытталған тапсырмалар сабақты балалар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналдырады. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте-бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса бастайды. Әсіресе дамытушылық мақсаты «жасырын» тұрған бір қарағанда қызықты көрінетін дидактикалық ойындар жоғары эмоциялық жағдайда өтеді.

         “Дарындылық — бұл табиғатпен берілген ерекше қабілет”
Дарынды оқушыларды іздеу, оларды оқыту және тәрбиелеу қоғам үшін қажет. Осы тұрғыдан мен де өзім сабақ беретін сыныптардан шығармашылықпен жұмыс істете отырып, қабілетті оқушыларды топтастыруды ұйғардым.
          Осындай оқушылардың бірі эксперимент 2 сыныбының оқушысы Оразалина Аружан. Ол өз бетімен ізденгіш, өте қабілетті, еңбекқор оқушы. Төменде Аружанның  тырнақалды жұмыстарының бірі:

Rain on the house, Жаушы жаңбыр үйіме де,
Rain on the tree, Жаушы жаңбыр терекке,
Rain on the little bird Жаушы жаңбыр кіттәй құсқа
But don’t rain on me. Бірақ маған жаумашы.

     Бұл өлең оқылған кезде, сыныптастарының таңдана қараған көздерінен қызығушылық байқауға болды. Сондай –ақ «5жолды өлең» (синквейн)әдісін қолдуға болады. Бұл кезеңде мұғалім оқушыға қатты ықпал жасамайды, сондықтан да оқушы оқу кезінде толық тәуелсіздікті сезініп, өзін осындай жұмысқа толығымен арнайды. Мұндай жұмыс түрі олардың шетел тілі пәніне қызығушылықтарын одан әрі тереңдетіп, ұстаздармен қарым – қатынас жасауын, ізденушіліктерін арттырады. Шығармашылықпен жұмыс істей білген оқушының көрсеткіші де жоғары деңгейде болады.
           Деңгейлеп оқыту технологиясын негізге ала отырып мәтінмен жұмыс жүргізу барысында мынадай тәсілдерді пайдаланып шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

1. Мәтінді өзгертіп баяндау.


Бұл тапсырма оқушы деңгейіне қарай өте жақсы оқитын оқушыларға беріледі.

2. Мәтіннен іріктеліп алынған сөздердің антонимдерін анықтау.
Жұмыстың бұл түрі шәкірттердің сөздік қорының молаюына, тіл байлығының өсуіне тікелей ықпал етеді.

3.Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.Мысалы, төмендегідей мәтін беріледі.Hello! My name is Ahmed. I come from Egypt. I speak Arabic. I live in big city.Екі оқушы шығып мынадай диалог құрастырады:
Dauren: Hi! What’s your name?
Ahmed: Hello! My name is Ahmed.
Dauren: Where do you come from?
Ahmed: I come from Egypt.
Dauren: What language do you speak?
Ahmed: I speak Arabic.
Dauren: Where do you live?
Ahmed: I live in a big city.
        Осы тәсілмен кез – келген мәтінді диалогқа айналдыруға болады. Шәкірт өз ойын хабарлы сөйлем түрінде баяндай білумен бірге сұраулы сөйлем жасаудың амал — тәсілдерін игеруге, хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыруға жаттығады.

       Келесі тапсырма түрі “Мәтін құра” Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша сөйлемдердің орны ауыстырылып беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелеп беруін талап етемін.Мысалы:
I live in a small town.I come from China. Hello! I speak Chinese. My name is Li.
Үшінші сыныптың оқушылары сөйлемдерді тез-тез орындарына қойып, мәтінді айтып беруге дағдыланған.

Hello! My name is Li. I come from China. I speak Chinese. I live in a small town. Осы мәтінге қарап оқушылар әркім өзі туралы жазып айтып береді. Мысалы: Hello! My name is Zhandaulet. I come from Kazakhstan. I speak Kazakh. I live in a small town Shalkar of Aktobe region. I am a pupil of the 3-rd form. Etc.
       Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін, бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пайдалы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде “жақсы-жаман” “Good — bad” ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қайталамауы керек.

E.g. T: Crocodiles. P: They are bad. They have sharp teeth. We don’t like them. They are dangerous.
T: Camels. P: They are good. They are domestic animals. They give us milk. We make shubat out of their milk. Etc. Осылай әр оқушы бір –бір сөйлемнен айтып шығады.

      Келесі бір тапсырма түрі “Тақырыбын тап”. Тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді шағын әңгіме құрайды және әңгіменің тақырыбын белгілейді. Мысалы: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like? How many pupils are there in your class?
    Оқушының шығармашылығын дамытуда дамыта оқыту технологиясын да қолданамын.
       Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым — қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын істeрдің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады [4].

    Шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор үлес атқарады. Себебі, оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсені еркін айтып, ойын жаза да, айта да біледі. Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже:

Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
Жеке тұлға өз жұмісінің нәтижесін көре алады;
Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;
Ой-өрісі дамиды;
Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады;
Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.

•    Өз ісіне деген сенім пайда болады.
•    Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
•    Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
• Шығармашылық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады [5].

      Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттыру қажет. Эксперимент-зерттеудің алғашқы кезеңінде жоғары деңгейде болса, зерттеуден кейін бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер, оқушылардың логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы осындай жұмыстардың нәтижесінде көтеріліп отырды.

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

1.     Ахмедиева А.Т «Шет тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу» Ағылшын тілі мектепте 1.2011.

2.     Л.С.Выготский. Педагогическая психология М.,1967.

3.     Ж.Айтаутов. Психология.А., «Ғылым» баспасы,2004.

4.     Шет тілдерін оқыту әдістемесі № 6, 2006

5.     Ахметқалиева Г. «Шығармашылық жұмыстар» Қазақстан мектебі 7.2011.

Осыған ұқсас жазбалар:

Шет тілдеріThe educational system in GB

ҰстаздарғаАғылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу

Шет тілдері«Milk — is the most useful for our Health » Ғылыми жоба

Шет тілдеріАғылшын тілі 6 сынып үйден оқыту күнтізбелік жоспары

Шет тілдеріWhat is your mother like? (ҚМЖ)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062418

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар