«ХАНА» (Екі қазаққа тілмаш болу)

23 қаңтар 2015 - Askar Naymantaev
«ХАНА» (Екі қазаққа тілмаш болу)

Мәңгүрттің артынан жалына еріп келе жатқан шал. Мәңгүрт жүре сөйлесіп келеді.

Шал. Айналып кетейін, бір минут қана…

Мәңгүрт. Ни минуты ақсақал! Не могу!

Шал. Немәгуіңнен айналдым! Есігіңнен кіре алмаймыз. Баяғының бастықтарының алдында бір хатшы қыз бар жұмысты тындырып отырушы еді.Қазір үш-төрт еркекті қоса байлап қояды екенсіңдер…

Мәңгүрт. Не понял? Что, что?

Шал. Не «ұшты-ұшты»? Ә, «Ұшайын деп тұрмын» дейсің бе?

Мәңгүрт. Мен казакша билмид. Тусынбейд казакша!

Шал. Алда әкеңнің басынан айналайын ай! Өзің қазақсың ба?

Мәңгүрт. Да, да, я казах. Но тусынбид казакша! Говорите на русском и побыстрее!

Шал. Енді қайттім?.. Бар білетін жарты парақ орысшам саған айтарымды түгел түсіндіруге жетпейді ғой… Не істедім енді… Әй, мәңгүрттік ай! Мен орысша не панимай!

Мәңгүрт. Ну, это ваши проблемы! Алло, да? Привет. Щась буду… да стою тут с одним мамбетом…

Шал. (жана жағына қарап) Әй, әй, балам, бері келші. Айналайын, аман ба?

Жігіт. Ассалау… ата? Не болды?

Шал. Орысша білесің бе?

Жігіт. Енді… ептеп…

Шал. Мына бала екеумізге аудармашы болшы.

Жігіт. Бұған аудармашы неге қажет, қазаққа ұқсайды ғой?

Шал. Ұқсағанмен,… жатырынан жаңылып туған бәле екен!

Мәңгүрт. Ну, аксакал, что хотели, быстрее!

Жігіт. Здрәсти, прибет, дәсбиданиа! Мен ета… дубляж… не әлгі… приботчик ему!

Мәңгүрт. Слава богу! Ну, тогда что он хочет? Пусть докладывает и побыстрее, мне некогда!

Жігіт. Кәрошө, қазір. Ал, ақсақал, келген шаруаңызды жылдам баяндаңыз деп тұр ғой.

Шал. Уфф!.. Алдымен былай деші… «Жалтырап жүріп көтенің, орысша сөйлеп не теңің!» — деші!

Жігіт. ...іҺі… он гәбәрит… ета не я, он гәбәрит… «Зашем тебе руский язык, когда у тебя голый тазик» гәбәрит…

Мәңгүрт. Аксакал, давай не будем! Говорите по существу и все!

Жігіт. Бұл айтады… «Ақсақал, дабай бас жаққа барыспайық!» – дейді…

Шал. Еее, бәленің бәрі сол «баста» болып тұр ғой! Абылайдың тұсында ата-бабамыз бір ауыз орысша сөйлемей-ақ Орыс пен Қытайдың тілін тапқан! Айтшы мынаған: «Ана тілін білмегенде шыққан биігің қайсы?!» — деші!

Жігіт. Он гәбәрит:

«Во времә Абылайя қазақ ни китйша, ни орысша слово не сказал,

но тихо-мирно скакал.

А ты, свой родной язык не знаеш,

покәжи мне на какой высоте гуляешь?» Он, скәзәл! Уот!

Мәңгүрт. Ну, аксакал, ты тоже сравнил! Абылай! Это когда было? Сейчась время другое. Без знания языка ты — никто!

Жігіт. Бұл айтады:

«Айта берме келмеске кеткен заманды,

Көрмеймісің гүлденген мына ғаламды!

Тіл білгеннің несі айып,

Тіл білмеген нанын қалай табады?!» – дейд!

Шал. Ту, тура солай деді ме? Мынауың шешен ғой, а?!

Жігіт. Айтпаңыз, ағып тұр!

Шал. Онда сен айт: «Маған десең маймылдың да тілін біл! Ана тіліңді неге ұмытасың?!» – деші!

Жігіт. Он скәзәл:

«Хоть гәбәри ты на языке обезъян,

но родной язык знать ты обязан!»

Уот!

Мәңгүрт. Чем вам руский язык не нравится? Сколько лет без них жить не могли, теперь, что, руских не уважаете?

Жігіт. Оһо! Бұл мырзаң айтады: «Ықылым заманнан бері орыспен орта қазаннан ас ішіп келіп едіңдер, енді неге ожырая қарай қалдыңдар?» — дейді…

Шал. Анаң қара! Тілін қарашы, тілін! Ендеше сен айт: «Рас, құдайға шүкір, қазақтың құшағы өзінің жеріндей кең де.Бір шаңырақ астында, бір дастархан басында орыстан да өзге ағайынмен тату-тәтті өмір сүріп келеміз де. Сыйлаймыз. Сыйлай-сыйлай келе олардың тілін де, дінін де үйрендік! Сонда да сол біз сыйлаған халықтың; кәрісінен – капитан, түрігінен – төре, ұйғырынан – ұлық, немісінен – нашәндік, казагынан – атаман, әзірбайжанынан – әкім, орысынан – өкімет шығып жатса да өз тілін ұмытып, қазақшаға судай аққанын көре алмай жүрміз ғой!» — деп жіберші, не дер екен?

Жігіт. Оны былай жеткізейін:

Не төлкі руские, другие нации живет у нас,

Мирно живем, между нами спора нет.

Дружба наша прекрасна как орнамент!

Но никто из них родной язык не забыл как ты,

Пусть даже будет руский әкім и интернацинальный парламент!

Уот, так!

Мәңгүрт. Ну, я тут причем? Отцы так воспитали, отца дед так воспитал. Время такое было…

Жігіт. Е, байғұс бала, сөзінің жаны бар…

Шал. Е, не дейді?

Жігіт. «Атамның айтқан нақылы, әкемнің айтқан ақылы солай болды. Заман солай болды, менде не жазық бар» — деп тұр, рас қой енді…

Шал. «Заман» дей ме? Мүмкін адамы солай болған шығар? Өзіміз тіл білмесек те пәшісті Берлинге дейін қудық қой!

Жігіт. Он оказывается по руский не знал, но фашиста до Берлина гнал!

Мәңгүрт. Ну… что он от меня хочет?

Тілмаш. Бұл балаға не шаруамен келіп едіңіз, сұрап тұр ғой.

Шал. Не шаруамен… ұмытып қалдым! Шай ішетін жер бар ма, маңайда?

Жігіт. Шай? Шықсаң болды көше толы Шайхана ғой!

Шал. «Хана?»… ШайХана. дәріХана, жындыХана, әжетХана… хана, хана… Осы «хананы» қоспасаңдар қазақша болмай ма?!

(Шал тұнжырап шығып кетеді)

Мәңгүрт. Странный он какой то? Наверно это…

Жігіт. Әй, мәңгүрт, кетші өзіңнің бастықХанаңа!

Мәңгүрт. Спасибо, сау болиниз. (Кетеді)

Жігіт. Екі қазаққа тілмаш болған – барып тұраған Хана!

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыТәуелсіз елім - Қазақстаным

СценарийСоңғы қоңырау кешіне арналған сценарий

Сценарий​«Қарттарым – асыл қазынам» қарттар күніне кездесу кешінің сценарийі

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Сценарий«Үздік қаржыгер» интелектуалдық ойынының жоспары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103543

Пікірлер (1)
Таланттар мектебі # 24 қаңтар 2015 в 10:05 +1
Браво! dance dance dance

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар