"Үш" санына қатысты ырымдар

Үш жұрт

1.  Өз жұрты;  2. Қайын жұрты;  3. Нағашы жұрты.

Үш қуаныш

1.  Алғыс алу; 2. Өзіңді көптің іздеуі; 3. Ісіңнің өшпеуі.

 

Үш биік

1.  Билік; 2. Даулет; 3. Даналық.

 

Үш қасиет

1.  Өліде – әруақ; 2. Малда – кие; 3. Аста – кесірлік.

 

Үш ғайып

1.  Ажал – ғайып; 2. Қонақ – ғайып; 3. Несібе – ғайып.

Үш арсыз

1.  Ұйқы – арсыз; 2. Күлкі – арсыз; 3. Тамақ – арсыз.

 

Үш жамандық

1.  Ескі жұртты бұзу; 2. Қан төгу; 3. Кісі малын ұрлау.

Үш қазына

1.  Ер қазынасы – жүрген із; 2. Ел қазынасы – көне көз; 3. Тіл қазынасы – ескі сөз.

Үш із

1.  Бала – артта қалған із; 2. Бақыт – ұзатылған қыз; 3. Байлық – қолға ұстаған мұз.

 

Үш көз

1.  Су анасы – бұлақ; 2. Жол анасы – тұяқ; 3. Сөз анасы – құлақ.

 

Үш тәтті

1.  Жан – тәтті; 2. Бала – тәтті. 3. Жар – тәтті.

Үш артық

1.  Адалдық;  2. Өнерпаздық; 3. Еңбекті қадірлеу.

 

Үш кемдік

 

1.  Зұлымдық; 2. Еріншектік; 3. Надандық.

Үш қадірлі

1.  Ырыс;  2. Бақ;  3. Даулет.

 

Үш қадірсіз

 

1.  Жастық шақтың; 2. Денсаулықтың;  3. Жақсы жардың қадірін білмеу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083500

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар