Асқар Наймантаевтан анекдоттар

18 қаңтар 2015 - Таланттар мектебі
Асқар Наймантаевтан анекдоттар

ПАРАҚОР ӘНИГДОТ.


Үкімет үндеп тұр:
— «Парақолықпен күрес» бағдарламасының аясында сенім телефонын орнаттық. Енді соған пара алғандарды хабарлап тұруларыңызға болады. Біз оның түбіне балта шабамыз!
Ертесі күні үкіметтің «сене қоятын» тілипоны шыр етті:
— Алло, менің әкем алған парасына су жаңа «Феррари» сатып алды!
— Айжан, бұл сен бе?
— Әке???!!!

ДӘӘӘ…


Үкең шіреніп, есінеп тұр. Үкең "үп" десе ұшып өлейін деп Жыкең жымиып тұр.
— Дәәә, Алатау Альпіге жетпейді — дейді Үкең.
— Сіз баспаған тау жоқ қой! — деп, жылмаң етті Жыкең. Түрі сүйкім.
Үкең кекіріп, кердиіп тұр. Жыкең жырбиып тұр.
— Уооот, Бурабай Швецария емес, — дейді Үкең.

— Сіз түспеген көл жоқ қой! — дейді жылпосы. Өңі жылтыр.
Үкең лифтке кіреді, артынан итигені ере кіреді. Кенет лифтің жарығы сөніп, тұрып қалады.
— Дәә, негрдің арты сияқты, қап-қараңғы, — дейді Үкеңнің дауысы.
— Сіз көрмеген жер жоқ қой! — дейді Жыкеңнің дауысы. Түрі жоқ.
Үкең қайда қарап тұр екен?..

ҚАРЖЫГЕР ӘНИГДОТ.


Қыл арқанның үстінде біреу кетіп барады.
— Ойбай, мынау кім? Циркач па? Өлмесе игі еді...
— Жоқ, біздің бұғалтыр ғой! Балансты жібермейді ғой, сабазың! Өлмейді!

Осыған ұқсас жазбалар:

Қосымша пәндер"Өлімнің рөлі" немесе жаңа кино. (сатиралық монолог)

СценарийАРЫСТАННЫҢ ЕСЕП БЕРУІ

Қосымша пәндерАКТЕРЛЫҚҚА ТҮСУ ҮШІН НЕ,ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК?

ҰстаздарғаБүгін Заманбек Нұрқаділов ағаның туған күні!

Қосымша пәндер"Конферансье" мамандығына оқыту" бағдарламасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066252

Пікірлер (3)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru