Үй ішіндегі суық және жылы түстер. Дизайн

29 мамыр 2015 - Қалижан Біраяқов

Іс әрекеттегі зерттеу

Күні:

Сыныбы: 2 Сабақ: №

Пәні: Бейнелеу өнері Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Үй ішіндегі суық және жылы түстер. Дизайн

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, олардың қарапайым құралдармен тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу.

Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.

Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту.

Күтілетін нәтиже

дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыру, олардың қарапайым құралдармен тиімді әдістерді қолданып жұмыс істеу тәсілдерін оқушыларға үйрету

Негізгі идеялар

Үйлер мен пәтерлердің ішін жабдықтап, безендіру де үлкен талғам мен шеберлікті қажет етеді. Егер өз бөлмең жарық әрі ыңғайлы болсын десең, оны безендіруде жылы түстерді қолдан. Күн сәулесі аз түсетін бөлмені ашық түсті кілем төсеп, терезеге сары перделер ілу арқылы жарықтандыруға болады

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 3 рөлді: лидер, суретші және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көшбасшы

Суретші

Бақылаушы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу

2

Міндетін атқару

3

Топтық жұмысқа атсалыуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Пилот — Штурман»

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Жұптар берілген суретті түсіндіреді

Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Оқушыларды таратып берген үлестірмелік материалдары арқылы топтарға бөлемін, үйге берілген тапсырманы тексеріп бағалаймын

І. Білу

Жалпы топтарға сұрақ:

Түсті жіптермен кестеленген кілем қалай аталады?

Киіз үй қандай негізгі бөліктерден тұратынын есіңе түсір?

<img width="«281»" height="«98»" src="«file:///C:/Users/777/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/05/clip_image002.jpg»" align="«left»" hspace="«12»" alt="«Описание:" описание:="" 1»="" v:shapes="«Рисунок_x0020_217»">Қандай төсеніш түрлерін білесіңдер?

Мына өрнектерге назар аудар, оларда қандай ою түрлері пайдаланған?

Тағы не көруге болады, сен қалай ойлайсың?

Әдемі оюлап жасалған үй жихаздарын көрген шығарсыңдар, оны кім не үшін осылай істеген?

<img width="«148»" height="«151»" src="«file:///C:/Users/777/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/05/clip_image004.jpg»" align="«left»" hspace="«12»" alt="«Описание:" описание:="" 10»="" v:shapes="«Рисунок_x0020_222»"><img width="«148»" height="«151»" src="«file:///C:/Users/777/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/05/clip_image006.jpg»" align="«left»" hspace="«12»" alt="«Описание:" описание:="" 10»="" v:shapes="«Рисунок_x0020_223»">Сен кескіндемеші, график-суретші, мүсіншілердің шығармашылығымен таныстың. Бұлардан басқа суретші-дизайнер де бар. Олар әр түрлі заттармен жұмыс істейді. Дизайнер-суретшілердің кейбіреулері ыңғайлы да әдемі жиһаздар ойлап тапса, енді біреулері сәнді киімдер, әшекейлер, тағы басқа көптеген нәрселерді ойлап табады. Соңғы кездері дизайнерлер үйлер мен бақтарды безендірумен белсене айналысуда. Дизайнер-суретшінің жұмысындағы басты қағидалары — беріктік, қолайлылықжәне әдемілік. Мысалы, қолшатыр адамды жауыннан қорғайды. Сен қолшатырды дүкеннен сатып аларда ол мықты ғана емес, сонымен қатар әдемі болсын деп сұрайсың. Қолшатырдың пішінін де, оның түр- түсін де дизайнер-суретші ойлап табады.

Жұптық жұмыстар

ІІ. Түсіну

Мына суреттегі аққала ойыншыққа ұқсайды. Бірақ бұл — Жаңа жылға арналған май шам. Оны да ойлап тапқан дизайнер-суретші. Дизайнер біздің күнделікті тұрмысымызға сұлулық сыйлайды. Кез келген заттың долбарын жасау кезінде бәрі де маңызды. Дизайнер-суретші заттардың пішінін ойластырып, әсерлі сызықтар мен түс реңктерін іздестіреді. Заттың түсі де оның қандай қажеттікке арналғандығына қарап таңдалады. Мысалы, балалар ойыншықтары айшықты, түрлі түсті болса, көптеген үй тұрмысына арналған бұйымдардьщ түсі, керісінше басыңқы, күңгірттеу болады. Суретшілердің білімі мен талғамы, көрегендігі дизайнерге де қажет. Суреттердегі заттарға назар аудар. Оларда дизайнның барлық қағидалары сақталған ба?

ІІІ. Қолдану

Өз бөлмеңнің ішін дизайнын жаса

Үйлер мен пәтерлердің ішін жабдықтап, безендіру де үлкен талғам мен шеберлікті қажет етеді. Егер өз бөлмең жарық әрі ыңғайлы болсын десең, оны безендіруде жылы түстерді қолдан. Күн сәулесі аз түсетін бөлмені ашық түсті кілем төсеп, терезеге сары перделер ілу арқылы жарықтандыруға болады. Керегелерді жылы түсті бояумен бояған дұрыс. Мұндай бөлмеде көңіл күй де көтеріңкі болады. Егер сен өз болмеңде әрдайым тыныштық пен сабырлылық сезімі орнасын десең, бөлмені суық түстер гаммасында безендіруің керек. Күн сәулесінен қатты ыситын бөлмені салқындату үшін, ондағы жиһаз, перде, кілем және кереге де суық түсті болғаны дұрыс.

ІҮ. Талдау

Дизайн сөзіне интерактивті тақтада кластер жасау

<img width="«100»" height="«48»" src="«file:///C:/Users/777/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/05/clip_image007.png»" alt="«Подпись:" дизайн»="" v:shapes="«Прямоугольник_x0020_224»">

Ү. Жинақтау «Дизайнер» сөзжұмбағы.

1. Әр түрлі заттарды өрнектермен әшекейлеу қалай аталады?

2. Безендіру өнері.

3. Дизайнер-суретшінің негізге алатын нәрсесі.

4. Дизайнер-суретшінің жұмысындағы басты қағидалардың бірі.

5. Бөлмені салқындату немесе жарықтандыруда рөл атқаратын заттың бірі.

<img width="«311»" height="«183»" src="«file:///C:/Users/777/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/05/clip_image009.jpg»" align="«left»" hspace="«12»" alt="«Описание:" описание:="" 7»="" v:shapes="«Рисунок_x0020_213»">

ҮІ. Бағалау

Өз біліміңді тексер.

1. Дизайнер деген кім?

2. Дизайнер-суретші өз жұмысында қандай әсерлегіш құралдарды қолданады?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Мұғалім рефлексиясы_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышҚысқа мерзімді жоспар. Уақыт өлшем бірліктері және үлестері

Физикафизика пәнінен орта және қысқа мерзімді жоспарлар

Қазақ әдебиетіXX гасырдын басындагы казак әдебиеті

БиологияЖорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы (қысқа мерзімді жоспар)

КембриджХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы (ҚМЖ)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084958

Теги: қмж, 2 сынып
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар