Дизайн өнері

15 қаңтар 2016 - Күлзия Есенқызы

                                                                                                                                                             

Токенова Жулдыз Жомартқызы

№56 мектеп-лицейінің бейнелеу  өнері пән мұғалімі

Астана қаласы

 

Сынып:  6 сынып

Сабақтың тақырыбы:     Дизайн өнері.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:                            Оқушыларға  дизайн  жөнінде  мағлұмат  бере  отырып,  

                                               бұйымның  жаңа  үлгісін  дайындауға  үйрету;

Дамытушылық:                 Оқушылардың  бейнелеу  өнері  жайлы  алған

           білімдерін  дизайн  өнерімен  ұштастыра  отырып   

           дамыту.

Тәрбиелік:                            Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,

                                            жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық

                                            талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,

                                            әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.

 

Пән  аралық байланыс:   Өнер.

Сабақтың әдісі:  түсіндіру,  сұрақ-жауап.
 

Құрал-жабдықтар:     ақ қағаз, бояу,  түрлі-түсті қағаз,  қайшы,  желім,  

қарандаш,    картон.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Дизайн   фотосуреттер,  слайд.

 

                                  

                  Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі:

·         Оқушылармен амандасу, түгендеу.

·         Оқушылардың  сабаққа дайындығын тексеру.

·         Жаңа тақырыпты түсіндіру.

·         Тапсырмаларды орындау.

·         Сабақты бекіту.

·         Үйге тапсырма.    

 

ІІ  Үй  тапсырмасын  тексеру.

 

Бейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі -дизайн. Бейнелеу өнерінің  бұл түрі үнемі даму үстінде. Дизайн тек бейнелеу өнерімен шектелмейді, ол өнердің алуан түрінде өзіндік орын алады.                  20 ғасырдың   80-жылдарынан бастап бейнелеу өнерінде жаңа термин, жаңа ұғым пайда болды. Бұл — «дизайн» өнері. Суретшілер қарапайым заттардың жаңа формасын іздестіруді ойластырды. Әрбір бұйымның өте қарапайым әрі әдемі болуын қарастырды. Жаңа тұрмысқа лайықты жаңалықтар енгізуге көңіл бөлді.

Дизайн өнерін елімізде дамыту үшін арнаулы қаулы қабылданды. Дизайн өнерінің терминдік атауы жаңа болғанымен, ол өзі негізінде ертеректен-ақ қалыптаскан.     

        Қазақ халқының қолөнері түрлерінен дизайнды анық көруге болады. Қазақтың қарапайым жіп иіретін ұршығынан бастап дизайн. Ұлттық қару-жарақ, ыдыс-аяқ, музыка аспаптары, сандық пен кебеже түрлерінің  бәрі де дизайндық үлгіде жасалғандықтан дәлелі бола алады. Ал бүгінгі 21 ғасырға қадам басқан жаңа тұрмыстық жағдайға байланысты дизайн өнеріне жаңа қырынан келу мәселесі қарастырылады. Әлемдік мәдениет қатарына қосылу үшін дизайнды жаңа тұрғыдан қарастыру көзделіп отыр.

     Дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік, жиһаздық, компьютерлік  болып бірнеше түрге бөлінеді. Республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән беруде. Өйткені ол өндірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін көтереді. Дизайн заман талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады.

                        Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072361

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар