Шырай

15 қаңтар 2016 - Күлзия Есенқызы

Токенова Жулдыз Жомартқызы

№56 мектеп-лицейінің бейнелеу  өнері пән мұғалімі

Астана қаласы

Сабақтың тақырыбы:  «Шырай»

Сабақтың мақсаты:

1.                  Білімділік: Оқушыларға шырайды түсіндіріп, оларға түстермен жұмыс жасауды және түстік үйлесімдікті таба білуді  үйрету;

2.                  Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында миға шабуыл жасау арқылы ой-өрісін, сурет салуға қолдарын жаттықтырып, дамыту;

3.                  Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ барысында дәлдікке, ұқыптылыққа, ұғымпаздыққа, тазалыққа, сұлулыққа, өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:Сыныптан  тыс сабақ;

Сабақтың әдістері:Ауызша түсіндіру, сергіту сәті, теориялық ойындар, сұрақ-жауап, әңгімелесу;

Сабақтың ресурстары:Слаид, түстердің суреті салынған плакаттар, жұмыс жасауға арналған арнайы құралдар.

Құрал-жабдықтар:(қарындаш, гуашь, акварель, кисть, су кұйғыш);

            Пәнаралық байланыс: Технология, математика, биология, сызу, музыка, география;

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі:

1.      Оқушылармен амандасу ( Сәлеметсіздер  ме құрметті  қонақтар,  сәлеметсіздер  ме оқушылар);

2.      Таныстыру;

3.      Сабаққа бейімдеу;

Сыныптан тыс сабақ.

    Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – «Шырай».  

Шырай(колорит) – түстердің    бір-бірімен өзара үйлесімділігі.          Оған ең қарапайым мысал – кемпірқосақ түстері.

 Кемпірқосақта біз білетін жеті түс бар, олар көгілдір, көк, күлгін, жасыл, қызыл, қызылт сары, сарғыш. Бұл түстер бір-бірімен үйлесіп жатыр.

Түстер жалпы жылы және суық түстер болып бөлінеді. Барлық қызыл мен сары түстердің қатарына жататын түстер жылы түстер, көк пен күлгін түстердің қатарына жататын түстер суық түстер. Барлық түстер үш негізгі түстен шығады, олар: қызыл, сары, көк.

Шырайдың  қарапайым өмірде маңызы зор. Түстер үйлесімдігі арқылы біз сурет саламыз, киім тігеміз. Суретті дұрыс салу үшін, түстерді дұрыс табу үшін әрине үйлесімділік, яғни шырай керек.

Асыл тастан шығады, Өнер жастан шығады.  

Ойын  аламанына  кезек  берейік:   (ойын 3  кезеңнен тұрады)

1-тапсырма:   Қазір көрнекілікпен жұмыс кемпірқосақтың суретіне қараймыз.    Әр ойыншының алдында  бояу құралдары  бар.   Бояуды  қолдана  отырып  кемпірқосақтың суретін  салуға  кезек  берейік.   Қай  ойыншы  бірінші  және  дұрыс   орындайды,  кімнің жылдам екенін тексерелік.

                Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072349

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар